Басы » Бастауыш сыныптар » Салауаттану туралы түсінік

Салауаттану туралы түсінік

zozАқмола  облысы  Целиноград  ауданы  Шұбар  ауылы  №12 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Хазым Сандыгул
Пәні:  Салауаттану
Тақырыбы: Салауаттану туралы түсінік.
Мақсаты:
Балаларды жеке бес тазалығы мен денсаулығының нығаюын ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету.
Өмір салты ұзақ, дені сау білімді, өзіне өзі жауапкершілікпен қарайтын, ой-өрісі  мол тұлға дамыту.
Салауатты дені сау ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық. плакат, маркер т,б.
Сабақ барысы;
І. Ұйымдастыру;
Балалар шеңбер құрып, бір бірлеріне тілек айтады.
Әңгімелесу

 

Жақсы адам болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Адамдар неліктен «жамандықтан» қашады?
Жақсы көретін адамдарың туралы айтып беріңдер.
Жаңа ақпарат
Жақсы адамды айналасындағылар жақсы көреді, сыйлайды. Оның достары көп болады.
Ойын жаттығу. «Жұмбақ өлең»
Балалар, мен сендерге С.Оспановтың «Не жақсы, не жаман?» өлеңін шумақтарға бөліп айтамын. Сендер әр шумақ соңында, сол шумақта не жақсы, не жаман туралы айтылғанын тауып, жақсы туралы айтылған болса «жақсы» деп, жаман туралы айтылған болса «жаман» деп жауап беріп отырасыңдар.

Биязы мінез тіл алғыш,
Бал-бұл жанып жүретін,
Бауырмалдық сол — ?
(Жақсы)
Үйдің ішін тазалап,
Үстіңе де қарайлап,
Үлгере алсаң сол — ?
(Жақсы)
Ашу деген бәледен,
Алшақ жүріп жанаспай,
Ақылды болсаң сол — ?
(Жақсы)

Беті-қолың кір-кір боп,
Берекесіз ыржақтап,
Бейбастық өссең сол — ?
(Жаман)
Ұшып-қонып жүретін,
Шегірткедей жеңілтек,
Ұшқалақ болсаң сол — ?
(Жаман)
Ата-ананың ақылын,
Ала білмей кезінде,
Ақымақ болсаң сол- ?
(Жаман)

ІІ. Жаңа сабақ;

1.     Оқулықпен танысу. Салауаттану туралы түсінік беру.
2.     Мәтінмен жұмыс
— Балалар, салауаттану туралы түсінікті оқып, мазмұнынан түсініксіз сөзді белгілеп отырындар.
Талдау
Салауаттану  туралы не айта аласыңдар?
Баланы қандай жақсы қасиеттерге үйретті?
Тапсырма
1.     Салауаттану ғылымыны нені оқытаты?
2.     Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Өзіммен-өзім
— Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ, тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі. Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар… олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат бізге: «Жақсы бала бол!» деп өтінгендей болады. Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге «Жақсы болу өзіңнен», деп қарайды. Иә, иә, шынында да, көбелектер секілді әдемі болып, тек қана әдемі жерде жүру керек екен ау! Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой. Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз. Ал енді «бір, екі, үш» көзімізді ашамыз, бұрынғы қалпымызға келеміз.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма: дәптерге денсаулық туралы мақал-мәтел жазайық
ІІІ.Қорытынды сабақ;
Не өттік, немен таныстық?
Сұраққа жауаптар алу, мақалмен сабақты қорытындылау.
ІҮ. Үйге тапсырма. 5 бет
Ү. Бағалау.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *