Басы » Эссе » Ұстаз сөзі…

Ұстаз сөзі…

Ұстаз сөзі…

Түрткі болып жүргенде көзге білем,
Шаршағам..
Талай мәрте өзгеріп ем,
Қайта айналып соқпастай сөз беріп ем,
Жалыққанда жұмыстан, барлығынан,
Өмірге мені қайта шақырушы ең,
«Ұстаз…» деген маған қымбат сөздеріңмен…

Өмірінде өзі жасар өр істі адам,
Өлеңімен өмірді тең ұстаған,
Өздеріңдей шәкіртке ұстаз болу,
Өмірімде ең үлкен жеңіс маған.

Кей кездері жанымды қайғы алатын,
Мағынасыз өмірге айналатын,
Сондай кезде сендерден сая тауып
«Ұстаз…» деген сөздерің ой салатын,
Жүрегім жайланатын, тойланатын.

Аузым күйіп талай-талай жамандықтан,
Жан таппағам түсініксіз санамды ұққан,
Кейде өзім де аттағам адамдықтан,
Айдалада адасып жүрген кезде,
Кез қылған сендердей шәкірттерге,
Айналдым ҰСТАЗ деген мамандықтан.

Рауан Нұғымаров

27.11.2014жыл.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *