Қызылорда қаласы,Ж.Махамбетов ауылы
№143 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Еламанова Сәбира
Сабақтың тақырыбы: Егіншілік пен мал шаруашылығы
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың егіншілік мал шаруашылығы туралы алған білімдерін тиянақтау,әрі жетілдіру. Төрт түлік жөнінде мағұлматтар беру,түсіндіру.
2.Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру,танымдық белсенділіктерін арттыру,шығармашылық жұмыс жасауға,ізденуге үйрету;
3.Қоршаған ортаны аялауға баулу.Төрт түлікті күтуге сезімталдыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ –жауап,ой қозғау.
Көрнекілігі: суреттер, слайд,
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі ,әдебиеттік оқу; бейнелеу
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық .(Балалардың көңіл күйін ауа райы суреттері арқылы білу).
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Пікірталас.
А) Суқоймаларының Қазақстанда тұратын адамдар үшін қандай маңызы бар ?
Б) Адамдар суқоймаларын сақтап қалу үшін қандай шара қолданады?
В) Өсімдіктер мен жануарларға адамдардан қандай зиян келеді?
Оқушылар: «Менің ойымша….», «Мен сенімдімін….» деген сияқты сөйлемдермен бастап , ойларын айтады.
Г) Кел, ойланайық ! Мақалдың мағынасын ашу.
Сулы жер- нулы жер.
Д) Суқойма сөзіне ассоциация.