Алматы облысы
Райымбек ауданы
Ө. Жаңабаев атындағы орта мектеп
Сүйербаева Жазира Еділқызы
Сабақтың тақырыбы : Қазығұрт тауы
Сабақтың мақсаты : 1. Қазақ халқының өмір сүрүінде өзіндік маңызы бар.
Төрт түлік малдың қасиетін насихаттау, Қазығұрт
Тауы өлеңінің негізгі ойын ұғындыру.
2. Оқушылардың тіл байлығын , ой-өрісін, ой ұшқыр-
лығын дамыту. Мәнерлеп оқу дағдыларын қалып-
тастыру.
3. Өз елінің тарихын тануға, бағалай білуге, елін, жерін
Сүюге, төрт түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдіс- тәсілдері : Сөздік, көрнекілік, проблемалық.
Сабақтың көрнекілігі : Интерактивті тақта, слайд, интернеттен
алынған материалдар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Туған тілім-бабам тілім –өз тілім,
Туған тілім-далам тілім – өз тілім,
Туған тілім – анам тілім –өз тілім,
Туған тілім – адам тілім- өз тілім.
— Туған ана тіліміздегі түрлі шығармалардың сырын ұғындыратын пән қай пән ?
— Әдебиеттік оқу.Пәнге даярлау.
ІІ. Білімдерін тексеру.
Төрт түлік мал жайлы білетіндерін сұрау.
Төрт түлік мал |
Жесе тамақ Ішсе сусын
Кисе киім мінсе көлік алса сүт өнімдері
Топтастыр стратегиясымен жұмыс жүргізіп төрт түлік мал жайлы білетіндерін сұрау.
Төрт түлік төлдері, төрт түлік пірлері
ІІІ. Мақсат қою кезеңі
Бүгінгі өтілетін тақырыпты, негізгі тақырыптағы ойды таныстыру.
Төрт түлік малдың қадір-қасиетін ата-бабаларымыз ұғынып, оларды айырықша қастерлеп күтіп баққан. Олардың иесі бар деп сеніп, мал-жанның амандығын сұрап, сол иелеріне жалынып, жалбарынған, табынған, қазақта «Мал-жан аман ба ?» деген сөз содан қалған.
ІУ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Ендеше біз бүгінгі сабақта төрт түлік малдың шығу тарихына жазылған аңызды оқып танысамыз.
Слайдпен жұмыс.
А) Кіріспе әңгіме.
— Республикамыз қалай аталады ?
— Елордамыз қай қала ?
Дүниежүзі бойынша жер көлемі жөніне 9- орын алатын жеріміз ұлан-байтақ жерді алып жатыр.
Қасиетті мекеніміз тарихи қойнауларға толы, шежірелі, киелі мекен. Біз оны мақтан етеміз.
Республикамыз 14 облысқа бөлінеді. Бүгінгі сабақта біз танысқалы отырған жеріміз Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Оңтүстік Қазақстан жайлы болмақ. Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт деп аталатын ауданында Қазығұрт деп аталатын киелі түйенің өркеші ұқсас тау бар.
Жер әлемді топан су қаптағанда Нұқ пайғамбардың кемесі осы Қазығұрт тауының үстінде қалып, тіршілік қайта жанданып көбейген деп аңызға айналған екен. Оны бүгінгі Қазығұрт тауы деп аталғанын аңыздан білесіңдер.
Ә) Өлеңді бір оқушыға мінерлетіп оқыту.
Б) Өлеңнің мазмұнына талдау жасау.
Төрт түліктің пірлерін таныстыру, атату, дәптерлеріне жаздыру.
В) ойын «Адасқан төлдер» Енесіне адасқан төлдерді бір-біріне қосу арқылы табу.
Г) Сергіту сәті
Төлдер әнін айту
Ғ) Мәтінмен жұмыс.
Оқыту, талдау. Төменде берілген сұрақ- тапсырмалармен жұмыс жүргізу.
У. Сабақты қорыту.
— Сонымен бүгінгі сабақта қандай киелі мекен жайлы білдік ?
— Онда Қай пайғамбардың кемесі қалыпты ?
— Ол туралы қандай аңыз біліңдер ?
— Төрт түлік малдың пірлеріне неге жалбарынған ?
УІ. Үйге тапсырма беру.
Өлеңді жаттау. Дарынды оқушыға Нұқ пайғамбар жайлы дерек жинап келуге беру.