Алматы облысы
Райымбек ауданы
Ө. Жаңабаев атындағы орта мектеп
Сүйербаева Жазира Еділқызы
Сабақтың тақырыбы : Есеп шешу 10-нан азайту кестесі.
Сабақтың мақсаты :
Есеп шештіре отырып «қанша қысқа » ұғымын түсіндіру
Оқушылардың ой- өрістерін, логикалық ойларын дамыту.
Ұқыптылыққа, жинақылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, ізденушілік, проблемалық, салыстыру
Сабақтың көрнекілігі : ойын элементтері, тірек сызба, үнтаспа, бейне таспа.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Үн таспамен ән айту.
Біздер келер шамамыз
Бестен үшті аламыз
Төртті бөліп екіге
Жауабын тез табамыз ?
Қай пәннен есеп шығарамыз ?
— Математикадан.
— Яғни қазір бізде математика сабағы
— Кәне бәріміз оқу құралдарымызды алып, сабаққа даярланамыз.
Балалар, мен сендерге сабақ беруге келе жатқанымда, маған қараторғай құсы мына таспаны беріп жіберді, кәне, бәріміз көріп жіберейікші.
ІІ. Білімді тексеру
— Сайқымамазақ : Балалар мен математика пәнінен қиналып жатырмын.
Ө.Жаңабаев мектебінде 1 «а» сыныбының оқушылары шетінен математика пәнінен жақсы оқиды дейді. Мен сендерден көріп үйренейін.
— Балалар сонымен көмектесеміз бе ?
— Ендеше тапсырмалар орындайық.
Үндемес ойыны :
6+4 = 10 6+3 = 9 4+2 = 6
5+2 = 7 10 – 2 = 8
Өрнектің мәнін көтереді.
Тақтаға үш оқушыны шақыру
2- қосылғыш 3 болатын қосындыны өсу ретімен жаздыру.
Азайтқышы 7 болатын айырманы кему ретімен жаздыру
Азайғышы 6 болатын айырманы өсу ретінде жаздыру
ІІІ. Жаңа тақырып.
Ұрған сайын секірер.
Ол не ?
— Доп.
— Доп неге ұқсайды ?
— О-ге.
— Кәне бәріміз он санын құрастырайық 10-10
Кәне, азайғышы 10 болатын айырмалар атайықшы
10- 0 = 10 10-3= 7 10- 6 = 4 10-9 = 1
10-1 = 9 10- 4 = 6 10- 7 = 3 10- 10 = 0
10-2 = 8 10-5 = 5 10- 8 = 2
— Мәндеріне қарайық қандай ретпен жаздық ?
— Кему ретімен.
Азайтқышы 10 болатын айырма құрастыру 10 – 10 = 0
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім барлығын
Болып шықты он саусақ.
Бізде қонақтар бар екен.
Мынау кім ?
— Дымбілмес
І. Дымбілместің қатесін табу.
ІІ. Үлкен- кіші санды салыстыру.
ІІІ. 10 айырмашылық табу.
Есеп шешу.
Қысқаша берілгені
Неше қысқа
Қ – 10 см Ш. 10 -5= 5
Көк- 5 см Ж : 5 см қысқа
Мына айырмаларды оқимыз.
3-0 = 4 8- 3 = 5
6-2 = 4 10- 4 = 6
Cергіту сәті
Билету. Бала- бала балақан
Кәне қайсы алақан
Саусақтарың әйбәт
Былай-былай ойнап.
Дәптермен жұмыс.
Тірек сызба бойынша есеп құрастыру
Менің бояуларымның саны – 9, ал өшіргіштерім — ? 4-еуі кем.
Өшіргіштерім нешеу ?
Ш: 9-4 = 5 Ж. 5 өшіргіш
2. 5 + 4 = 9 5-2 = 3 8-4 = 4
4- 3 = 1 7 – 6 = 1 10 – 6 = 4
3. Ұя қасы қараторғайдыкі.
Ойын түрінде.
4+4 = 8 1-ші қараторғайдікі.
Оқушыны тексеріп өзін-өзі таныстыру
ІУ. Сабақты қорыту.
— Балалар бір санының ұзындығынан екінші санның ұзындығының қысқалығын табу үшін не істейміз ?
— Үлкен саннан кіші санды азайтамыз.
— Азайтқышы 10 болатын неше айырма құрауға болады ?
— Ал енді сайқымазағымызды тыңдайық.
Сайқымазақ :
— Балалар, сендерге көп рахмет сендер маған көп нәрсе үйреттіңдер.
— Бұдан былай менде сендер сияқты болуге тырысамын.
У. Бағалау.
Жұлдызша көп алған баланы, төртбұрыш алған балаларды атау.