Басы » Кембридж бағдарламасы » М.Мағауин «Бір атаның балалары»

М.Мағауин «Бір атаның балалары»

 Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№15 орта мектеп
Мамутова Гүлдариға Төремұратқызы
Сабақтың тақырыбы: М.Мағауин «Бір атаның балалары»

М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесі бойынша тізбектелген сабақ жоспары

(6-сынып)

6- сыныпқа арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

7-апта 1-күн 1-сабақ
Сабақтың атауы Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары»
Сілтеме Оқулық ; М. Мағауин шығармалары;

Слайдтан тапсырма көздері;

Жалпы мақсаттар Сыни ойлау көзқарасын дамыта отырып, әңгіменің мазмұнымен танысу, тақырыбы мен идеясын ашу;  жағдаятты шешу арқылы сабаққа  қызығушылығын арттыру;  білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқытуды қолдану арқылы  негізгі идеяны түсіну;    өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру;  ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау;
Оқыту  нәтижесі Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді; өз біліміне есеп беріп, бағалауға үйренеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі; өзге топтарды тыңдауға үйретіледі.
Негізгі идея «Жетім көрсең, жебей жүр»
Тапсырмалар І. Топқа бөліну: Достық, Татулық, Ынтымақ, Бірлік.

Психологиялық дайындық:

Соғыс жылдарындағы ауыл өмірі туралы бейнеролик көрсетіледі.

—          Балалар, бейнероликтен не көріп отырсыңдар?

—          Соғыс жылдарындағы өмір.

—          Дұрыс айтасыңдар, ендеше біздің бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?

—          Соғыс жылдарындағы өмір, балалар туралы.

—          Дұрыс, балалар, бүгінгі сабағымызда Ұлы Отан соғысы

жылдарындағы ауыл өмірі, жетім балалар тағдыры туралы жазылған шығармамен танысамыз. (ҰОС туралы қысқаша тоқталу).

Тақтада слайд көрсетіледі.

—          Тақтадан кімнің суретін көріп отырсыңдар?

—          Мұхтар Мағауин- жазушы.

—          Қандай шығармаларын білесіңдер?

(Слайд көрсетіледі: Мұхтар Мұқанұлы Мағауин- тарихшы, жазушы, драматург, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі,  ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты , Қазақстанның халық жазушысы )

1-тапсырма: Оқушылар берілген парақшалардан дұрыс жауапты алып, топтастыру құрастырады.

жазушы                                 драматург

 

 


   тарихшы                                                  зерттеуші

 

 


                        ғалым                  қоғам қайраткері

2-тапсырма: Мәтін мазмұнымен танысу

І топқа – «Бастау» бөлімі

ІІ топқа – «Зигфрид Ахметұлы» бөлімінің басынан бастап, «…Көкем айтқан»…сөйлеміне дейін

ІІІ топқа – осы әңгімеден «…Ауыл балаларымен кездесу…»деген сөйлемнен бастап, аяғына дейін.

ІҮ топқа – мәтін түгел беріледі. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, өздеріне берілген бөліктің мазмұнын айтып береді. «Толықтыру» тобындағылар әрбір топтан кейін сөз алады.

Сөздік жұмысы: Сыр сандық. Слайд.

Зәузатынан-баласынан деген мағынада

Сұлбасы-бейнесі

Раса-нәсіл. Жер бетінде адамдар өң-түсіне байланысты, ақ, қара, сары нәсіл деп бөлінеді.Қазақтар сары,немістер ақ нәсілді деп есептеледі.

Лобогрейка-егін шабатын техника.

Детдом- жетім балаларды тәрбиелейтін үй.

 

Бастама-жауап-кейінгі әрекет (Мерсер 1995ж.)

Бастама(мұғалім): Қазіргі таңда біздің елімізде жетім балалар үйі бар ма?

Жауап(оқушы): Ия, еліміздің әр түкпірінде жетім балалар үйі бар.

Кейінгі әрекет(мұғалім): Дұрыс айтасыңдар.

Бастама(мұғалім): Балалардың жетім атануына не себепті деп ойлайсыңдар?

Жауап(оқушы): Ата-аналарының өмірден өтуі, отбасындағы түсініспеушілік, тұрмыс-жағдайының қиындығы, ата-аналарының ішкілікке, нашақорлыққа салынуы, т.б.

Кейінгі әрекет(мұғалім): дұрыс

Бастама(мұғалім): Осындай өмірде тағдыр тауқыметін көрген балаларға мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетіледі?

Жауап(оқушы): Мемлекет ол балаларды өз қамқорлығына алып, тәрбиелейді, білім береді, жақсы демалуына, балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайларды жасайды. Бірақ қанша жағдай жасалса да, өз ата-анасы болғанға не жетсін?

Кейінгі әрекет(мұғалім): дұрыс, қай уақытта да өз ата-анасындай болмаса да, мемлекет жетім балаларды қараусыз қалдырмаған, өз қамқорлығына алған. Өздерің мәтіннен оқығандай, ҰОС жылдарында да мемлекет жетім балаларды әр отбасына бөліп беріп, олардың отбасында өсуіне жағдай жасаған. Тіпті ұлтына, нәсіліне де қарамай, адам баласының  барлығын бірдей көрген.

3-тапсырма:

Қазақстан Республикасының Халықтары Ассамблеясы туралы бейнеролик көрсетіліп, сол бойынша оқушылардың пікірлері тыңдалады (постер қорғау-10 минут)

 

4-тапсырма:

 «Әңгіме кестесі» интерактив тақта арқылы орындау

 

Сатылай кешенді талдау:

1.Әңгіменің аты, авторы.

М.Мағауин «Бір атаның балалары»

2.Тақырыбы:

Ұлы отан соғысы жылдарындағы

қазақ ауылының өмірі, жетім

балалар тағдыры, бауырмалдық,

адамгершілік

3.Идеясы:

Қазақ халқының бауырмалдық,

адамгершілік қасиеттерін дәріптеу

4.Тәрбиелік мәні:

Бауырмалдыққа, қайырымдылыққа,

адамгершілікке, ынтымаққа

тәрбиелейді

5.Жанры:

 


                                            Проза, повесть

 

Үй тапсырмасы  «Біз – бейбіт елдің ұландарымыз» деген тақырыпқа шығарма жазып келу.
Бағалау Бағалау парақшасы

Оқушы Үй тапсырмасы 1-тапсырма 2-тапсырма 3-тапсырма 4-тапсырма 5-тапсырма Қорытынды баға
1              
2              
3              
4              
5              
«жарайсың», «алға», «қалма»

Смайлик арқылы оқушылар өз-өзін бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6- сыныпқа арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

7-апта 2-күн 2- сабақ
Сабақтың атауы Кейіпкерлер бейнесі. Зигврид Ахметұлы
Сілтеме Оқулық ; М. Мағауин шығармалары;  Слайдтан тапсырма көздері;
Жалпы мақсаттар Шығарма мазмұнын қайталай отырып, оқушылардың кейіпкерлерге толық мінездеме беруіне, тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туғызу, кейіпкер арасындағы ізгілік қарым — қатынасты талдау, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу; Сыни ойлау көқарасын дамыта отырып, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқытуды қолдану арқылы  негізгі идеяны түсіну; өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру;  ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау; Ынтымақтастыққа, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі Оқушылар шығарма кейіпкерлерін жан — жақты талдап, олардың арақатынасын анықтайды. Әр оқушы кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, зерттеу жүргізеді, өз ой — пікірін білдіре алады. Шағын топта бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарады, біріге қорытынды жасайды. Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді; өз біліміне есеп беріп, бағалауға үйренеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі; өзге топтарды тыңдауға үйретіледі.
Негізгі идея «Сыртқы түр-перде. Ішін айт, пиғылын айт» (Мәтіннен Ахметтің сөзі)
Тапсырмалар Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасы: «Біз – бейбіт елдің ұландарымыз» деген тақырыпқа шығарма жазып келу.

Топқа бөліну: стикер ақылы бөлу

1-тапсырма.

«Миға шабуыл»

Шығарманың мазмұны мен кейіпкерлерін тереңірек ұғыну үшін проблемалық-бағыттаушы сұрақтар ұсынылады. «Диалогтік оқыту» қолданылады

1. Шығарма кімнің сөзімен басталады, оның сөзінен нені байқауға болады?

2. Шуылдасып, таласып тұрған балалар неге тына қалды?

3. Ахмет ақсақал мен Дәуренбек арасындағы түсініспеушілік неден туындады?

4. Ахмет ақсақалдың отбасына Зигфридтің бауыр басып кетуіне кімдер ықпал етті?

5. Ахмет өз ұлдары мен Зекеннің қандай мінез-құлықтарын ұқсастырады?

Сұрақ- жауап:   5 мин

2-тапсырма

Мағынаны тану:

М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінен үзіндідегі

шығарманың кейіпкерлерін талдау жұмыстары.

 

Үзінді Кім туралы? Көрінетін мінез қыры Ұстанымы
«Қызметімді сыйламай, сойыл ала жүгірдің,…»      
«-Еміс деп, орыс,қазақ деп бөлу пайғамбарға шет,құдайға күнә…»      
«Сеңкі аға тірі,..Меңкі үш аға өлген…Келім…бет…Жолым…бет…»      

 

Күтілетін нәтиже: Басты кейіпкерлердің тұлғалық мінездемесі, келбеті топта талданып, кейін біріктіріледі.

Кейіпкерлердің ұстанымдарын талдау:

1.«Бәріміз бір өзеннің арнасы,

Бір атаның баласымыз»,

2.«Сыртқы түр — перде. Ішін айт, пиғылын айт»

3.«Жауды аяған жаралы»

3-шығармашылық тапсырма:

Басты кейіпкер Зигфрид іс — әрекетін саралау.

Күтілетін нәтиже: оқушылардың кейіпкердің тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туады, кейіпкерлер арасындағы ізгілік қарым — қатынасты талдап, адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленеді.

Зигфрид Вольфганг Вагнерден Зекен Ахметұлы Бегімбетовке дейінгі іс — әрекеттерді саралау. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы үлгісінде талдау:

                                           Зекен Ахметұлы Бегімбетов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Зигфрид Вольфганг Вагнер

 

 

Үй тапсырмасы.

РАФТ стратегиясы бойынша арнау хаттарын жазу

Р-роль-оқушы

А-аудитория-сынып

Ф-форма-хат жазу

Т-тақырып-Арнау хат

1 — топ Зигфридтің Ахметке алғыс арнауы

2 — топ Зигфридтің Дәуренбекке түсініспеушілік хаты

3 — топ Зигфридтің соғысқа қарсылық жолдауы

4-топқа Зигфридке хат

Бағалау

Бағалау парақшаларын пайдаланамын

Оқушы Үй тапсырмасы 1-тапсырма 2-тапсырма 3-тапсырма Қорытынды баға
1          
2          
3          
4          
5          
«жарайсың», «алға», «қалма»

Оқушылар өзін-өзі білім ағашы арқылы бағалайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6- сыныпқа арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

8-апта 3-күн 3-сабақ
Сабақтың атауы М.Мағауин «Бір атаның балалары». Мәтінмен жұмыс
Сілтеме Оқулық; М. Мағауин шығармалары; Слайдтан тапсырма көздері;
Жалпы мақсаттар Сыни ойлау көқарасын дамыта отырып, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқытуды қолдану арқылы  негізгі идеяны түсіну;өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру;  ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау; таныстыра отырып, идеясын ашу,қазақ отбасындағы ер баланың орнын ұғындыру.Жазушының жанр шеберлігінде жеткен жетістіктерін таныту, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту. Ынтымақтастыққа, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді; өз біліміне есеп беріп, бағалауға үйренеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі; өзге топтарды тыңдауға үйретіледі.
Негізгі идеялар «Адам баласына адам баласының бәрі – дос, жолдас, бауыр» Абай.
Тапсырмалар 1.Үй тапсырмасын тексеру:

РАФТ стратегиясы бойынша арнау хаттарын тыңдау;

Р-роль-оқушы

А-аудитория-сынып

Ф-форма-хат жазу

Т-тақырып-арнау хат

1 — топ Зигфридтің Ахметке алғыс арнауы

2 — топ Зигфридтің Дәуренбекке түсініспеушілік хаты

3 — топ Зигфридтің соғысқа қарсылық жолдауы

4-топқа Зигфридке хат

2.Топқа бөлу: сурет қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөліну 

1-тапсырма:

«Мені түсін» оқыта үйрету ойыны.

Оқушылар әрбір бөлім бойынша түйінді сөздерді жазады. Соңында мұғалім даярлаған түйінді сөздермен салыстырып (интерактив тақта арқылы) тексеріледі.

1. Ұзағынан сүйіндірсін…

2. Зекен Ахметұлы Бегімбетов болып оянды…

3. Еркін сөйлейтін дәрежеге жетті…

4. Дәуренбек қолма-қол ғафу өтінді…

5. Ахаң төменгі колхозға көшіп кетті…

2-тапсырма:

«Екі жақты күнделік» әдісі бойынша өзіне ұнаған үзіндіні қолданып, неге алғанын түсіндіру.

Мәтіннен үзінді Не себепті таңдадыңыз?
 

 

 

 

3-тапсырма:

Мәтінде кездесетін қазақ халқының салт-дәстүрлері ұлттық ойындары:

тілін кәлимаға келтіру,  көкпар,сүндетке отырғызу, күрес,асық жілік ұстар тойы,«Айгөлек», асық…Слайд көрсетіледі. (10 мин-постер қорғау)

4-тапсырма:

Тест тапсырмасы.

1. – Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал.(Кімнің сөзі?)

а) Дәуренбек; ә) Ахмет; б) басқарма; в) есепші

2. Қара галифе шалбар, әскери гимнастеркалы жігіт кім?

а) Берден; ә) Дәуренбек; б) Тілеубай; в) Бегімбетов

3. Ауылға неше жетім бала келді?

а) алты; ә) бес, б) жеті, в) төрт

4. Ахмет ақсақал Сейітбек қожаны не үшін шақырды?

а) тілін кәлимаға келтіру үшін; ә) қазақша ат қою үшін; б) сүндетке отырғызу үшін; в) шашын алдыру үшін

5. Кеште айтылған әндер.

а) «Маңмаңгер», «Ақ босаға»; ә) «Бір бала», «Жеті арал жерім-ай»;

б) «Күміс құмған-ай»; в) «Атамекен»

6. «Жауды аяған жаралы» дегенді білмеуші ме едің? – деп Дәуренбек кімге айтты?

а) басқармаға; ә) Ахметке; б) елге; в) өз-өзіне

7. Зигфрид қай дыбыстарды дұрыс айта алмайды?

а) Ғ;  ә) Ұ, Ү;  б) Х, Ң; в)  Қ

8.Ертай мен Нартай неге ажырағысы келмеді?

а) үйренісіп қалғандықтан; ә) бір үйдің балалары; б) еш себепсіз; в) достар

9. Зигфридтің мінезі қандай?

а) кекшіл; б) жайдары, пысық; в) қорқақ; г) бұзық

10. Ахмет ақсақал қай ауылға қоныс аударды?

а) «Қызыл ту»; б) «Ауыл тұрмысы»; в) «Қайрат»; г) «Қайыңды»

(Интерактив тақтада жауабы беріледі-топтық тексеру 1-топ пен 2- топ, 3-топ пен 4-топ бір-бірінің дұрыс жауабын  тексереді)

5-тапсырма: «Бес жолды өлең» стратегиясы арқылы сабақты қорытындылау:

1.Зат есім.Ахмет/ Зигфрид

2.Сын есім. Зат есім. Өнегелі қарт/ Жайдары бала

3.Синоним.Ақылды,бауырмал, дана,қамқор/ өжет, пысық, бауырмал

4.Етістік. Бауырына басады, тәрбиелейді/ үйренеді,жалықпайды

5.Сезіну.Ахмет-қазақ халқының асыл қасиеттерін бойына жинаған

дана қария/ Зигфрид-өзінің пысықтығы, жайдары мінезі арқылы

атасының көңілінен шыға білген бала.

 

Үй тапсырмасы Әңгіме бойынша сөзжұмбақ құрастыру.
Бағалау

Бағалау парақшаларын пайдаланамын

Оқушы Үй тапсырмасы 1-тапсырма 2-тапсырма 3-тапсырма Қорытынды баға
1          
2          
3          
4          
5          
«жарайсың», «алға», «қалма»

 

[bws_related_posts]

1 пікір

  1. согыс кезиндеги ауыл омири туралы видеоролик жибере аласызба?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *