Басы » Информатика » Физика, информатика лидері

Физика, информатика лидері

       Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылы
Ш.Т. Еркінов атындағы орта мектебі   
        Информатика пән мұғалімі
Тапаева Бақтыханым Төлеубайқызы 
Тақырыбы: «Физика, информатика лидері»
Мақсаты:
1) Оқушылардың білімін жүйелеу.
2)Оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білім дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.
3) Еңбекк, өзін – өзін басқаруға, ұйымшылдыққа және дәлдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі. Интерактивті тақта
Түрі: сайыс
Қатысушылар: 9-10-11 сынып оқушылары. 
Жүргізуші:
Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ- қазылар оқушылар! Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан физика информатика пәндерінің « Физика инфрпматика – әлем кілті » атты апталығына қош келдіңіздер! Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 9,10,11 сынып оқушыларынан құралған топтар
« физика информатика лидері» атты сайыста білімдерін сынамақ. Олай болса  ойыншыларымызды таныстырайық. Әр сыныпта екі оқушыдан шығады.
«Физика» тобы«Информатика» тобы
Әділқазылар мүшелері:
1-жүргізуші:
-Уа халайық, халайық,
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Есеп шешіп, жарысып
Жұмбақ шешіп аңдасып.
 
2-жүргізуші:
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық.
 
1-жүргізуші:
Асып әсте сасайық
Батыл қадам басайық
Еркінді билеп барынша
Жарыста сірә, қалыспа
Кеш қызығын ей, достар.
Осылайша шабытпен
Кәне енді бастайық.
 
2-жүргізуші:
Мұнда қызық табылар
Жаңылтпаш жұмбақ бәрі бар
Айтыс, тартыс тағы бар
Сөз жұмбақта, сан жұмбақ
О-о-ой, бір қызық кеш болар
Өздріңмен бес болар.
Жүру барысы:
І-тур: «Жұлдыздарға сапар» Әр командалар өз – өздерін таныстыру.
ІІ-тур: «Сен білесің бе? Сұрақ – жауап
ІІІ-тур: «тарихқа шолу» Сұрақ жауап
ІҮ-тур: «Әзіл шыны аралас» Сұрақ – жауап
Ү-тур: «Көрініс» Әр топ өз аттарына байланыстырып көрініс көрсетеді.
ҮІ-тур: «Қызықты физика» тәжірибе жасау.
 
 
1-жүргізуші: Бүгінгі кешке барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық  болып көрінетін екі егіз пәннің мектебіміздегі алыптарын ортаға шақырайық.
Кезек келіп, өжеттеніп, сөз аппын
Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн!
Тегіміз бір – батырақ та, бай да емес
Емеспіз бе, азаматы қазақтың! –демекші.
 
І-тур: Жұлдыздарға сапар» Әр командалар өз – өздерін таныстыру.
Мұнда әрбір команда өздерін таныстырып, әділ қазыларға, көремендерге және қарсыластарына сәлем береді. Ал енді  сөз кезегін ойыншыларымызға берейік.
«Информатиктер» тобы
Армысыңдар бүгінгі кешке жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Копютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойнымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толдғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық
«Физиктер» тобы
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Физика елінде
Физика тілінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыттасып шалқысып
Есеппен ән шалысып
Көңілджі кеш жасайық
Жұмбақ шерді жасайық
Ат салысып, аянбай
Бар өнерге басайық.
 
2-жүргізуші:
Асып тасып асықпа, қалыспа сен,
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Шапсаңдық бұл сайыста керек екен- деп, елнсі бөлімізді бастайық.
 
ІІ-тур: : «Сен білесің бе? Сұрақ – жауап

Информатика қандай ғылым? (ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу, және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылым пән)
Су неліктен отты өшіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
Компьютердің құрылғылары нешеге бөлінеді және оларды ата (2-ге негізгі және қосымша)
Неліктен рельстер арасында саңылау қалдырады? (жазды күні күн ысығанда рельс ұзарады, ал қыста қысқарды, сондықтан)
Ақпараттар ағынын, есінде мро сақтайды. Оқушылардың сенімін, ол әркез ақтайды (процессор)
Таксиге ақшаны жүрілген жолға төлейміз бе, әлде орын ауыстырғанда төлеймізбе? (Жолға)
Кішкене ғана саусаққа, ұқсайды ма білмеймін. Сақтай алар өзіне қызық дүниені. (Флэшка)
Бөлме t — да суды қалай қайнатуға болады? (Су бетінің ауасын сорып аламыз, яғни қысымды азайтамыз)
Аналиликалық машинаның жобюасын жасаған кім? (Ж: 1834 жылы оқымысты Чарлз Бэббидж «аналитикалық машинасының» жобасын жасады)
Маса мен шыбынның қайсысы қанатын тез қағадыв? (маса)
1-жүргізуші:
Ойын толқын айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста – деп,
 
ІІІ- тур: ІІІ-тур: «тарихқа шолу» Сұрақ – жауап
Физика саласы бойынша
ІҮ ғасырда өмір сүрген, Платонның оқушысы, Александыр Македонскийдің тәрбиешісі, философия, астраномия, механика, оптика ғылымына еңбегі сіңген ғалым. (Аристотель)
Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші кернеу, кедергі арасындағы заңіды теория жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде дәлелдеген? (Ом)
1643 жылы тәжірибені бірінші рет шәкірті Вавиани жасаған, ауаның салиағын, атмосфералық қысымды есептеген ғалым? (Торричелли)
Дәлелденген формуласы бар, математика, страном, өзінің табысына шаттанып «Эврика, эврика» деп айғайлаған ғалым? (Архимед)
Өзінің барлық саналы ғұмырын слам дінімен арнаған ұлы бабамыз «Ғалым шындық жолынан таиса адам баласын апатқа ұшыратады» деген «Әлемнің екінші ұстазы» аталған ғұлама? (Әбу – насыр әл – Фараби)
Ең бірінші қазақтың ұшқан ғарышкер кім? (Т. Әубәкіров)
Информатика саласы
Ол Windows – бағдарламасымен бүкіл әлемге компьютердің жаң қызметін ашып берді? (Билл Гейтс)
Олең алғашқы программашы ғлым? (Ада лавлейс)
Ол ХІХ ғасырдағы ең бірінші есептейтін программаларды құрды? (Чарлз Беббидж)
Ол ең алғашқы электорнды есептеуіш машинаны шығарды? (Джон нейман)
Бірінші советтік ЭЕМ – ға 1950 жылдары басшылық жааған академик ғалым? (С.А.лебедев)
17 ғасырдың аяғында логрифм кестесін құрған шотландиялық ғалым? (Джон Непер)
 
 
Жүргізуші:
Білімдіден шығады алғыр, шешен,
Шешендіктен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы
Қалмасыншы бұл кеште сенің есең.
 
ІҮ-тур: «Әзіл шыны аралас» Сұрақ – жауап
Оқушы программалаудан Windows95, Windows ХР,DOS операциялық жүйелерінің айырмасын түсіндіруді сұрады: программалаушы оған:

Аэропортқа келдің дейік. Ұшуға дайындалып тұр, ішке кіресің кілем, күшті орындықтар, шамдары жарқырап тұр. Жолаушылар отырған соң, ұшақ аэропртты бір айналды да, қайта қонып жолаушылапрдың одан шығуын сұрады. (Windows ХР)

Келесі орындықта тағы бір ұшақ тұр, оған жолаушылар отырған соң, ол аэропортты бір айналды да жарылып, жерге құлады. Бұл  Windows 95
Ал үшіншісі ұшақтың түрі нашар, сырты кір, дөңгелектері де қисайған секілді. Жолаушылар жүректерін ұшаққа тиеп, өздері оны итеріеп от алдырып, ішіне секіріп мінген соң, ақырын ұшып барып барар жеріне жетеді. Бұл – DOS деп түсіндіріледі.

Ұшақ семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері 80 митут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (Екеуі тең)

Елеуішпен су әкелуге болама? (Болады, қар мен мұз күйінде)

Дүниедегі ең жүйрік не? (Ой, қиял)

Кім барлық тілде сөйлейді? (Жаңғырық)

Алы метірлік бөренені 5 рет кесіп, тең  бөліктерге бөлген, әр бөліктің ұзындығңы қандай? (1 метр)
Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан 2 есе артық болады. Ол қанша жаста? (Үште)

5 адам кездесіп қалып бір-бірімен қол аласып амандасты. Барлығы қолаласу саны қанша? (10)
Ү-тур: «Көрініс» Әр топ өз аттарына байланыстырып көрініс көрсетеді.
Жүргізуші:                 
Бұл адамдар ардақтаған халықты
Физикада даңқы шыққан алыптар
Қара, ойлан зерек болсаң байлыққа
Алыптарды әрқашанда танып қал
Көрініс: Нютон туралы Ән шашу:

Физика (Ана туралы жыр әнінің мотивімен)
Әлемді тартылыс
Күштен сен сыйладың
Ауырлық, үйкелеәіс
Күшін сен сыйладың
Сыйладың сен маған
Тұрақты сандарды
Ом менен Нютонның
Әр түрлі заңдарын
Электр қуатын сыйладың сен маған,
Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған
Сенсіз бұл өмірде жүруде жоқ маған
Сенсіз бұл өмірде жоқ маған.

Информатика
Ұстазда, шәкірт те бас иетін,
Коипьютер, бакр сенің қасиетің
Бір емес бірнеше іс атқаратың
Ақпарат, ақпараттық әрекетті
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің талап жатқан толқынында
Өзіңді өзгелермен бер көресің
Ақпарат, ақпараттық әрекетті
Жүзеге асырасың бас ұрасың

Жүргізуші:
Айналайын алға ұмтылған дарындар
Айналайын жеңіс құшқан қырандар
Бізден қиын жағдаларды сұраңдар
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

ҮІ-тур: «Қызықты физика» тәжірибе жасау.
Әр топ өздері дайындап әкелген тәжірибелерін көрсетеді.
Жүргізуші:
Сайыста түскенменен топ балалар,
Ішінен жүйрік шыққан, орын алар
Ендкеше бүгінгі өткен сайыстың да
Бабы мен бағы жанған баласы бар
Олай болса, ортаға шақырайық
Есімін баршаңызға танытайық
Ерекше білімі мен білігі үшін
Алғыс айтып, қошемет танытайық
Сонымкен біздің екі қызықты ғылым туралы кешіміз аяқталды. Әдіол қазылар алқасына сөз беріп, ойнымыздың жеңінпазы атанған топпен танысайық.
Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *