Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы Құйған ауылы
Құйған орта мектебі
Касенова Жайнагуль Самбесовна
«Сыбдыры сұлу Алтын күз»
(сыныптан тыс шараның жоспары 5-8 сыныптар арасында)
Айсултан: Кеш жарық құрметті көрермендер!
Нурай:Бармысыздар жақсы ниетпен келген ұстаздар қауымы!
Арина: Қош келдіңіз көрермен
Алтын кұз кешіне
Отырыңыз қол соғып
Шат күлкіге бөлене
Көбейді құт береке
Құтты болсын мерекең
Алтын күзді тойлаймыз
Айсултан: Жыр сыйлаған нұр сыйлаған тірлікке
Қастерледік қадіріңді білдік те
Құтты болсын «алтын күз» жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке
Ән: « Мерекеңмен» Нурай, Мөлдір, Жансая
Арина: Енді кешіміздің жұлдызды топтарды қошаметпен ортаға шақырайық
Тамаша сынып
Күз береке сынып
Күз кереметі сынып
Алтын күз сынып
Нурай: Баяғы өткен заманда
Дін мұсылмен аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан
Ал, бүгінгі заманда
Жюри деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң
Әділ қазы деп шыққан
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділ қазылар
алқасымен таныстырып өтейік
Айсултан:Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қожариянова Қымбат апай
Арина: Мерекелік сайыстың жоспарын тағы да естеріңізге салып өтейін
1. Таныстыру
2.Мәнерлеп оқу күз тақырыбында проза, поэзия
3.Күлкі өмір ұзатар көрініс
4.Логикалық сұрақтар
Айсултан: Сонымен казір әр топтың топ басшысы келіп әділ қазылар алқасына келіп реттік нөмірін алады
Нурай: Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз
Жер бетінің ажары ол сәніміз
Туған өлке табиғатын аялап
Ұсынайық жүрек үнін бәріміз дегендей сайысымыздың алғашқы
Кезегін топтардын таныстыруына берейік
Би «Бипл» Нурай
Арина: Қол соғып қошаметтеп отырайық
Айсултан: Әділ қазылар алқасы өз бағаларын берсе
Айсултан: Табиғаттан бабамыз ала берген секілді
Дархандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті ерлікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді де Қадыр Мырзалиев
Ағамыз жырлағандай мерекемізді табиғатты аялау табиғат
Сұлұлығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған
болар едік. Келесі тур «Күз поэзияда»
Мұнда қатысушы топтарымыз күз тақырында мәнерлеп оқып
береді
Нурай. Құрметті әділ қазылар алқасы оқу мәнеріне, сөйлесу шеберлігіне
Жүріс тұрысына да қарап отырыңыздар, бағалауға бұл да кіреді
Арина: Әділ қазылар алқасы бағаларын берсе
Ән «Тамаша»
Арина: О заманда қазақ өнер сырын
Өнер жастан жанаңдар
Шақырған сайыстарға бір бірін
Өнерпаздар дарындар
Көрейік тамашалап көрермен
Көрсетсін сайыскерлер дайындаған өнерін
Нурай: Келесі турдың уақыты да келіп жетті. «Күз бояулары»
Мұнда топтар қағаз бетіне мәтінді оқып сүрет салады. Салу уақыты
бес минут.
Айсултан: Келесі тур «Күлкі өмір ұзартады». Бұл жерде топтар өздерінің
көріністерін көрсетеді
Арина: Осымен турларымыз аяқталды . Әділ қазылар өз қорытынды
бағаларын берсе
Нурай: Келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!