Сабақтың тақырыбы: Көктем келді М.Әлімбаев
Сабақтың мақсаты:1) «Көктем келді»өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру. Өлеңнің шумақтарын мәнерлеп,түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.
2)Оқушылардың есте сақтау,талдау,салыстыру,өз беттерімен ойлау дағдыларын дамыту,жүйелі мәнерлеп сөй,өз білімдерін бағалай білуге дағдыландыру.
3)Жауапкершілікке,бірін-бірі сыйлауға,табиғаттысүйіп,аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,ой қозғау,тірек сызба.
Сабақтың қөрнектілігі:Көктем мезгілін бейнелейтін суреттер:М.Әлімбетовтың суреті,
Тірек сызба,сөзжұмбақ,интерактивті тақта.
Пән аралық байланыс: Дүниетану ,бейнелеу өнері,қазақ тілі.
Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі 1 мин
2) Үй тапсырмасын сұрау 9 мин
Қызығылушын ояту 1 мин
а) Берілген тапсырманы орындау 2 мин
3) Жаңа сабақ 25 мин
а) түсіндіру
4) Оқулықпен жұмыс
5) Сабақты бекіту 2 мин
а) сұрақ-жауап 2 мин
Қорытындылау 2 мин
6) Оқушыларды смайликтер арқылы бағалау 2 мин
Үй тапсырмасы. 1 мин
Ана тілі жайлы бір шумақ өлеңді үнтаспадан тыңдау.
«Маған жақсы мұғалім бәріненде артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі»
Ы. Алтынсарин
Сабақтың барысы.
Міне,балалар біз бүгін өзіміздің біліміміз бен біліктілігімізді көрсету үшін сыныпты үш топқа бөліп отырмыз.
1) «наурыз»
2) «сәуір»
3) «мамыр»
Әр топ парақшаға берілген сөздермен бір-біріне тілек айту.
Талап————- Өсек————— Отан——-
Еңбек————— Өтірік————- Ел———
Рақым———— Мақтаншақ———- Халық————
Терең ой————— Еріншек————- Ата-ана————
Қанағат————— Қызғаншақ————- Мектеп—————
Білім——————— Ұқыпсыз—————— Туған жер—————
Тілек айтып болған соң, әр топ өз аттарына « сөзжұмбақ » құрастыру арқылы қорғайды.
1 топ «наурыз»
2 топ «сәуір»
Жасыл дөңге,көк белге, Бәйшешектен білеміз,
Жаңбыр төгіп өткенде, Көктем келіп қалғанын.
Жауқазындар бүр жарып Мәз боламыз, күлеміз,
Құлпырады көктемде. Көрсек гүлін жарғанын.
3 топ. «мамыр»
Ақ жаңбырға шомылып,
Туған жердің алабы,
Қызғалдаққа көміліп,
Көздің жауын алады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
Әр топтан 1 оқушыға Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Атай» өлеңін мәнерлеп оқыту, сұрақ қою арқылы білімдерін бағалау.
1) –Өлеңнің мазмұны кім жайында?- Өлеңнің мазмұны атай жайында.
2) –Өлеңдегі негізгі ой не? — Негізгі ой атайдың еңбекқорлығы, әңгімешілдігі жайлы.
3) –Өлеңде жылдың қай мезгілі жайлы айтылады?—Жылдың көктем мезгілі жайлы.
Сурет бойынша көктемгі еңбек түрлерін атау.
Көктемгі еңбек түрлері:Жер жырту, ағаш отырғызу, ағаш діңін әктеу, егіс алақабын дайындау т.б
Миға шабуыл
«Пресс-конференция»ойыны.
Шарты:сыныптағы кішкене балғын зерттеушілер М.Әлімбаев туралы мәліметтер жинау,бірін-бірі тыңдай білу.Сыныптағы журналистер зерттеушілерге сұрақ қояды.
Балғын зерттеушілер сұрақтарға жауап беруі тиіс. Мұғалім «жетекші ғалым» ретінде жауаптарды толықтыруына болады.
Слайд.М.Әлімбаев
ІІІ. Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ шешу. Мына суреттердің бірінші әрпін алып сөз құрасаңдар бүгін танысатын өлеңнің аты шығады.
К-көбелек К-көкек
Ө-өрмекші Е-елік
К-көгершін Л-лақ
Т-тасбақа Д-дуадақ
Е-ешкі І-ін
М-мысық
Сөзжұмбақ шешуі: Көктем келді
Сергіту сәті
Аяқпенен топ-топ-топ,
Қолымызбен соқ-соқ-соқ,
Бір оңға,бір солға
Айналайық кел мұнда.
Қолымызды сілкейік,
Басымызды шайқайық,
Бір оңға,бір солға,
Айналайық кел мұнда.
Бүгін Мүбарак Жаманбалинов пен Мұзафар Әлімбаевтың «Көктем келді» өлеңдерімен танысамыз.
Мүбарак Жаманбалинов өлеңін әр топ мәнерлеп оқу.
І топ.-Өлеңді жазған кім? -Өлеңді жазған М. Жаманбалинов.
ІІ топ. –Өлең жылдың қай мезгілі жайлы? -Өлең көктем мезгілі жайлы.
ІІІ топ. –Өлеңнің мазмұнына сай қандай ат қоюға болады?
-Өлең көктемгі ауа-райы жайлы болғандықтан « Көктем келді» деп аталады.
Өлеңге сай қимыл қозғалыс жасау.
Күркіреді күн-күн…
Терезелер шың-шың…
Жауды жаңбыр топ-топ…
Шелек-шелек көп-көп!
Жон арқаңды тос-тос,
Күнбағыс, тез өс-өс!
Келесі танысатын өлеңіміз Мұзафар Әлімбаевтың «Көктем келді» Өлеңі.
Мұзафар Әлімбаев
(1923жылы 29 қазан)
Павлодар облысы,
Шарбақты ауданы,
Маралды ауылында туған
Жазушы, ақын.
300 өлеңіне ән жазылған. Өлеңдері
38 тілге аударылған
«Менің ойыншығым,
«Отпен ойнама»,
«Шынықсаң шымыр боласың» кітаптары бар.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Әр шумақты жеке-жеке оқытып, айтылып тұрған ойды таптыру.
3. Өлеңді іштей оқу.
4. Өлеңді дауыстап оқыту.
Өлең соңындағы тапсырмаларды орындау.1- тапсырма.Көктем белгілері:
І топ. Күн жылуынан көлдің мұзы, жердегі аппақ қар ериді.
ІІ топ. Аспанда күн күркіреп, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады.
ІІІ топ. Ағаштар бүршік жарады, құстар келеді.Жердің беті кілем төсегендей құлпырады.
2-тапсырма. Екі өлеңді салыстыру.
Тірек сөздер
М.Жаманбалинов
Көктем келді
М.Әлімбаев
Көктем келді
Күн
Күркіреді
Жылыды
Жаңбыр
Шелектеп көп жауады
Сіркіреп жауды
Өсімдік
Күнбағыс
Әр түрлі гүлдер
Шығармашылқ тапсырма
І топ. Слайд бойынша « Көктем келді» тақырыбында эссе жазу.
ІІ топ. 5 жолды өлең құрастыру.
ІІІ топ. Көктем тақырыбында сурет салу.
ІҮ Сабақты бекіту.
Семантикалық карта(интерактивті тақтамен жұмыс ) Слайдта кесте жасалады.Оқушылар авторларға қатысты шығармаларды тауып «+» таңбасын қояды
ғылым таппай мақтанба | Ұшқан ұя | Салақтық | Даңғай | Атай | Жылу | |
Абай Құнанбаев | + | |||||
Әнуарбек Дүйсенбиев | + | |||||
Есентай Ерботин | + | |||||
Ыбырай Алтынсарин | + | |||||
Бауыржан Момышұлы | + | |||||
Фариза Оңғарсынова | + |
-Неліктен бұл бөліктерге «+ » таңбасын қойдыңдар? Әрқайсысына мысалдар келтіріп, ойларыңды дәлелдеңдер.
«Қалт еткізбей қағып ал, жауабын тез тауып ал» ойыны арқылы сабақты бекіту.
«Пікір ағашын » толтыру
І топ. «Абай ата» ағашын толтыр.
ІІ топ. «Мұқағали ата » ағашын толтыр.
ІІІ топ. «Ыбырай ата» ағашын толтыр.
Көктем айындағы мерекелерді атап өту.
1.Аналар мерекесі қашан тойланады?
2.Қазақтың Жаңа жылы қашан тойланады? Наурыз көже қалай жасалады?
Ү. Үйге тапсырма.М.Жаманбалинов пен М.Әлімбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу және мәлімет жинау, «Көктем» тақырыбына суреттер салу.
Сабақты 1 шумақ өлең жолдары арқылы аяқтаймын.
Ауа қандай, дала қандай әдемі,
Көктем, көктем болармысың кәделі.
Сенің мынау ұланғайыр сыйыңнан,
Туған жердің жасаруда бедері.
[bws_related_posts]