Басы » Бастауыш сыныптар » Дауыссыз н, ң дыбыстары.

Дауыссыз н, ң дыбыстары.

Ақмола  облысы  Целиноград  ауданы  Шұбар  ауылы  №12 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Хазым Сандыгул
Қазақ тілі  2 сынып
Тақырыбы: Дауыссыз н, ң дыбыстары.
Мақсаты: дауыссыз дыбыс түрлерімен таныстыру.
Үнді дауыссыз дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау. Л, р дыбыстарының сөз басында келгенде жазылуы мен айтылу ерекшеліктерін түсіндіру.
Сауатты көркем жазуға дағдылану арқылы тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта,слайд, АКТ, постер, стикер т.б
Сабақтың түрі:кіріктірілген сабақ
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал
» Сергіту» тренингі
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
1-слайд: Интербелсенді тақтада  орындау арқылы сабақтың мағынасын  ашу Өздік жұмыс. 2-жаттығу бойынша суреттің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемдерді көшірту. Жаттығу орындалғаннан кейін сурет орнына қойылған сөздердің жазылуы мен айтылуы талдау.
Л, р дыбыстарының сөз басында келген жағдайдағы жазылу емлесі пысықталады.
Ра-ра-ра
Гүлге қонды ара т,б. сөздерді өздері құрастыру және айту.
Пысықтау сабақ.  3-жаттығу орындатылады.
—        Бұл дыбыстардың естілуі мен жазылуына байланысты қалай айтсақ, солай жазылады? (Қалай естілді, солай жаздық).
4-слайд: «Кел, ойланайық» айдарымен берілген 4-жаттығудағы жұмбақ шешіледі. Қарамен жазылған сөздердің (лезде, іліп) жазылуы салыстырылады.
Дауыссыз н мен ң
—         Енді балалар н, ң дыбыстары кездесетін бірнеше сөз ойлаңдар.
Оқушылардың келтірген мысалдарынан н, ң дыбыстары сөздің басында, ортасында келетіндігі анықталады. Оқушылардың айтқан сөздерін буынға бөлдіру. Мысалы: қаң-бақ, қо- ңыз. Кейбір оқушылар қоң-ыз деп буынға бөлуі мүмкін. Осыған байланысты оқулықтағы «Есіңде болсын» белгісімен берілген ережемен таныстыру. Ң дыбысы екі дауысты дыбыстың ортасында келген жағдайда сөздерді буынға бөлген кезде, ң дыбысы келесі буынның басында келетіндігі түсіндіріледі. Түсінікті болу үшін бірнеше сөзді тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне тасымалдатып жазғызуға болады.
Сергіту сәті: Қызыл өрік әніне қимылдар жасау.
 Терме диктант.Интербелсенді тақтаға бірнеше сөздер жазылады. Оқушылар олардың ішінен ң әрпі кездесетін сөздерді ғана теріп, тасымал түрін көрсетіп жазады.

Жазылуы
леп белгісі
радио
лимон
Айтылуы
ілеп белгісі
ырадио
ылимон

Аңызық, қарындас, жаңғак, баспалдак, таңғы, кеңес, қуаныш, кеңес.
—       Аңызық сөзінде ң әрпі екі дауысты дыбыстың ортасында келіп тұр? Осы сөзді ң әрпінен бастап тасымалдауға бола ма?
Бұл жерде сөздің а-ңы-зық деп буынға бөлінетіндігі, бірак а-ңызық деп тасымалдауға болмайтындығына оқушылардың көзін жеткізу керек. Бір дыбысты буын тасымалдауға келмейтіні, яғни а-ны жалғыз жолға қалдыруға болмайтындығы айтылады.
Плакатта маркермен сөздер жазу,оны қорғау
 Сабақты қорытындылау.
—       Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
—       Үнді дауыссыз дыбыстарды кім атап береді?
—       Л, р дыбыстары сөз басында келген жағдайда, олардың айтылуында қандай дыбыстар қолданылады?
—       Ң дыбысы екі дауысты дыбыстың ортасында келген сөздерді қалай тасымалдаймыз?
Оқушылардың жауаптары толықтырылып, сабақ қорытындыланады

Үйге тапсырма; Ң дыбысы кездесетін сөздер жазу, жаңылпташ тар жинақтау.
Бағалау: белсенді оқушыларды мадақтау

[bws_related_posts]

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *