Басы » Бастауыш сыныптар » Ю әрпінің жазылуы

Ю әрпінің жазылуы

Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№15 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Султанова Сауле Егизбаевна
Сабақтыңтақырыбы: Ю әрпінің жазылуы

Сабақтыңмақсаты:

1. Оқушыларға Ю әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру.
2. Балалардың таным белсенділігін дамыту, ойларын қорытындылау, сұрақтарға жауап беру. Әдемі,қатесіз, көркем жазуға қалыптастыру.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, оқулық, карточкалар, ребус.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану,

Әдісі: сұрақ — жауап, ойын, деңгейлік тапсырмалар.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Психологиялық дайындық.

Қонақ күту — салтымыз,
Оқып — біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге
Сәлемдестік жалпымыз.
ІІ. Үй жұмысын тексеру:

Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
1.  -«Я» дыбысы қандай дыбыс?
-«Я» дауысты дыбысы
2. — И әрпінен кейін қандай әріп жазылады?
— И әрпінен кейін я әрпі жазылады.
ІІІ. Мағынаны ажырату.Жаңа сабақ.
— Жаңа сабақты түсінуіміз үшін, жұмбақтың шешуін табуымыз керек

Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады. (Аю)

— Қандай сөз шықты?
— Аю қайда болады, ол нені жақсы көреді?
Оюдың суреті.
— Оюды кімдер ояды, қандай ою түрлерін білесіңдер?

1. «Ю» дыбысын бір неше рет қайталап дыбыстау.

2. Оқушыларға «Ю» дыбыстан екі дыбыстан тұратыны туралы
және  и+у дыбыстарының қосылуынан жасалатындығына түсінік беру.
Айу — аю, ойу — ою,
3. Оқулықпен жұмыс
71- жаттығу. Суретке қарап әңгімелеу.

— Қане балалар, «аю, ою» сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
— Аю, ою. Бұл сөздерде 2 әріп, 3 дыбыс бар)

4. Дәптермен жұмыс.

72- жаттығу.Өтірік өлеңді көшіріп жазып, «ю» әріпінің қандай дыбыстардан құралғанын айту.

73- жаттығу. Топтық тапсырма.  Суретпен жұмыс.

— Аю ,балды өте жақсы көреді. Бірде аю орман аралап келе жатып араның ұясын көреді. Аюдың бал жегісі келді. Аю араның ұясына қолын салды. Аралар аюды шағып алды.

Тәтті балға тоюды,

Ойлап аю,

Омартаны ториды.

— «Ю» әрпінің астын сызып, оның дыбыстардың орнына жұмсалғанын түсіндір.

ІY. Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың, Құлпынай көп екен.
Теріп, теріп аламыз, Қалтамызға саламыз.

«ЙУ»,»Ю» дыбысыбарсөздерн оқудаіоқушыларкөпшатасады. Сондықтан74- жаттығуда сабақтамұғалімніңкөмегіменталқылануытиіс. Сөздерге у дыбысы қосылғанда олар қалай жазылатындығы туралы айтылады.

—       Балалар, мына сөздерге  у әрпін қосса, қандай өзгеріс болады.

  • күшей — у
  • молай — у
  • той-  у
  • көркей-  у
  • тыңай-  у

75-жаттығу. Сөздерді көп нүктенін орнына «йу», «ю» әріптерінің тиістісін кқшіріп жазып, неліктен сол әріпті қойғандығынды дәлелде.

—       Үлке…, шалқа…,  есе…, сарға…

76- жаттығу.

«Баларасы» ребус шешуіндегі сөзге әңгіме жазу.

Әр топтан 3 — 4 оқушыға оқыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *