Басы » Tәрбие сағаттары » Менің тұңғыш президентім

Менің тұңғыш президентім

 Оңтүстік Қазақстан обылысы  Мақтарал ауданы
Мырзакент кенті, «Мырзакент» мектеп-гимназиясы КММ

Тақырыбы: Менің тұңғыш президентім
Сынып жетекші:      Мұсабаева Г.Ж
Сабақтық мақсаты:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы білімдерін одан әрі толықтыру. Оқушылырдың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерін ояту. Болашақта отанымыз Қазақстанның өсіп өркендеуіне білімді , білікті адамдар керек екендігін аңғарту.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың жастардың оқып білім алуына барлық мүмкіндіктері бар екендігін аңғартып, білімдерін жан-жақты анықтау.
Көрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» суреті .1 желтоқсан-Президент күніне  арналған нақыл сөздер.

Жоспар

. 1) Баяндама
2) Президенттің ант қабылдауы сәті
3)Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың өмір баяны
3) Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті туралы тақпақтар
4) Қазақстан Республикасының символдарына сипаттама.
5) Астана арман қаламызға саяхат
6) Тәуелсіз Қазақстанымызға тілек
6) Егер мен президент болсам тақырыбында пікірталас
7) Психологиялық тренинг
8)“XXI- ғасыр көшбасшы” интелектуалды ойыны

1)     Жүргізуші: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Ант қабылдау сәті:

ҚР конституциясының 42-ші бабына сәйкес ҚР президенті халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЯДЫ
Тойлыбай
АНТ «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатал сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін!»
ӘНҰРАН орындалады
Жүргізуші:  Құрметті Нұрсұлтан Әбішүлы 2011 жылы 3-ші сәуірде өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындысы бойынша, мемлекетіміздің тиісті зандарына сәйкес сізге Президент куәлігін тапсыруға рұқсат етіңіз!
Жүргізуші: Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасын Президенті!

Қымбатты отандастар!
Мәртебелі меймандар!
Маған тағдырын табыстап, мына ақ киізге қайтадан көтерген, ел тізгінін сеніп ұстатқан ардақты халқыма ақжарма алғысымды айтамын.
Аз уақытта алапасы артқан алаш жұрты әлеуеті асқан, дәулеті тасқан, іргесі берік, беделі зор айдынды елге айналды.
Есілдің бойындағы еңселі Елордамыз Еуразиядағы байсалды тұрақтылықтың алтын арқауына баланды.
Мен үшін ел үмітін ақтағаннан, жұрт сенімін сақтағаннан асқан бақыт жоқ.
тәуелсіздіктің қадірін жете сезінетін отаншыл, мемлекетшіл жастардың өсіп келе жатқаны мені қуанышқа бөлейді.
Біздің тамырын тереңге тартқан мәңгілік ұлы мұратымыз бар:
Ол – тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, елдігімізді тұғырлы, мемлекетімізді ғұмырлы ету!
Елімді төрткүл дүниеде терезесі тең еңселі жұртқа, абыройы асқан айбынды елге айналдыру – менің өмірлік өршіл
мұратым.
Сондықтан, мен күш-қуатым барда, тәжірибем барда тілегі бір елдің тірегі болып қызмет ете беруге қашанда дайынмын.
Баршаңызға зор рахметімді айтамын!

Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың өмір баяны
Салтанат: 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келеді.
Нұрсұлтан деп ат қояды.

Самат:
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
Айгерім:
Тойлыбай
1960 – 1969 жылдары — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
Мұрат:
1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
Айгерім
1973 – 1977 жылдары — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977 – 1979 жылдары — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.
Аружан:
1979 – 1984 жылдары — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
Мінәжат:
1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.
1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.
Ақниет
1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
Мейірбек:
Баян:
1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.
Несібелі:
2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Нұрман
Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы.
Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
Сұлтан
Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева. Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Президенттің үш қызы бар: Дариға – саясат ғылымдарының докторы; Динара – Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; Әлия – бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті туралы тақпақтар

Тіліммен Дінім, Ұяятым, Арым, Берекем!
Еліммен Жерім, Арманым, Мұңым, Мерекем!
Алатау Тұлға, Оранған нұрға бақ дарып,
Тәңірден тағлым бұйырған дара Ер екн!
Елбасым, Елбасым!
Айбарым, Ардағым!
Елбасым, Елбасым,
Ойлаған Халқының арманын.
Кемеңгер, көрігім,

Тасқыны жаңа жыр арнаның!
Тамырын терең тарихтан тартып екшеген,
Жүзінен нұры, жүректен жыры өшпеген!
Тәуекел қайық, бақытқа бастар жол ауыр,
Келеді Елі бастаған ұлы көшпенен!
Даналық, мәрттік, ірілік, иман, мың өнер,
Дарабоз, дархан туған ұлым деп біледі ел!
Қай заманда да жол бастар ұлы тұлғалар,
Халқыңның мына бақытына аман жүре гөр!

Тіліммен Дінім, Ұяятым, Арым, Берекем!
Еліммен Жерім, Арманым, Мұңым, Мерекем!
Алатау Тұлға, Оранған нұрға бақ дарып,
Тәңірден тағлым бұйырған дара Ер екен!
Елбасым, Елбасым!
Айбарым, Ардағым!
Елбасым, Елбасым,
Ойлаған Халқының арманын.
Кемеңгер, көрігім,
Тасқыны жаңа жыр арнаның!

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.

Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.

Қазақстан Республикасының символдарына сипаттама береді
Туымызбен тұғырлы , елтаңбамызбен еңселі, әнұранымызбен әйгілі елміз слайтпен  жұмыс.
Астана арман қаламызға саяхат

Автобусымызға міну үшін билеттер сатып алайық ,ол үшін мына сұрақтарға жауап беру керексіңдер .

1) Еліміздің тәуелсіздік алған жылы ?
2) Қазақстан республикасының Астанасы?
3) Астананың туылған күні?
4) ҚР-ның конститтуция қай күні тойланады?
5) ҚР тілдер мерекесі қашан тойланады?
6) Астанамыз Астанаға қай жылы көшірілді?
7) ҚР да ЕХРО қай жылы өтеді?
8) Астана қаласын Қазақстанның қай өңірінде орналасқан?
9) Астана қаласының бұрынғы аты?
10)  ҚР-ның президент күні қай күні тойланады?

Саяхатымызды жалғастырамыз
1 Бәйтерек жайлы мәләмет (несібелі)
2 Думан орталығы жайлы мәлімет  (Тойлыбай)
3 Хан шатыр (Самат)
4 Бейбітшілік және келісім сарайы жайлы мәлімет (Мұрат)
5 Нұр Астана мешіті жайлы м»ләмет (Мінәжат)
6 Алау мұз сарайы  (Баян)
Міне балалар Астанамыз қандай керемет ғимараттармен көмкерілген десңші енді осы тәуелсіз Қазақстанымызға әр біріміз ізгі жақсы ниеттерімізді айтып кетейік ,
Оқушылардың тілектері:
Елімізде бейбітшілік болсын!
Елбасымыз аман болсын!
Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Ата-аналарымыз аман болсын!
Болашағымыз баянды болсын!
Барша балалардың денсаулықтары мықты болсын!
Заманымыз тыныш болсын!
Қылмыс болмасын!
Халқымыз бай болсын!

Егер мен призидент болсам тақырыбында оқушылар арасында пікірталас . Әр бір оқушыдан болашақта қандай мамандық егесі болатындығын сұрақ жауап арқылы пікірлерін білу .
Ең ақшасы көп- бухгалтер, экономист.
Ең жасыл- эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті-аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі- клоун, карикатурашы.
Ең жауапты- сот, бухгалтер.
Ең салмақты-мұғалім,заңгер.
Ең қарым-қатынасы күшті-бизнесмен

Оқушылардың қандай мамандықтарға бейім екендіктерін анықтау мақсатында, психологиялық тренинг өткіздім.

Фигуралардың бірін таңда

Егер квадрат таңдаған болсаң: Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады

Егер үшбұрышты таңдаған болсаң: Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

Егер шеңберді тағдаған болсаң: Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен  өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Егер зигзаг тағдасаң:Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ  шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткір ойлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

«Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай еліміздің өсіп өркендеуіне ат салысып ,болашақта жақсы маман иесі болатыдарыңа сенемін.

XXI ғасыр көшбасшысы ойыны


1. “БӘЙГЕ”. Сұраққа жауап беру . — 5 ұпай
2. “ШЕШУІН ТАП”. Алфавиттік жұмбақ шешу . -10 ұпай
3. ПОЛИГЛОТ  -30 ұпай
4. СӨЗ ҚҰРАУ  -10 ұпай
5. ТАҚЫРЫПТЫҚ ӘҢГІМЕ ҚҰРАУ  -10 ұпай
6. МАҚАЛДЫ АЯҚТА  10 ұпай
7. “ЖОРҒА” -5 ұпай
1 – кезең. “БӘЙГЕ”

1. Егеменді еліміздің тұңғыш президенті?
2. Қазақстан Республикасы өз егемендігін қай жылы жариялады?
3. ХVІІІ- ғасырда үш жүздің басын қосқан хан ?
4. Қазақстан республикасы тілдер мерекесін қашан тойлайды?
5. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі тұрған қала?
6. Конституция күнін қай күні тойлаймыз?
7. Қазақстан Ата Заңы қай жылы қабылданды ?
8. Қазақтың хандарын ата ?
9. Желтоқсан құрбаны болған халық қаһарманы кім?
10. Ту неге көгілдір түсті? Ол нені білдіреді?

2 – кезең. “ШЕШУІН ТАП
1. Тұзда бар,
Суда жоқ.
Мұзда бар,
Буда жоқ.

2. Гауһарда бар,
Гүлнарда жоқ.
Жауһарда бар,
Сәуледе жоқ.

3. Үйде бар,
Шиде жоқ.
Күйде бар,
Биде жоқ.

4. Қазда бар,
Үйректе жоқ.
Құста бар,
Шағалада жоқ.

5. Дәнде бар,
Елде жоқ.
Сәнде бар,
Селде жоқ.

6. Бірде бар,
Үште жоқ.
Екіде бар,
Бесте жоқ.

7. Қарғада бар,
Сауысқанда жоқ.
Тоғайда бар,
Аққуда жоқ.

8. Шөлде бар,
Далада жоқ.
Көлде бар,
Теңізде жоқ.

3 – кезең. “ПОЛИГЛОТ”
Жұмбақтың шешуін үш тілде айтады(қазақша,орысша,ағылшын тілінде)
1. Аспандағы алтын доп,
Жарқырайды жарық боп.

2. Қыста келген, көктемде еріген.

3. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.

4. Түк білмей барасың,      тәлімін аласың.
Есейіп кетсең де, қарыз болып қаласың.

5. Аптаның қай күні алыс жолға шығуға болады .
6. Көктемде ақ гүлге оранады, 
Күзде қолға доп болып оралады.
7. Қаласы бар, үйі жоқ, өзені бар, суы жоқ.
Орманы бар, бүрі жоқ, бақшасы бар, гүлі жоқ
8.Таудан биік,
шөптен аласа ?
4 – кезең. “СӨЗ ҚҰРАУ”
“Қазақстан”
5 – кезең “Әңгіме құра”
1. Менің отаным
2. Менің президентім
3. Менің мектебім
4. Менің күн тәртібім
5. Менің ауылым
6. Күзде                                        6 – кезең. Мақалды аяқта
1.Тарыдай болып кіресің
… болып шығасың.
2. Мектеп-кеме, білім- …
3. Күлме досқа, келер …
4. … атпа досыңды сатпа.
5. Ұстаздан шәкірт …
6. Отансыз — … ,ормансыз-бұлбұл
7. … жолдастан таяғым артық
8. …. қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады

7 – кезең. “Жорға”

1-сайыскерге:

1. Президент күні қай күні тойланады?
2. «Оқушы» сөзінің синонимы?
3. Еттен дайындалатын ұлттық тағам
4. Қазақтың ұлттық ойындарын ата?
5. Аптаның бірінші күні ?
6. Республикамыздың астанасы
7. А әріпінен басталатын ай аты?
8. Біздің Мырзакент өңірі  қай облысқа жатады?
9. Оқушыны оқытатын адам ?
10. Біздің елтаңбада не бейнеленген?
2-сайыскерге:
1. Астана  күні қай күні тойланады?
2. “Мұғалім” сөзінің синонимы
3. Біздің облыс
4. Әнұранның авторлары кім?
5. Аптаның соңғы күні
6. Бие сүтінен дайындалатын сусын
7.Эколгиялық апат аймағына айнарған өңір
8. Адамды кім емдейді?
9. Шығыстың үш алабы деп кімді атаған?
10. Мемлекетіміздің елтаңбасының авторын ата?
Ән .  Көк тудың желбірегені
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *