Басы » Бейнелеу өнері » Жылы түспен салу.. «Жемістер»

Жылы түспен салу.. «Жемістер»

Атырау қаласы И.Тайманов атындағы

№27 орта мектептің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі

Асанбаева Миргүл Аманоллақызы

Сабақтың тақырыбы: Жылы түспен салу.. «Жемістер»
.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың
білімдерін қалыптастыру.

ә) Дамытушылық: Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет
салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.

б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Міндеті: Нотюрморт дегеніміз не? сұрағына толықтай түсінік береміз.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Жаңа технология: СТО бағдарламасы
Пайдаланатын стратегия: БҮҮ стратегиясы, Суретпен жұмыс,Елестету стратегиясы.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар. Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.
Негізгі бояу түсі:
— қызыл,
— көк,
— сары.
Сабақты байланыстыратын пән: Тарих. Әдебиет.Бейнелеу өнері.
Сабақ барысы:
Ұйымдастырамыз
Жұмыс орнын дайындаймыз
Өткен тақырыпты қайталалау.
-Кескіндеме дегеніміз не?
-Нотюрморт дегенді калай түсінесің?
Мағынаны тану
Живопись – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі, онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиярсыз осы саласына өздері сүйген әуен-тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портрет жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи, соғыс немес тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнгерінің бұлай сипатталуы оның жанрларға бөлінуі деп аталады. «Жанр» — француз сөзі, «түр» немесе «тек» деген мағынаны білдіреді. Ең алдымен бояу түстері жайлы жалпы мағлұмат беруден бастаймын
— Ал балалар, далаға қарап, көңілімізді бір сергітіп алайықшы. Ағаштар қандай түстерге енген? Иә, қызыл, қызыл сары, сары, қоңыр, жасыл, күлгін. Бояу түстерінің басым болып келуіне байланысты натюрморт орындап көрейік.
Бояу түстерінің реңдік қатынастарының орналасу ерекшеліктеріне назар аударамыз. Натюрморт құрастырып үйренуде негізі басым жылы және суық түстерге ерекше назар аударып, қадағалаймын.
– Міне, балалар, біз табиғат көрінісінен неше түрлі әсем түсті көріп байқадық. Бұл суретшілер үшін ең әсерлі көрініс болып табылады. Ұлы суретшілер де бояу түстерін таңдауды табиғаттан үйренген. Олар өсімдіктердің тамырынан сан алуан бояулар жасаған. Табиғат өзгерісіне байланысты бояу түстері әр түрлі сипатқа ие болады. Мұны біз табиғат аясында серуендегенде жақсы байқай аламыз. «Табиғат — суретші» деген халық нақылының шығуы соған байланысты.
Жалпы бояу түстерін екі топқа бөлеміз: түсті бояулар және түссіз бояулар.
Түсті бояулар: қызыл, қызыл сары, сары т. б.
Түссіз бояулар: қара, сұр, ақ.
Жылы түстер мен суық түстердің бір-біріне үйлесімді болып келуі заттың өңін, пішінін, көлемін кеңістікте көрсетуге ықпалын тигізеді. Бояу түсінің жарасымды болып келуі живописьтің басты құралы болып табылады. «Кемпірқосақтың суретін салып, жеті спектрлік түстерді ретімен бояп көрейік. Балалар, бұл тапсырма сендердің оқулықтарыңда көрсетілген. Кітапқа қарап дұрыс жұмыс істейік. Әрбір берілген тапсырманы ұқыпты орындауға үйренейік».
Қазақ халқының түр-түсті танып білуде өзіндік таным-түсініктері болған. Мысалы: ақ – адалдық, ақ ниет; қызыл – оттың және күннің белгісі; жасыл – көктем және жастық белгісі; сары – парасат және байлықтың белгісі; қара – жердің, берекенің нышаны; көк — аспанның белгісі.
Енді негізгі түстерден қосымша түстер шығаруға жаттығу жасайық:
қызыл+сары=қызғылт сары,
қызыл+көк=сия көк,
сары+көк=жасыл.
«Натюрморт» француз сөзінен алынған. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сонда бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге көмектеседі
«Суретпен жұмыс» стратегиясы:
— нотюрморт құрастыру арқылы затқа қарап сурет салу;
— Суретті бейнелейміз;
— Тақтаға шығып қорғаймыз
Қызығушылығын ояту: БҮҮ стратегиясы бойынша:
Білемін Білгім келеді? Үйренгенім
Ой қозғау стратегиясы:
Нотюрморт тақырыбында ой-пікірімізді жазамыз;
— Сыныппен жұмыс алмасамыз;
— Сыныппен ой бөлісеміз;
— Сыныппен бірлесе отырып, ойымызды жинақтаймыз.
«Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, «натюрморт» деп пайдаланамыз.
Шығарманы талдай келіп, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың сезу, көру, бақылау, қабылдау сияқты түсінігін бекітемін.
– Балалар, сендер суретші шығармасынан қандай нәрселерді көріп тұрсыңдар?
— Суретші шығармасындағы бояу түстері бір-біріне жақын ба?
Суретші ою-өрнектерді не үшін бейнелеген?
Ой қорыту: Сұраққа жауап ала отырып, сабақты қорытындылаймыз.
Бағалау: Оқушы түсінігін бағдарлаймыз.
Үйге тапсырма: Суретті аяқтау.

Сабақ күні: 24.11.2014ж.
Сыныптар:6-а,ә,б.
Сабақтың тақырыбы: Пейзаж
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: пейзаж түрлерімен таныстыру; кескіндемелік дағдылар мен біліктерін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: назар аудару және бақылағыштықты дамыту; табиғатқа деген сүйіспеншілік және қоршаған ортаға эстетикалық қарым-қатынас қалыптастыру.
б) тәрбиелік: табиғатты аялауға және қорғауға баулу; табиғат сұлулығын сезінуге, көре білуге үйрету.
Сабақ типі: жаңа оқу материалын меңгерту.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақ көрнекілігі: Слайдтар: табиғат көрінісі суреттерінің көшірмесі, фотосуреттер, «Сызықтық және кеңістіктік перспектива» кестесі, бейнелеу өнері пәніне арналған электронды оқулық (авторы Д. Ж. Бердібеков).
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру сәті.
2. Өткен сабақты еске түсіру.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Оқушылардың өзіндік жұмысы.
5. Сабақты қорытындылау.
Сабақ барысы:
Сабақтың тақырыбын баяндау.
Пейзаж дегеніміз не?
Бейнелеу өнері пәніне арналған электронды оқулықпен жұмыс.
Электронды оқулықтан «пейзаж» ұғымының анықтамасын тауып, түсіндіру.Пейзаж — француз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.
XVIІ ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. Әсіресе XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. Ф. Васильевтің «Жаңбыр алдында», К. Юонның «Қыс соңы», С. Герасимовтың «Жаз өтті», К. Коровиннің «Көктем», И. Айвазовскийдің «Тоғызыншы балл», т.б. көркем шығармаларында табиғат көрінісінің алуан ерекшеліктері шынайы бейнеленген.
Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Г. Ысмайылов, С. Мәмбеев, О. Таңсықбаев, Ү. Әжиев, т.б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. А. Черкасскийдің «Көктем», Ә. Қастеевтің «Шалкөде жайлауы», Ү. Әжиевтің «Асы жайлауы», Ә. Ысмайыловтың «Хантәңірі», Ж. Шарденовтың «Қыс», т. б. көркем шығармалары Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етті.
Табиғат көрінісі бейнеленген суретші шығармаларын көрсету.

Ә. Қастеев “Биік таудағы мұз айдыны” 1955 ж.
Пейзаж – табиғат көрінісін бейнелеу деген ұғым. Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеген түрінің қалыптасуына ықпал етті.Пейзаж түрлері:
Ауыл пейзажы
Саябақ пейзажы
Қала пейзажы
Теңіз пейзажы
Сәулет пейзажы
Индустриялық пейзаж
Ауыл пейзажы (Ү. Әжиевтің «Асы жайлауы» картинасы) ауыл өмірін, оның айналасындағы табиғатпен шынайы байланысын бейнелейді.
Саябақ пейзажында (В. Батуриннің «Ясная Полянадағы гүлдер» картинасы) адамдар демалу үшін арнайы жасалған табиғат аясы беріледі. Мұндағы табиғат бірде геометриялық тәртіпке қатаң бағындырылған, бірде табиғи пішіндер сәндік мүсіндер сәулеті әсем үйлесім тауып, еркін орналасқандай болып көрінеді.
Қала пейзажында (О. Нұржұмаевтың «Түнгі субұрқақ» картинасы) адамзат қолымен салынған биік ғимараттар, көшелер, даңғылдар, алаңдар, жағалаулар және басқа да көрікті жерлер бейнеленеді.
Теңіз пейзажы — марина (И. Айвазовскийдің «Теңіздегі түнгі дауыл» картинасы) бірде тыныш, бірде буырқанған теңіздің ғажап сұлулығын, көбік шашқан асау толқындарды немесе теңіз дауылын бейнелейді.
Сәулет пейзажы (А. Остроумова-Лебедеваның «Крюков арнасы» картинасы) қалалық пейзажға ұқсас келеді. Олардың арасындағы айырмашылық – сәулет пейзажында суретші сәулет ескерткіштерін табиғат аясында бейнелейді.
Индустриялық пейзажда (К. Моненің «Сен-Лазар вокзалы» картинасы) суретші зауыттар мен фабрикаларды, бөгеттер мен электр бекеттерін, вокзалдар мен көпірлердің айшықты құрылымдарын, теміржол тораптарын салған жасампаз адамның рөлі мен маңызын көрсетуге тырысады.
Өзіндік жұмыс.
Тапсырма: Елестету немесе қиялдау арқылы өз ойыңдағы көріністің суретін сал. Табиғаттың буырқанған, қозғалыстағы кейпін немесе тыныш, бірқалыпты күйін беруге тырыс.

IX. Қорытынды сұрақтар:
• Пейзаж дегеніміз не?
• “Пейзаж” сөзінің мағынасы қандай?
• Пейзаж түрлерін атаңдаршы.
• Қандай суретші шығармаларын білесіңдер?

X. Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *