Павлодар облысы
Екібастұз қаласы
Абдинова Үміт Даутқызы
№23 Мектепке дейінгі гимназия тәрбиешісі
Тақырыбы: Л, л дыбысы мен әрпі
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Сауат ашу»
Тақырыбы: Л, л дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру..
Білімділік:Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты — дауыссыз дыбыстарды бір — бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Ойын арқылы тілдерін, ой-өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ — жауап, ойын, сергіту, қорыту,мнемотехнология.
Сөздік жұмыс: Л дыбысы кездесетін сөздер
Көрнекіліктер: Л әрпінің баспа түрлері, суреттер, текшелер, карточкалар. «Сауат ашу. Әліппе-дәптер».
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивация-лық қозғаушы
Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі |
Жылулық шеңбері:
-Балалар қәнекей бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын бір-бірімізге жылы лебізімізді білдіріп,көтеріңкі көңіл күй сыйлайықшы. Бақыт деген осы шаттық шеңбері Қол ұстасып тұрайықшы, кел бері Бақыт деген көрмей қалса сағынып, Мен іздейтін адал жүрек сендегі. -Балалар бүгінгі келген қонақтармен сәлемдесейік. -Балалар бүгін бізде сауат ашу оқу іс-әрекеті. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Өтілген дыбыстарды еске түсіру. Ғ – ғарыш, ғарышкер, аға… -Дұрыс айтасыңдар.(Р-дыбысын тақтаға ілу) -«Р» дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз дыбыс па? -Дұрыс айтасыңдар. «Р» дыбысын қандай текшемен белгілейміз? «Р» әріпінен,және кездесетін сөздерді маган кім айтып береді? Алдымен қазақ алфавитінде неше әріп бар? -Балалар, дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты, дауыссыз дыбыстар деген не? Сөз неден құралады? Буын деген не? Сөйлем деген не? Жаңа сабақ: -Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар, жауабын шешуге маған көмектесіңдер «Мә-мә»деген әні бар Секірер ор, жары бар Селтеңдейді құлағы Секіргіш бір жануар Ол не екен балалар? 1 видеоШөре-шөре лағым Тентек болма шырағым Секетемей деміңді ал Селтеңдемей құлағың Өлең не жайында айтылған? Дұрыс лақ жайында «Лақ»сөзін айтып көрейікші -Балалар «Лақ» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз? Слайд:«Л»дыбысын айнаға қарап тұрып қайталайықшы -«Л» дыбысы қалай айтылып тұр? Езуімізді жиырамыз, тістерімізді бір-біріне жақындатамыз. «Л» деп айтамыз -Дұрыс, тіліміз тісімізге тиіп Дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр. -Өте жақсы, олай болса «Л»дыбыс қандай дыбыс екен? -«Л» дыбысы дауыссыз дыбыс болса онда оны қандай текшемен белгілейміз? Тіл ұстарту жаттығулары: 1.Ла, ла,ла-бұл әдепті бала, Лу, лу, лу-біздің Нұрай сұлу. 2.Ра-ра келді ара Ла-ла араның усті ала 2 слайд.Лдыбысы неге ұқсайды -Балалар мынау «Л» дыбысының әріп таңбасы, мынау баспа түрі,ал мынау жазба түрі д/о «Менің орным қайда?» —дұрыс, балалар л-дыбысы сөздің басында ортасында аяғында да кездеседі. — Мысалы: лақ сөзінде л дыбысы сөздің басында келеді ал, бал сөзінде сөздің аяғында , балапан сөзінде сөздің ортасында келеді. 1. Тапсырма «Дыбыстық талдау» Тал,алға,лала ( үтел-үстінде) 2.Тапсырма.«Олар не істеді?» Сөйлем құрау. 3.Тапсырма. Буындарды оқы 4.Тапсырма.. (Жаңылтпаш жаттау) -Балалар, «л»-дыбысына жанылтпаш айтайық (барлық баламен) «-Ләйлік лайға лайланды, Лайланған ләйлік, лайда отырып жайланды.» (Сыбырлап, орта дауыспен, қатты дауыспен айтқызу) Жарайсыңдар. Сергіту сәті: Жалт-жұлт етіп лақ, Жағалайсың бұлақ, Секірем деп бірақ, Қала көрме құлап. (2рет) 6.Тапсырма. «кубик» (лақ, лото, лимон,люстра) -Балалар, «Л»-дыбысын, кәне ауада жазып көрейік. Дәптерімізді ашайық Әдемі етіп жазайық. Дәптермен жұмыс: Қаламды дұрыс ұстап, жазу кезіндегі отыру ережесін еске түсіріп, нүктелерді бастыртып жаздырту. Дәптердегі үлгіге қарап «л»-дыбысын баспа түрін жазады 7.Тапсырма «Қай әріп жоғалып қалды?» А…ма. Ап…а. Та…а. Н…н. -Л дауысты ма әлде дауыссыз ба?Неге? д/о«Дауысты-дауыссыз» дыбыстар Л дыбысын тиісті киіз үйдің біреуіне апар. |
Балалар шаттық шеңберінде бір-бірлеріне деген ізгі тілектерін айтады.
Саламатсыздарма апай лар!
-«Р»дыбысы
-«Р»дыбысы Дауыссыз дыбыс
-Р дыбысын көк текшемен белгілейміз
Радио, ара, зымыран,т.б.
балалар жауап береді
-лақ
-лақ, (Суреттен көрсетеді) Лақ
л л л . -Л дыбысы кедергі мен айтылып тұр. -Л-дыбысы дауыссыз -Көк түсті текшемен
Балалар бірнеше рет қайталайды
-балалар сөздерді қайталайды -текшемен белгілейді. Дыбыстық талдау жасап
-Балалар жаңылтпаш айтып тілдерін жаттықтырады. сыбырлап, орташа, қатты айтады
Балалар сергіту сәтін орындайды.
-Л әріпін ауада жазады
|
Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі | Қорытындылау -Балалар біз қандай әріппен, қандай дыбыспен таныстық?
Л-дыбысы қандай дыбысқа жатады? -Жарайсындар балалар, осымен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз, кәне келген апайлармен қоштасайық
Біз ақылды баламыз, Айтқан тілді аламыз. Бүгін келген қонаққа Сау болыңыздар деп айтамыз — |
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Өзін-өзі бағалау. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Л л дыбысы мен әрпі туралы түсінді, білді.
Игеруі керек: Дауысты — дауыссыз дыбыстарды бір — бірінен ажыратуды, л дыбысы дауыссыз дыбыс екенін игерді
Меңгеруі керек: сұраққа жауап беруді, баспа түрде жазуды меңгерді.