Басы » Tәрбие сағаттары » Тіл тағдыры ел тағдыры

Тіл тағдыры ел тағдыры

Балхаева Гаухар Науайқызы
Жаңаөзен политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы
 
Тақырыбы:     «Тіл тағдыры ел тағдыры»

Мақсаты:      Ана тілінің қадыр қасиетіне, болашағына қамқор болып, өз
үлесін қосуға тәрбиелеу. Ұлы ақын жазушылардың сөзін
түсіне  білу, алған    білімдерін дамыту. Өлеңдерді мәнерлеп
оқуға,  мақал – мәтелдерді  тиімді  пайдалануға, өз Отанын
қорғай білуге   баулу.

Көрнекілігі:     слайд, нақыл сөздер

Түрі:                  сайыс сабақ

Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды екі топқа бөлу.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін «Тіл тағдыры — ел тағдыры» атты  сайысымызға қош келдіңіздер! Тіл қоғамдағы қарым қатынас құралы.
Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.
Ж.Аймауытов «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді  түсіну мүмкін емес. Ана тілі  жүректің терең сырларын, халықтың
басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап
отырған  қазына» деген. Міне, осы дана аталарымыздың сөздеріне
терең түсіністікпен қарай отырып, сайысымызды бастаймыз.

Сайыс шартымен таныстыру.
Тапсырмаларға дұрыс жауап беру керек. Ең жоғарғы ұпай саны 5 балмен есептеледі. Ұпай саны жоғары болған топ марапатталады.
   Өтілу барысы:
І бөлім. «Сырлары көп білімнің»
«Көп ойлан, жақсы сөйле – нұсқа  болсын,
Сұраса – жауабың  да қысқа болсын»
Ж.Баласағұни
 
    Тапсырма: Ұлағатты ұлттық ұғымдарға және пәнге байланысты
сұрақ – жауап.
«Жас қыран» тобына:
1. Жеті қазына (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл – білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен    мылтық, жүйрік тазы)
2. Қазақша ай аттарын ата (наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз,
қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан)
3.Автоматтандыру дегеніміз не? (адамның қатысуынсыз қызмет ететін технологиялық процестің басқару жүйесінің принциптерін құрайтын ғылыми сала)
4. Басқарудың түрлерін ата (автоматты, дистанционды, жергілікті және қолмен басқару)
5. Үш арыс (Сәкен, Бейімбет, Ілияс)

«Жас ұлан» тобына:
6. Бес қару (Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
7. Нешінші жылы және кім автоматты реттегішті ойлап тапты? (1765ж. И.М.Ползунов)
8. Қандай схемаларды білесің? (оперативті, монтаждық, принципиалды және т.б.)
9. Алты игілік (денсаулық, қазына, дос, әйел, білім, бала)
10. Төрт мұрат (дау мұраты – біту, саудагер мұраты – ұту, қыз мұраты – кету, жол мұраты – жету) (Сырым батыр)

ІІ бөлім. «Сүйемін туған тілді».
Тапсырма: Тіл туралы өлеңді мәнерлеп оқу. Оқитын өлеңінің авторын айту керек. (Уақыт беріледі.)

«Жас қыран» тобына:
Тіл деген  – алып мұхит түбі терең,
Піспегі толқын шашқан күбі ерен.
Қадірін тілдің сұра сақаулардан,
Көзіне жас алып бір күбірлеген.

Тіл деген  – жарық жұлдыз аспандағы,
Арманның қиял жетпес баспалдағы.
Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,
Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.

Тіл деген – адастырмас темірқазық,
Өрісі магнитінің өмірге азық.
Қадірін тілдің сұра кереңдерден,
Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.
Бауыржан Момышұлы

«Жас ұлан» тобына:
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар алтай  – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар  – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдіак, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен  – тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
Мағжан Жұмабаев

ІІІ бөлім. «Атаның сөзі – ақылдың көзі».
  «Сөз — өмірдің  салиқалы түйіні,
Әрбір сөзде жатыр маржан бұйығып»
Ә.Жәми

Тапсырма: Өлеңде асты сызылған сөздерге мақал құрастыру. (Уақыт беріледі.)
Оюын ойып,
Орындап қойып,
Түр салғандай өрнекке.
Қиыннан қиып,
Қиырдан жиып,
Құрып сөзді термекке.
Енбексіз егіз-тіл мен жақ,
Ерінбесең сөйлеп бақ!
Оқушым, ұқпай,
Осқырып шұқпай,
Сабырмен байқа сөзіңді!
Көп мағына, аз ләфуз,
Есек баспас тайғақ мұз.
Қарқылдар қарға,
Шикылдар арба,
Бой сүйсінер сазы жок.
Шешенсіп жұртқа,
Мынжылдар қыртпа,
Ой исінер сөзі жок.
Маған үлгі ол емес,
Ол түсерлік жол емес.

ІҮ бөлім. «Ескірмейтін ескі сөз».
Тапсырма: Айтылмай жүрген сөздердің мағынасын ашу

     Шарғы. Ұзатылған қыз өзіне тетелес сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. «Бұл ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген сөз. Мұндай дәстүр шарғы деп аталады. Шарғы салынған қызға жеңгелері, замандастары бас қосып келіп, жақсы тілек білдіріп, шәй ішеді.
Бастаңғы. Жастар бастаңғы деп аталатын тамақ істеп бас қосады. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, «жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса» дейді. Бастаңғының мәнісі – жастардың сол үйде ойын – сауық жасап бас қосуы. Дәстүр бойынша бұған тыйым салуға болмайды. Бастаңғыны жастар жасайды.
       Көгентүп (көгендік) – бір  – біріне жақын туыс, ілік, жұрағат адамдардың баласына ескерткіш, сый ретінде берілетін мал. Бұл бала үшін сый, қуаныш болса, оның ата  – аналары үшін құрметтеудің белгісі десе де болады. Көгентүп беруді малды ауылдардың әлі де пайдаланып жүрген жақсы, жарасымды салттарының бірі.
        Тұлым. Баланың (ұл,қызды) кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны тұлым деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты ғұрып.
        Мипалау  – дәмді ұлттық тағамның бірі. Ол үшін миға бастың құйқасын, бауырын, құйрық майын ұсақтап турап, сорпа құйып араластырады. Оның үстіне қымыз, айран немесе сүзбе қатса тіпті дәмді болады.
        Томыртқа. Қыста семіз жылқының еті әрі тағам, жанға қуат, денсаулыққа да аса пайдалы. Етке тойған кісілерге «ет  –  етке, сорпа  – бетке» деп аяқпен, кесемен майлы сорпа ұсынылады. Осы сорпа ішіне біреулер бір түйір мұз салып жібереді. Мұны томыртқа дейді. Томыртқа әрі тағам, әрі шөл басады.
 
Ү  бөлім. «Сөз мәйегі».
«Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой.
Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті»
Ғ.Мұстафин

Тапсырма: Адасқан әріптерді дұрыс қойып, бір сөз шығару.(Әр топқа бес сөзден беру керек. Уақыт беріледі)

«Жас қыран» тобына:
Ш.Қ.Ы.О.Ы.Т.Қ.Л. (Тоқшылық)
М.Н.А.Ы.Д.И.Қ.Л.Ы. (Имандылық)
М.З.П.Ы.Р.Ы.А. (Парызым)
І.Ш.Д.Е.Л.А.Х.Н.А. (Шілдехана)
Ү.І.С.Й.Н.І.Ш.(Сүйінші)

«Жас ұлан» тобына:
Ө.К.Н.Р.И.Е.К.Е.Т.І.М.Н. (Көркейтемін)
А.Т.С.У.Л.Ы.А.Й.М.Ы.Н.Т. (Таусылмайтын)
О.Р.У.Қ.Д.Ы.Л.Т.Ы.Н.Ы.А. (Қорытындылау)
Ы.Ш.Р.М.А.Т.Ы.Т (Тыштырма)
А.Б.Л.Қ.А.З.Р.Ы. (Базарлық)

ҮІ бөлім. «Тілді қорғау  – парызым».
«Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу
мен оны сыйлаудан басталады».
П.Гегель
Тапсырма: болашақта Қазақстан халқы қазақ тілін қалай меңгеретіндігін көз алдына елестете отырып, сурет салу (Уақыт беріледі).
ҮІІ бөлім. «Әуенді тап».
Айтылған өлеңдердің мәтінін табу (Уақыт беріледі).
Қорытындылау кезеңі:
Қорытынды сөзді қазылар алқасына береміз.
Жеңімпаз топты марапаттау

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *