Басы » Tәрбие сағаттары » Жирен жаман әдеттен

Жирен жаман әдеттен

gulnuraСалахитденова Гүлнұр

Тәрбие сағатының тақырыбы:  Жирен жаман әдеттен
Тәрбие сағатының мақсаты:Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, интербелсенді тақта, суреттер
Сабақтың әдісі: топтастыру, ой қозғау, жаттығу-ойлану, шығармашылық

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Байлық-байлық емес,

Бар байлығым денсаулық.

Бар өмірім денсаулық!

Мағынаны табу: Сұрақ –жауап түрінде әңгімелеу.

Денсаулық- ел дамуының басты арқауы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды.

1-оқушы: Әдемі:
Денсаулық ол-шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол-тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.

2-оқушы: Еркебұлан
Денсаулық ол-күлуің
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық ол-жүруің
Ешбір жерің ауырмай.

3-оқушы: Санжар
Ұрпақ керек ертеңгі
Болашақты болжайтын!
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын.

 

                                                             1

 

 

4-оқушы: Дильназ
Мәдениет өркендеп,
Табиғат көркейіп,
Қазақтың сымбатты
Ұл-қызы көбейсін!

— Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.

Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2020» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен.

Халқымыздың денсаулығына үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.

  Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2020» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен.

-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз.

 

  1. Таныстыру  (әр топ өздерін таныстырады).
  2. «Бірінші байлық-денсаулық»,  (мақал- мәтелдер айту).
  3. «Тәні саудың жаны сау» (шығармашылық тапсырма)
  4.  «Жаттығу, ойлану»  (1 топ Денсаулық достарын, 2 топ Денсаулық қастарын жазады.)

4.Үй тапсырмасы.  Уланбасын өмірің. Сурет галлереясы  (Зиянды заттардың зардаптарын түсіндіру,).

5. Көрініс  «Үш пәледен аулақ»

6. Қорытынды

 

 

2

 

1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу.

1- топ «Денсаулық»
Ұраны:
«Денсаулық –зор байлық».

2- топ «Салауат»
Ұран
ы: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі»

ІІ. «Жаттығу, ойлану»

1-топ денсаулық достарын бір бөлек,

ІІ-топ денсаулық қастарын бір бөлек жазыңдар

ІІІ «Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою.
1- топ:  Денсаулықты нығайту жолдары.

1.   ….ны…..у (шынығу)
2.  с….ау……т (салауат)

3. в…та…н (витамин)

 

2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер.
1.Д…… і (дәрі)
2.ту…ку….ез (туберкулез)
3. тұ……у (тұмау)

IV. «Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық туралы мақал – мәтел жазып оқиды.

1.Денсаулық – зор байлық.
2. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
3. Шынықсаң – шымыр боласың.
4. Ауруын жасырған өледі.
5. Арақ – атаңның асы емес.
6. Дені саудың – жаны сау.
7. Ішің ауырса, аузыңды тый.
8. Емнің алды – еңбек.
9. Жарлының байлығы – денінің саулығы.   10. Темекі – жау.
3

V. Шығармашылық тапсырма
1- топ:
…………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
……………………………………………..
………………………………………….санамыз.

 

2- топ:
…………………………………………күлеміз,
………………………………………….жүреміз,
……………………………………………….
……………………………………………сүреміз.

Сергіту сәті

 

Мұғалім: Денсаулық дегеніміз-адам жаны мен тәнінің амандығы. Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі әдетте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық- ел дамуының басты арқауы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды. Дегенменде, біздің замандастарымыз соны ескерместен әр түрлі зиянды заттарға ұрынып жатады.

                     Көрініс: «Үш пәледен аулақ»

(Екі бала ойнап жүр)

Еркебұлан:- Санжар, екеуміз доспыз ғой, ия?!

Санжар:- Ия доспыз.

Еркебұлан :- Сен ешкімге айтпа, менде керемет нәрсе бар.

Санжар :- Ол не нәрсе?
 Еркебұлан:- Мінекей көрсеңші(қалтасынан темекі көрсетеді).

Санжар:- Ол не болғаның?(шошынып) Қайдан алдың?

Еркебұлан:- Папамнан көрсетпей алдым.

Санжар:- Папаңнан? Папаңнан неге аласың, темекі деген жаман нәрсе, денсаулыққа зиянды.

Еркебұлан:- Болса ше? Менің папам неге тартады?
 Санжар:- Ой, достым, сенің папаң жас күнінде темекіге   әуестенген, сол қателігін қазір жөндей алмай жүр.
 Еркебұлан :- Ой, достым, дегенмен осыны тартып көрсек қайтеді?

 Санжар:- Жоқ, мұндай жаман әдеттен аулақ болғанымыз абзал. Әйтпесе құримыз, онан да ойынымызды жалғастырайық.

(Осы кезде бөлмеге арақ, темекі және есірткі кіреді)

Бала:/ «арақтың» жанына келіп/

-Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

«Арақ»:

-Мен арақпын, арақпын,

Жер жүзіне тараппын.

Жұрттың құмар асы боп,

Керегіне жараппын.

Бала:/ «темекіні» жанына ала келіп/

— Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

«Темекі»:

-Мен темекі шылыммын,

Аузына елдің іліндім.                                                                         4

Қанша мені тартса да,

Демеді ешкім бүліндім.

Бала:/ «есірткінің» жанына келіп/

— Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

«Есірткі»:

-Мен есірткі нашамын,

Уытымды шашамын.

Атым шулап турғанда,

Алшаңдап аяқ басамын.

/Сахнаға ересек бала шығады/

Ересек бала:

-О, жаратқан, жаратқан,

Жұрттың аузын қаратқан.

Ағайынды үшеуін,

Қандай пәле таратқан.

-О, адамдар, санаң бар,

Үш пәлеге қараңдар.

Үшеуі де үлкен жау,

Бүкіл әлем алаңдар!

/Екі бала бірігіп/:

«Арақ», «Темекі», «Есірткі»

Үшеуі де ауыр дерт.

Бүкіл елді бүлдірмей,

Арамыздан аулақ кет!

/Балалар қолындағы қамшымен үш пәлені соғып қуып шығады/

/Балалар қолындағы қамшымен үш пәлені соғып қуып шығады/

 

— Балалар, бүгін «Жирен жаман әдеттен» тақырыбындағы болып жатқан сайыс түріндегі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Бұл тәрбие сағатынан сендер зиянды әдеттер жайлы біраз мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын. Сендер қазір 3 — сыныптың оқушысы болғандықтан, ата — ана да, ұстаздар қауымы да сендердің болашақтарыңа алаңдаймыз. Мемлекетіміз оқушының тегін білім алуына және денсаулығына көңіл бөліп отыр. Кейбір балалар туа бітті мүгедек болып жатады. Соған қарамастан қоғамға кішкене болса да пайдасын тигізу үшін әрекеттеніп тырмысып бағады. Ал, сендердің дендерің сау, дене мүшелерің бүтін. Осы денсаулықтарыңды зиянды әдеттермен улап, өз болашақтарыңа балта шаппаңдар. Осы өтілген «Жирен жаман әдеттен» тақырыбындағы тәрбие сағаты сендерге мәңгілік сабақ болсын. Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын жандарыңа серік етіңдер.
Сонда ғана сендердің болашақтарың нұрлы болып, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосатын азамат болуларыңа мен сенемін.

 

 

 

5

Қорытынды:

 

«Денсаулық» сөзінің әрбір әрпін салауатты өмір салтын ашатын, сипаттайтын сөздермен, сөз тіркестерімен, сөйлемдермен өрнектейік.
Д – демалу
Е – еңбектену
Н – нашақорлыққа жоламау
С – салауатты болу
А – алғырлық
У – уайымсыз өмір
Л – лайықты өмір
Ы – ынта
Қ – қозғалыс

Барлық топтар бірге:
Есірткі жойылсын,
Ішімдік құрысын:
Дені сау ұрпақтың
Ұрпағы көбейсін!

Балалар, болашаққа денсаулықпен бірге барайық.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *