Басы » Баяндамалар » ЖЕКЕ ТҰҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

ЖЕКЕ ТҰҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

ЖЕКЕ ТҰҒАНЫҢ  ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ    ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Абибекова Рымгул Қартабайқызы

Екібастұз қаласы,  С.Торайғыров атындағы

 №22 гимназия мектебінің технология пәнінің мұғалімі

Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, ең бастысы ата-ананың балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. (Н.Ә.Назарбаев)                             

Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн».   Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.  Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:

—        оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;

—        жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;

—        ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;

—        жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық, азаматтық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.

Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері. Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жату керек. Халықтық әдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, патриоттық сезім  Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген.

Барған сайын құлашын кеңге жайып,  әлемді  қаусыра  қамтып келе жатқан жаһандану үрдісі жаңа дәуірдің айқын сипаты болып отыр. Бұл үрдіс қоғам дамуының заңдылықтарынан,  өркениет интеграциялануының басым сипатынан, білім беруді интернацаландыру мен әлемдік қауымдастық нысандарының өзара ықпалдасу амалдарынан жылдан-жылға тереңдей түсуде.    Жаһандануға жұтылып кетпей, үйлесімді кірігу дегеніміз – ұлттық сана, рухани байлығыңды, озық салт-дәстүр, тарихи танымыңды сақтай отырып, адамзаттың алдыңғы қатарлы мәдениетін сонымен үлестіре қабылдау арқылы әлемдік қауымдастықтағы өз орныңды табу деген сөз. Бұған жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің тиімділігін арттыру, яғни ұлттық тіл мен әдебиет, мәдениет пен өнерді насихаттау, тарихи зерденің қалыптасуын нығайту арқылы ғана қол жеткізуге болады, яғни жаһанданудың жойқын тасқынына әр елдің ұлттық тарихы мен менталитетін, ұлттық тіл мен әдебиетті, өнер мен мәдениетті дамыту арқылы ғана төтеп бере аламыз
Өскелең ұрпақтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде рухани дүниесі бай, жан-жақты жетілген азамат болып өсуіне тәрбиенің қосар үлесі мол. Халық келер ұрпағын тәрбиелеуде өзіне дейінгі жақсы дәстүр атаулыны жинап пайдаланғанын ескерер болсақ, барлық демократияшыл бағыттағы педагог ғалымдардың көпшілікке ұсынған тәжірибесінен ғибрат алуға болады.
Я.Н.Каменский баланы жастайынан жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу жолдарын, швед педагогы И.Г.Пестолоций «Баланың дүниені түсінуі, отбасынан басталып, мектепте ары қарай жалғастыруы шарт», — деген қағиданы ұсынған, К.Д.Ушинский «Халық педагогикасының тәрбиелік мақсаты мен мазмұны сол халықтың сан ғасырлық тарихымен байланысты, тәрбие көзін халықтың жақсы дәстүрінен іздеу керектігін» айтқан болатын. Болашақ ұрпақтың келбетін айқындайтын біздің абыройлы қызметімізге үлкен міндет жүктелген.
Тәрбие дегеніміз – адамды қайда жүрсе де өз орнын таба алатын, өз мүмкіндігін көрсете білетін, ойын ашық айтып, тыңдай алатын, ықпал ету, көмек көрсету, жанашырлық таныту сияқты адами мүмкіндіктерге ғана қол жеткізу емес, сондай-ақ, өзі өмір сүрер ортада тұлға ретінде танылып, бақытты өмір сүретін адам дайындау. Сонымен қатар, тұлға – рухани адамгершілігі жоғары сезімдері дамыған, талғамы биік, өзінің іс-әрекеттеріне мақсат қоя білер адам — қоғамның ажырамас бөлігі.
Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшеліктерімен бірден дүниеге келмейді, әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру,  тәрбиелеп жетілдіру осы заман ағымына лайықты азамат, білімді, ойлы, өмірге құштар болып өсуіне үлесімізді қосуымыз қажет. Қай заманда болмасын,  жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі, үлгі алатыны тарихи жеке тұлғалар екені белгілі. Әл-Фараби,  Ж.Баласағұн, М.Қашқари секілді ғұламалар еңбектерінің, кемеңгерлік сөздерінің балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруда мәні ерекше.
Дамыған қоғамдағы тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әсер туғызатын әдістер тиімділігі, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынас өздігінен қалыптаспайтындығын кеңес дәуіріндегі педагогтар П.П.Блонский, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, К.Д.Ушинский т.б өз зерттеулерінде дәлелдеп берді.
Қазақстандық белгілі психолог-ғалымдар Ә.Алдамұратов, Қ.Б.Жарықбаев, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, А.Темірбеков, Г.А.Урунтаева, Х.Т.Шерьязданова зерттеулерінде оқыту үдерісіндегі жеке тұлғаның танымдық іс-әрекеті мен қабылдаудағы психологиялық ерекшеліктері туралы құнды ой-пікірлер айтылған.
Бүгінгі таңда жаңалыққа жаны құмар жас ұрпаққа заман талабына сай тәрбие мен білім беру, оны ұлттық құндылықтар арқылы жүзеге асыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ұлттық құндылықтарды құрмет тұтып, тәрбиенің қайнар көзі ретінде қарастыру қай заманда болса да маңызды мұқтаждық ретінде күн тәртібінде тұрары белгілі. Әсіресе, бүгінгі жаһандануға бет бұрып, әлемдік бәсекелестікке, оның талаптарына жауап беру жағдайында бұл мәселенің өзектілігі айшықталып отыр. Елбасының бұл жайлы «толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» деген сөзі баршамызға салмақты міндеттер жүктейді. Сондықтан бүгінгі таңда басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу болып отыр.
Жер бетіндегі өмір сүруші әрбір ұлт өз ұрпағының жан – жақты тәрбиелі және мәдениетті тұлға болуын армандайды. Бала бойына рухани мұраларды сіңіре тәрбиелеудің бірі – ұлттық тәрбие.
Ұлттық тәрбие – рухани уыз. Халық көптеген тәрбиелік дүниелер туғыза отырып, олар арқылы баланың жеті қырлы, бір сырлы болып қалыптасуын қамтамасыз еткен. Әр халықтың болашағы жастарына тәуелді. Егер әр халық жас ұрпағын өзінің ұлттық рухымен тәрбиелемесе,онда ол елдің болашағы бұлыңғыр болмақтығын бүгінде ғалымдарымыз баспа  беттерінде жиі жариялап келеді. Өйткені ұлттың  барша  мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал жастар оны кейінгі буынға сол бай мұраны тапсырмаса, онда ұлттық атау біртіндеп жоғалары сөзсіз.
Сондықтан еліміздегі үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттық мәдениет, өнер және қолөнер негізінде біліктілік пен іскерлік қалыптастыру, мәдениеттілікке баулу, адамзат қоғамында бұрын соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу қажеттілігіне баса көңіл бөлу керектігіне мән берілген. Осыған байланысты болашақ маман бойында кәсіби мәнді сапалардың қалыптасып, ол тұлға дамуымен ұштасып, нәтижесінде жас ұрпақтың біліктілігі мен іскерлігін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі артады. Аталмыш мәселенің әсіресе ел болашағының кілтін ұстап отқан жас буын – мектеп оқушылары үшін маңызы айрықша.
Алайда қолөнер бұйымдарын жасап үйрену, сол арқылы оқушылардың қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының тарихы, дәстүрі мен тіршілік ету, ойлау жүйесі туралы рухани негізін дамыта отырып, білім меңгеруге, еңбек етуге үйретуге қажет. Осы орайда қазақ халқының қолөнерін дәріптеу, оған мектеп оқушыларын баулу, шеберлігін дамытудың маңызы ерекше. Қазақ халық қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзінің күнкөріс тіршілігіне қажетті үй-жәй салуды, киім — кешек тігуді, азық — түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе — күн тіршілік барысында орынды пайланса, әсем бұйымдар жасап өмір де, сән — салтанатта құра біледі.
Оқушы  шеберлігін дамыту мәселесі іле де терең зерттеуді қажет ететіндігін айқындадық.  Сонымен қолөнер бұйымдарын жасату технологиясын қазіргі замануи талаптар негізінде оқушылардың шеберлігін дамыту жүзеге асыру мен педагогика ғылымында бұл мәселенің қажетті деңгейде зерттелмеуі арасындағы;  сонымен қатар орта білім беретін білім мекемелерінде бұл проблеманы ендіруге байланысты педагогика ғылымының теориялық негізі мен олардың шешімін табуға мүмкүндік туғызатын оқу-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасындағы шешілуге тиіс мәселелерді топтау арасында қарама-қайшылықтары бар екендігін байқатты.

Оқушының шеберлігін қалыптастыру мақсатында қазақ халқының қол өнерін оқытуды ұйымдастыру: мұғалімді оқушылардың ақыл-ойы мен практикалық іс-әрекетін белсендендіретін және олардың жүзеге асуын қамтамасыздандыратын оқыту формаларына, әдістеріне бағдарлауға; оқушылардың қазақ халқының қол өнерін үйрену барысындағы іс-әрекетін ұйымдастыруда орындаушылық іс-әрекетінің шығармашылық ізденіспен ұласуына; қазақ халқының қол өнерін үйрету процесінде технологиялық мәдениеттің барлық компоненттерін дамытуға; оқушыларды қазақ халқының қол өнер түрлерімен жұмыс жасауда мақсат қоя білуге, ақпарат алып, оған талдау бере білуге, жұмыс сапасының өлшемдерін анықтауға, техникалық құжаттарды жасауға қажетті материалдарды, құрал-жабдықтарды сұрыптауға, жоспарды құра білуге, технологиялық тапсырмаларды ұйымдастыруға және орындауға, іс-әрекет нәтижелерін бағыттап, бақылауға, өзіндік талдау мен өзіндік баға бере білуге үйретуде; қазақ халқының қол өнер түрлерін жасау процесінде оқушылардың оған деген қызығушылығын, сұранысын арттыруға, онымен әсерленуіне; қазақ халқының қол өнер түрлерін меңгеру барысындағы іскерлігі мен дағдысын мақсатты бірізділікте, кезеңдеп қалыптастыруға; мұғалім, оқушылар мен ата-аналардың ынтымақтастық қарым-қатынаста, ынтымақтастық шығармашылыққа жұмыс жасауына; мұғалімнің оқу материалдары мен қазақ халқының қол өнер түрлерін оқыту әдістемесін ұдайы жаңартып, жетілдіріп отыруына ықпал етті.
     Дүниежүзілік бәсекеге түскен белсенді қоғамымыз ұрпағының енжар, самарқау болғанын көтермейді. Қазіргі кездегі мақсат – жан – жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой – толғаны бар, адамгершілігі жоғары қабілетті, қарымтап алға басқан өмір ағымына ілесіп, өз мүддесі мен халық мүддесін қатар алға алып жүретін ойлы, ұғымтал, көреген, ынтымақшыл,  жауапты, іскер жеке тұлғаны қалыптастыру. Бүгінгі мұғалім жылына бір – екі рет өткізілер ашық панорамалық сабақтарды ғана емес, кез келген дәрісте оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етуі қажет. Қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы қалыптасқан оқушыны дайындау арқылы ғана ісіміздің оңға басатынын ұмытпағанымыз жөн. Бала жүрегінің пернелерін дәл табу оңай емес. Бүгінгі мұғалім шәкірттерді қаталдықпен емес, мейірім шуағымен, ағыл – тегіл білімімен ғана баурап ала алады. Сабақ жүргізу барысында мұғалімнің барлық оқушыға бірдей талап қойып, олардың жеке қабілеттерін ескермеуі ұтымсыз екені айтылып келеді. Шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушылар үшін бұл талап тиімсіз екендігі өз алдына, біз олардың алдына балта шауып, өз қабілеттерін жарыққа шығаруына тосқауыл болуымыз кәдік.

       Тәжірибе – қашан да тағылым көзі. Мұғалім түрлі жұмыстар атқарып, оны көпшілікке ұсынып, жалдатып, пікірін біліп отырса, сонда ізденіс болмақ. Осы орайда, шәкірт жүрегіне жол табар билікті, қадірлі ұстаз болу үшін мұғалімнің үнемі ізденіс үстінде болып тұру керектігін ескере келіп, оның шығармашылықпен,  ғылыми – зерттеу жұмыстарымен ұдайы айналысып отыруы, күнделікті сабақ жоспары секілді, оқытушыға аса қажет дүниенің бірі екендігі туралы айта кету орынды. Жақсы ұстаз өзі біліп қана, сол білгендерін шәкірттеріне үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар, оқушы бойындағы қабілетті дәл тауып, оның сол талантының ашылуына ұйытқы бола біледі. Яғни,  «Бұлақ көрсең көзін аш».

Сонымен, қорытындылай келе, осындай халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды өздеріңіздің талмай, қажымай еткен еңбектеріңіздің арқасында дарынды да тәрбиелі оқушылардың бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтауға деген  ұлттық азаматтықы сезімді қалыптастыруға бір кісідей атсалысайық!

 Пайдаланған әдебиеттер

  1. 1.      

 

 Екібастұз қаласы,   С.Торайғыров атындағы  №22 гимназия мектебінің технология пәні мұғалімі Абибекова Рымгул Қартабайқызы

«Жеке тұлғаның қалыптасуындағы ұлттық қолөнердің тәрбиелік мәні» баяндама тақырыбына  АННОТАЦИЯ

 

        Бұл баяндамада еліміздегі үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттық мәдениет, өнер және қолөнер негізінде біліктілік пен іскерлік қалыптастыру, мәдениеттілікке баулу, адамзат қоғамында бұрын соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу қажеттілігіне баса көңіл бөлу керектігі  айтылған.

      Бүгінгі таңда жаңалыққа жаны құмар жас ұрпаққа заман талабына сай тәрбие мен білім беру, оны ұлттық құндылықтар арқылы жүзеге асыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр.

Осы айтылғандар жөнінде нақты іс-шаралар жүзеге асырылса,  ата-бабаларымыздың алдындағы парызымызды өтегеніміз болып саналады»-деген ойын, тұжырымдамасын, түйіндемесін де айта білген.

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *