Басы » Tәрбие сағаттары » Мен Елбасымен мақтанам

Мен Елбасымен мақтанам

Батыр. «Мен Елбасымен мақтанам»

«Түркі жұртының мұраты- Мәңгілік Ел» деп осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абызымыз өсиет қалдырған екен. Біз осы өсиетте айтқан Мәңгілік Қазақ елінде өмір сүрудеміз. «Мәңгілік Ел»  идеясы бұл бірден пайда болған сөз емес. «Мәңгілік Ел» Елбасымыздың ерен еңбегінің жемісі.

Жалпы білім беретін №10 орта мектебінде  10-сынып оқушыларының қатысуымен  «Мен Елбасымен мақтанам» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шара еліміздің әнұранымен ашылып, президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлына арнаған жас ақын оқушыларымыздың жүрек жарды жыр-шумақтарымен  жалғасты. Интербелсенді тақтадан Елбасының шетел көшбасшыларымен түрлі кездесулерде түскен  фото суреттері және көшбасшы Назарбаевтың айтқан қанатты сөздері көрсетілді. Іс-шараның екінші жартысында жақында  президент жолдаған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жолдауы талқыланып, қатысушыларымыз бірауыздан қолдау білдіретіндерін  айтты. Бұл,  1-желтоқсан Президент күніне орай бағыт алған іс-шаралар топтамаларының бірі ғана. Алдағы уақытта тәрбие сағаттары  басқа сыныптар арасында жалғасын таппақшы.

Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы ауқымды қадамымыз құтты болып, ұлттық тарихымызды ұлықтайық  және бүгінгі биіктерімізді бағалайық.

 

 

 

 

 

Батырхан КАРАШИНОВ,

№10 орта мектебінің география пәні мұғалімі,

10-сынып жетекшісі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *