Басы » Дене шынықтыру » Пешка. Пешканың ойынға қатысуы.

Пешка. Пешканың ойынға қатысуы.

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы № 6орта мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Жанғанашова Нұржамал Қасымханқызы
Сабақтың тақырыбы:     Пешка. Пешканың ойынға қатысуы.
Сабақтың мақсаты:              1.   Пешканың орналасуы .Жүру, жеу  ережелерін  түсіндіру.
2.   Есте сақтау қабілеттерін дамыту
3.  Адамгершілікке,  ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен пайдаланған әдебиеттер:              шахмат тақтасы,  пешкалар, шахмат дәптері;   «Шахмат- ойлылар ойыны» С.Сауханов.
Ұйымдастыру.
1.Оқушыларды түгендеу
2. Өткен сабақты қайталау
3.Жаңа сабақты түсіндіру
4.Бекіту
5. Үйге тапсырма.
Сабақ барысы.
Салемдесіп, жоқ оқушыларды  белгілеп  алып ,  өткен сабақты  қайталау (сұрақ-жауап).
Өткен сабақта  шахмат ойыны туралы терең  мағлұмат алдық.
Қайталау сұрақтары:

Шах  ережесін қалай түсінесіздер?
Мат ережесін қалай түсінесіздер?
Шахмат ойынының мақсаты неде?
Қандай фигураларды танисындар және олардың бастапқы орналасуы.
Жаңа сабақ түсіндіру.
Өткен сабақта біз шахмат ойыны  соғыс ойынына ұқсайды және сол соғыс(шайқас)  шахмат тақтасында өтеді  дегенбіз.  Шахмат  тақтасы туралы терең  , жан-жақты  түсінік алдық.  Шахмат  тақтасының    құрылымы,  бетіндегі   әрбір  шаршының  , әр фигураның өзіндік аты , орналасу орны,   фигуралардың  жүрісі мен  жеу  жолдарын  үйрендік
Шахмат  тақтасында  солдан оңға  қарай төрт  ақ , төрт  қара  шаршылар  кезектесіп  тұр . Мұндай қатарлар  саны — 8,  осы қатардың әрқайсысы горизонталь деп аталады және 1-ден 8-ге дейн сандармен  белгіленген   және   төменнен жоғары  шаршыларды санасақ  тік қатар  құрайды, ол қатарларды  вертикаль  деп атаймыз және олар латын әріптерімен  белгіленеді  a, b, c, d, e, f, g, h  және былай оқылады:а-а, в-бэ, с-це, d-дэ, f- эф,   g –жэ,   h-аш  дегенбіз. .
Бүгін біз шахмат ойынының  шахмат тақтасында   пешкалардың   дамуын  үйренеміз.
Шахмат тақтасының  бірінші және сегізінші қатарларда орналасатын фигуралармен танысып өттік. Енді  сол фигуралардың алдында қатар түзеп тұратын пешкалармен танысамыз.
002_1800

Пешка басқа фигураларға қарағанда жүріс жағынан әлсіз болып келеді. Ол алғашқы орында орналасып тұрғанда  ойнаушының еркіне қарай вертикаль бағытта , тек алға қарай  бір немесе екі  шаршыға  жүре алады. Пешкалар артқа қарай (кейін) жүре алмайды. Біз танысқан фигуралар  қарсыластың фигураларын тек жүретін жолдарында  тұрса   ғана  жей  алатын еді.  Ал пешканың  фигура жеу тәртібі тіптен басқаша, ол жүргенде  тура жүріс жасағанімен  қарсыластың фигурасын жеу кезінде  тек  қиғаш келгенде  ғана жеп, алған фигураның орнына өзі көшеді.  Енді осы  ережелерді  тақта  бетінде көрсетейік.

               
               
               
               
        х      
    х  
         
               

а    b     c    d    e    f     g      h

е2 шарсысында тұрған пешка бастапқы позицияда болғандықтан  е3-ке  де  е4-ке  де  жүре  алады, оны өзінің қалауың   біледі.  Ал  пешка  е3  шаршысында тұрса  ол тек бір шарсы ғана жүре алады. Диаграммадағы  b2 шаршысында орналасқан пешкаға  қарайық: біріншіден  ол жан-жағындағы қара пешкаларға қарамастан алға қарай жүре алады  немесе  а3, c3 тұрған қарсыластың  бір пешкасын  жей   алады.

Енді мына жағдайға көңіл бұрайық:  g2 шаршысында тұрған пешканың жүру мүмкіндігі жоқ, алға қарай жүре алмайды, өйткені қарсыластың пешкасы тұр, ал  оны аттап кетуге немесе жеп қоюға болмайды ереже  ұрықсат  етпейді. Бірақ h3 тұрған қарсыластың пешкасын жеп алуына болады, сонда g2  тұрған пешка  h3 тұрған пешканың орнына  орналасадыда h3 орналасқан қарсыластың пешкасы жойылады және  бұл жағдай қысқаша былай жазылады ,    мысалы  g2-h3 жазуы былай оқылады  g2- дегі пешканы    h3 шаршысына жүрген  немесе  g2:h3.

Тағы бір жағдайды қарастырайық.  е7 шаршысында тұрған пешка f8 тұрған қарсыластың атын жеумен қатар сегізінші қатарға орналасады. Бұл жағдайда қарапайым пешка Ферзі фигурасына ауысады.( қалауың бойынша басқа фигура алуына болады) және бұл жағдай былай жазылады  e7:f8Ф.

          А    
             
               
               
       х      
       х        
             
               

A     b    c   d        e   f     g    h

Бастапқы позицияда  d2 тұрған пешканы d4-ке жүрдік делік , ал  e4шаршысында қарсыластың пешкасы тұр. Мұндай  жағдайда « өткелден» өтіп кеткен ақ пешкасын қара пешка жеп қоя алады және ақ пешканың орнына емес оның кесіп өткен шаршысына көшіріледі де былай жазылады e4:d3. «өткелден» өткен сол бойда жеп  алмаса кейін бір жүріс жүріп кеткеннен кейін жеуге болмайды. Сонымен пешка жай, әлсіз фигура болғанменен оның жүрісі мен жеу жолдарында қыр сыры көп күрделі фигура  екеніне көз жеткіздік.

 Бекіту сұрақтары:

—          Пешканың бастапқы орналасуы

—          Пешканың жүрісін тақтадан көрсет және қысқаша  жазылуы

—          Пешканың жеу жолдары және оны қысқаша жазу ережесі

—          Екінші қатарда орналасқан пешка сегізінші қатарға жеткен жағдайда не өзгереді?

—          «өткелден» пешканы қалай түсінесін?

Шахмат тақтасына пешкаларды орналастырып ойнату және ережелерді сақтай білуге баулу.

Үйге тапсырма: шахмат фигураларын ,пешкаларды орналастырып  ойнау. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *