Басы » Бастауыш сыныптар » Білім тарланы

Білім тарланы

kernei«Керней орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Ахметжамиева Айгерим Акжановна
(Талантты және дарынды балаларды оқыту)
Тақырыбы: Білім тарланы
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін  одан әрі тереңдету, шапшаң
    ойлауға, әр іске логикасы мықты болуға бейімдеу.
Ұранымыз:

        Білімді мыңды жығар !

 

Турлар Тапсырмалар

Жауабы:

1-тур «Ескірмейтін есті сөз»  5 пен 0-ді сызып шық. Қандай сөз шықты? А5л0т5ын ұ5я0ң – 5от5а0н 5қ50ы5м0б5ат,

Қ5ұ0т б5е5р5е0к5ең – ат50аң 5қы5м5б0а5т.

Тапсырма:

 6 мен 0-ді сызып шық. Қандай сөз шықты?

Б0а6й  бо6л0с6аң, х6а6л0қы6ңа  6пайд60аң ти6сін,

Ба6ты6р б6олс6аң, жа6у0ға н6айз6аң т6ис0ін.

 

Жауабы:Алтын ұяң –Отан қымбат,

 Құт берекең –атаң қымбат.

                                                        (Қазбек би)

Бай болсаң , халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.

                                                        (Әйтеке би)

 

2 –тур Ұлы тұлғалар Блиц-сұрақтар

 

 

1-сұрақҚазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам  кім?

«Ата-енең қартайса-

Тіреу болар бұл оқу.

Кімнің өлең жолдарынан алынған?

 

2-сұрақ

« Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай , жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбр дұшпан басынбаған елміз, басымыздан елді асырмаған елміз. …….Қай бидің сөзі ? »

 

3-сұрақ

«Ата-ана алдындағы борышың» деген тіркестегі «борышың» сөзін басқаша қалай атауға болады?

4-сұрақ

Өлең жазатын адамды қалай атайды?

5-сұрақ

Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?

6-сұрақ

Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уалиханов туралы жазған жазушы кім?

7-сұрақ

«Адам баласының ең жаманы-…»

8-сұрақ

«Өсек, өтірік,мақтаншақ,еріншек, бекер мал шашпақ» кімнің өлеңінде айтылады?

 

 

 Ыбырай Алтынсарин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазбек би

 

 

 

 

 

 

 

 

Міндетің

 

 

 

 

Ақын

 

Ыбырай Алтынсарин

 

 

 

С.Бегалин

 

 

 

 

   Абай Құнанбаев

3-тур « Кім? Қашан? Қайда?»  Үш  топқа ақынның аты беріледі. Олар сол адамдар туралы не біледі, яғни Кім?қайда? қашан? Сұрақтарына жауап іздейді.   1-топ: Ыбырай Алтынсарин2-топ Абай Құнанбаев

3-топ Қаныш Сатбаев

 

4-тур   «Кім тапқыр?»  ž Аю сөзіне дыбыстық талдау жаса. І топž Ұя сөзіне дыбыстық талдау жаса.  ІІ топ

ž Тақия сөзіне дыбыстық талдау жаса ІІІ топ

 

 
5-тур «Қоржын ішінде жасырынған зат» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-тур «Кім жылдам?»

 

Бірде Фараби әмір сарайына барыпты. Онда әкімдер , ғалымдар, өнерпаздар көп жиналған екен. Қыпшақтарша киінген Фараби жиналған халықты осы затпен біресе күлдіртіп, біресе жылатып, соңында ұйықтатып кетеді. Ол не зат? 

Бір бала қалада оқып, қазақтың сөздерін ұмытқанын айтады. Әкесі осы затпен көмегін тигізуін сұрағанда, ол не зат екенін сұрайды. Тысқа шығып, осы затты байқамай басып кеткенде сол заттың атауы тез есіне түседі. Ол не зат?

 

  Домбыра  

 

 

 

 

 

 

Таяқ

 

 

 

 

 

 

6-тур «Ерте, ерте ертеде» 
  1. 1.     «Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де ,қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбексүйгіш қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім бар.»
  2. 2.     «Қазбай қазанды алып, шалға есекті беріп жібереді. Шал есекті алып, үйіне қайтады.
  3. 3.     «Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың бірін де қайтармайды. Бір күні түлкі келеді…»

 

(Байлық пен ақыл) 

 

 

 

 

 

(Ұр, тоқпақ)

 

(Арыстан мен түлкі)

 

7-тур «Кім жылдам?» ž ЕКЖТБІРІНШІКЕАТБПАž РИЖИЫЖЕЛТОҚСНШПРЖДРА

ž ДЛПРЕЗИДЕНТЕШЕС

ž АНКШКҮНІЖДЗГ

 

1-желтоқсан –Президент күні (оқушылар Елбасымыз туралы әңгімелейді)
Қорытынды   Білем деме , балам,Білмейтінің көп шығар.

Бәрін білген адам,

Дүниеде жоқ шығар.

Көп білуге ұмтылған,

Көз жұмғанша оқиды.

Көз жұмғанша оқыған

Көп нәрсені тоқиды.

 

 

 

Талантты және дарынды балаларды анықтау барысында «Білім тарланы» атты сайысты 3-сыныпта өткіздім.

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін  одан әрі тереңдету, шапшаң   ойлауға, әр іске логикасы мықты болуға бейімдеу.

Оқушыларды «Ойшылдар», «Тарландар»,», «Тапқырлар»  деп үш топқа бөлдім. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық қабілеттерін, арттыруға байланысты сұрақтар дайындадым. Оқушылар әрбір тапсырманы қызығушылықпен орындады. 

Сайыс кезінде  кезінде байқағаным, топтағы ынтымақтастық атмосферасы адамның түсіну деңгейіне өзіндік әсерін береді екен. Топ мүшелерінің арасындағы серіктестік қарым-қатынас, оларды ортақ келісімге келіп, топқа ортақ пікірді негіздеуге жетеледі.

Дарынды балаларды ұжымнан бөліп, жеке жұмысқа тартудан гөрі оларды топтық әрекетке тартып, сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуге үйретудің тиімділігін мол.Өз зерттеу жұмысымның мақсатын келесідей тұжырымдадым: оқушыларды топтағы белсенді әрекетке жұмылдыру арқылы олардың топтағы серіктестік қарым-қатынасын  және бір-бірінің түсіну деңгейін артыру.

Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы ондағы оқушылардың қарым-қатынастағы шиеленістікті жою, олардың арасында өзара серіктестік және түсіністік қарым-қатынасты орнату оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, жалпы сыныптағы оқушылардың қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.  Сонымен қатар, дарынды балалардың ішкі потенциалын ашуға бағытталған әрекеттерді ұйымдастыру олардың топтағы оқушылармен жақсы қарым-қатынасын орнату арқылы, өз сенімділіктерін дамытуға жол ашады. Оқушылар бірі-бірімен сұрақтарды талдап, ортақ шешімге келіп отырды.

Сыныптағы 12-і оқушының ішінен «Білім тарландар» Усина Саяжан, Цамакаев Алихан, Есенжолова Дильназ, Еркинов Санжар, Игсатова Наргиз атанды.

  [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *