Алматы облысы
Панфилов ауданы
Қорғас орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Кененбаева ГульбануСейткожаевна
Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жүйесінің ағзалары.
Мақсаты:1. Ас қорыту жүйесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Ас қорыту жүйесінің адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту, ас қорыту мүшелерінің қызметі туралы білімдерін кеңейту.
- Жаңа материалды қабылдай отырып, оқушыларды өз бетімен білімін толықтыру, ойлау, синтездеу, талдау, қорытындылау, нақтылау қасиеттерін дамыту. Ой – өрісі мен білімге деген белсенділігін дамыту:
Өз денсаулығын сақтауда жинақылыққа және зейінділікке үйрету. Салауатты өмір сүруге және дұрыс тамақтануға білуге тәрбиелеу.
Жоспарланатын нәтижелер:
Пәндік нәтижелер: ас қорыту жүйесін; адам ағза мүшелерін, олардың маңызын білу; салауатты өмір салтын сақтау;
Тұлғалық нәтижелер: салауатты өмір салтын сақтауынан өз-өзіне қызмет етуінен, өз ағзасын күтуінен көрініс табуы тиіс.
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер: алған ақпаратты талдап, жинақтап, қорытынды жасау білігінен; танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен көрініс табуы қажет.
Жұмыс түрі: жаңа білім беру, баяндау, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, топтық жұмыс.
Қажетті құралдар: «ас қорыту жүйесі», «зәр шығару жүйесі» плакаттар: оқулық, проектор, кестелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, бейнелеу өнері, музыка.
Өзекті сұрақ: Ас қорыту жүйесінің маңызы қандай? Ас қорыту мен зәр шығару жүйесі бірлесіп қалай жұмыс істейді?
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
II.Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.
Өтілген тақырыпты қорыту және жүйелер.
— Өткен сабақта біз не туралы айттық? (Тыныс алу мүшелері)
— Тыныс алу мүшелерінің маңызы қандай?
— Тыныс алу жүйесі қай жүйелермен бірлесіп жұмыс істейді?
1.Мұғаліммен бірге жұмыс. Сызба құрастыру.
- — Адам не үшін тамақтанады?
III.Білімді белсендіру.
— Ондай болса, балалар, бүгін «Ас қорыту мүшелері, оның қызметі» туралы оқып білеміз.
Тақтадағы «Ас қорыту жүйесінің» суретімен жұмыс жасаймыз.
Ол үшін өзіміз жеген жеміс-саяхатшы Алманың жолын бақылайық! Біз де Алмамен бірге саяхат жасайық! «Алманың саяхаты» ойыны.
— Саяхатшы Алма сендерге жұмбақ жасырады. Кәне, шешейік!
Қатар-қатар тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (Тіс пен тіл)
— Алма алдымен қайда барады екен? (Ауыз қуысынан) №1 сурет
— Ауыз – ас қорыту жүйесінің басы. Ауыз қуысында ас (алма) тістің көмегімен ұсақталады, үгітіледі. Сілекей бөлініп, тағам ылғалданады. Тіс – адамның ең қатты мүшесінің бірі. Қалай ойлайсыңдар, адамда неше тіс бар? Оны сақтау үшін не істеу керек?
— Оқушылар жауабы (күніне екі рет жуу, ыстық немесе қатты суық ішпеу, тіс дәрігеріне көріну, адамда 32 тіс бар… )
— Тістен басқа ауыз қуысында не бар? (Тіл)
— Тіл бұлшық еті қандай? (мықты, иілгіш) Ауыз қуысына түскен астың жылжуы бұлшық етті тіл арқылы жүзеге асырылады.
— Тамақтың дәмін не арқылы сеземіз?(Тілдің көмегімен )
— Сілекейге араласқан тамақ қайда түседі?
— Жұмсартылған тағам ауыздан өңешек түседі, ал өңеш өзінің бұлшық етінің көмегімен оны асқазан жаққа қарай итеріп түсіреді.
— Ас ло жерде не істейді деп ойлайсыңдар?
— Олар асқазанда араласады, қорытылады және белгілі бір уақыт аралығында сонда сақталады.
— Одан әрі қайда барады? (Ашішекке)
— Ашішекте ас қорытылады және қоректік заттар қанға сіңеді.
— Қорытылмаған тамақ тоқішекке кетеді. Одан әрі ол тікішек арқылы сыртқа шығады.
— Өздерің байқағандай ас қорыту жүйесі күрделі үдеріс екен.
Оқулықпен және дәптермен жұмыс
А ) Мәтінді жұптасып оқу, бөліктерге бөліп оқу.
Ә) Дәптердегі тапсырманы оқулықтың көмегімен орындау.
Б) Сұрақтарға жауап беру.
В) Өзара бірін-бірі тексеру
Г) Суретпен жұмыс жүргізу
Өздік жұмыс (жеке орындалып, топқа талқыланады).
Семантикалық карта толтыру («+», «-» таңбамен толтырылады).
Тапсырмалар |
+ |
— |
Ас қорыту ауыз қуысынан басталады. | ||
Тіс жұмсақ және қара түсті болады | ||
Жеген тамақ тістеледі, шайналады, сілекеймен шыланады. | ||
Асқазаннан өңешке өтеді | ||
Ашішек ас қорытатын сөл бөледі | ||
Қорытылмаған тамақ тоқ ішекке өтеді | ||
Қорытылған заттар қанға өтеді | ||
Зиянды заттарды ұдайы бөліп шығаратын негізгі ағза — бүйрек |
Топтық жұмыс.Тапсырма. топ мүшелерімен талқылау, тақта алдында жобаларын қорғау және дәлелдеу
1-топ: Тісті сақтау және оны күту жолдарын талқылау.
2-топ: Ас қорыту жүйесі жақсы жұмыс істеуі үшін….
3-топ: Зәр шығару жүйесінің маңыздылығы.
IV.Білімді сұрақ-жауап, талқылау арқылы бекіту.
Өзекті сұрақ: Ас қорыту жүйесінің маңызы қандай?
Ас қорыту мен зәр шығару жүйесі бірлесіп қалай жұмыс істейді? (Талқылау).
V.Сабақты қорыту
- 1. Ас қорыту жүйесі қалай жұмыс істейді?
2. Зәр шығару жүйесі қалай жұмыс істейді?
VI.Рефлекция
- Мен……. үйрендім
- Мені…….. таңғалдырды
- Менің әлі де білгім келеді………….VIII.Үйге тапсырма беру