Басы » Информатика » Алгоритм түрлері

Алгоритм түрлері

Оңтүстік Қазақстан Облысы,
Кентау қаласы,
Ататүрік атындағы №4 мектеп — лицейі,
Сарбасова Қалдыкүл Қамбарқызы
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік –  алгоритмнің сызықтық, тармақталған түрлері туралы білім беру.
 Дамытушылық  – Оқушылардың алгоритм жазу ережелерін қолдануда қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып,
                       ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке жан-жақты тәрбиелеу.

Сабақтан күтілетін нәтиже: Оқушылар алгоритмнің сызықтық, тармақталған түрлері туралы біледі. Алгоритмнің жазу ережелерін қолдану арқылы алгоритмнің түрлерін анықтай алады.

Уақыт

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Керекті жабдықтар

3 минут Ұйымдастыру кезеңі.

Сергіту сәті.

 

 

Оқушыларды топқа бөлу.

Мозаикаларды құрастыру арқылы  2 топқа бөлу.

 

Оқушылар арнайы бейнеролик арқылы дене жаттығуларын жасайды.

Оқушылар мозаикаларды құрастыру арқылы 2 топқа бөлінеді.

 

Арнайы бейнеролик.

 

 

Мозаикалар.

10 минут Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында

ACTIVOTE бағдарламасымен жасалған тест сұрақтарына жауап беру.

Оқушылар ACTIVOTE бағдарламасының көмегімен тест сұрақтарына жауап береді. ACTIVOTE бағдарламасының құралдары, интерактивті тақта, компьютер.
20 минут Жаңа сабақ.

Мәтіннің тақырыптары 2 топқа бөлініп, тапсырма беріледі.

I – топ. Сызықтық алгоритм.

II – топ. Тармақталған алгоритм.

Дәптермен жұмыс.

Мұғалім оқушыларға Алгоритмнің түрлерін, олардың анықтамаларын дәптерлеріне жазып алуын ұсынады.

 

Әр топ бөлініп берілген тақырыпшаларды оқып, талқылап, постерге түсіреді. Тақтаға шығып қорғайды.

 

Оқушылар Алгоритмнің түрлерін, олардың анықтамаларын дәптерлеріне жазып алады.

 

Оқулық, А3 қағазы, түсті қаламдар, стикерлер.

 

 

 

Оқулық, дәптер, қалам.

5 минут Сабақты бекіту.

Тақтадағы жіпке ілінген сұрақтар арқылы жаңа сабақты пысықтау.

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

 

 

4 минут Бағалау.

Бірін – бірі бағалау әдісі.

 

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.

 

Бағалау парақшасы.

2 минут Кері байланыс.

«Сөйлемді аяқта»

Оқушылар кері байланыс «Сөйлемді аяқта» атты плакатқа өз ойларын стикерге жазып, жабыстырады. Плакат «Сөйлемді аяқта», стикерлер, «Басбармақ» бағалау әдісі.
1 минут Үйге тапсырма.

Сызықтық және тармақталған алгоритмдер құрастыру.

Оқулықтың 67 – бетіндегі тест сұрақтарына дайындалып келу.

 

Оқушылар үйге берілген тапсырманы белгілеп алады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *