Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданы
«Өтепқали Сахипов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»ММ
Исентаева Гулбарам Искаковна – химия пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің жіктелуі
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Элементтерді алғашқы топқа бөлу, ұқсастықтары мен айырмашылықтары арқылы оларды сілтілік металдар, галогендер, халькогендер және салғырт (инертті) газдарға топтастыру. Осы топтардағы элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерінің салыстырмалы атомдық массаға тәуелді екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың іс әрекетін, танымдық біліктерін жаңа білімді өз белсенділіктерімен дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыстануын, ізденімпаздығын қалыптастыру.
Көрнекілік: периодтық жүйе, карточкалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс.
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тірек білім мен біліктерді тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
IV. Сабақты қорытып бекіту.
V. Үйге тапсырма беру.
VI. Бағалау.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
– сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.
– оқушыларды психологиялық дайындау.
– оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.
ІІ. Тірек білім мен біліктерді тексеру
1.Атом құрылысының «планеталық» моделін ұсынған ғалым.
(Э. Резерфорд)
2. Атом ядросының құрамы.
(протон, нейтрон)
3. Ядро құрамындағы зарядсыз бөлшек қалай аталады?
(нейтрон)
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың жоспары:
1. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды класстарын қайталау.
2. Химиялық элементтерді жіктеу және екідайлы элементтердің қасиеттерімен танысу.
3. Сілтілік металдар мен галогендерді салыстыру.
4. Жаттықтырғыш тапсырмаларды орындау.
Химиялық элементтердің жіктелуі
(ұялас топтар)
Металдар Бейметалдар Галогендер Халькогендер Инертті(салғырт)
газдар
Сілтілік Сілтілік – жер
металдар металдар
1.Сілтілік металдар тобы: Li, Na, K, Rb, Cs.
Бұл металдар сумен әрекеттескенде сілті түзеді, сондықтан сілтілік металдар деп аталады. Сілтілік металдарға тән көптеген ортақ қасиеттер бар. Сілтілік металдар жұмсақ, ауадағы оттек әсетінен тез тотығады (жанады). Сондықтан сілтілік металдарды керосин астында сақтайды. Сілтілік металдар аса белсенді болады. Сумен шабытты әрекеттесіп, сілті мен сутек газын бөледі. Сілтілік металдар жалпы формуласы R2O сәйкес келетін негіздік оксидтер, ROH сәйкес келетін сілтілертүзеді.Сілтілік металдардың атомдық массалары артқан сайын металдық қасиеті күшейеді
2. Сілтілік жер металдар тобы: Mg, Ca, Sr, Ba.
Олар минералдар,топырақ құрамында болады.Бәрінің валенттілігі тұрақты ІІ тең. Сілтілік – жер металдар жалпы формуласы RO сәйкес келетін негіздік оксидтер, R(OH)2 сәйкес келетін гидроксидтер түзеді.
3. Галогендер. («Галоген» сөзі тұз туғызушы деген мағына береді).
Галогендерге жататындар: фтор, хлор, бром, йод. Бұлар осы аттас құрамы екі атомнан тұратын жай заттар: F2, Cl2, Br2, I2 түзеді. Фтор мен хлор өткір иісті газдар. Бром сұйық, йод қатты зат. Барлық галогендер улы. Бром мен йодты аузы берік жабылатын ыдыста сақтайды. Галогендер қатынасатын тәжірибе тек қана тартпа шкафта жасалады. Галогендер өте белсенді типтік бейметалдар тобын құрайды. Галогендердің жоғары оттекті қосылыстарындағы валенттігі VII. Бәрі де ұшқыш сутекті қосылыс түзеді, онда І валентті көрсетеді. Галогендерде атомдық массалары артқан сайын бейметалдық қасиет әлсірейді.
Галогендер металдармен әрекеттесіп, фторидтер, хлоридтер, бромидтер, йодидтер деп аталатын тұздар түзеді.
Мысалы: натриймен NaF, NaCl, NaBr, NaI.
4. Халькогендер тобы: О, S, Se, Te.
Олардың ең жоғарғы валенттілігі VI – ға тең. Халькогендер жалпы формуласы RO3 сәйкес келетін қышқылдық оксидтер, H2RO4 сәйкес қышқылдар түзеді.
5. Инертті(салғырт) газдар тобы: He, Ne,Ar, Kr, Xe.
IV. Сабақты қорытып бекіту.
Тест жұмысы
1. Металдың таңбасын көрсетіңіз:
а) O ә) Si б) Na в) Cl
2. Сутектің атомдық массасы:
а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
3. Бейметалды көрсетіңіз:
а) Li ә) Mg б) Zn в) H
4. Сілтілік металдардың валенттілігі:
а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
6. Неон қай табиғи ұялас топқа жатады?
а) сілтілік жер металдарына ә) галогендерге
б) салғырт газдарға в) сілтілік металдарға
7. Қышқылмен де сілтімен де әрекеттесетін элемент:
а) Al ә) Mg б) C в) Cu
8. Be (ОН) 2+2KOH реакциясында қандай заттар түзіледі?
а) ZnO +2H2О = ә) ВеO+ H2 =
б) Na2O + H2О = в) ВеO + H2О =
V. Үйге тапсырма беру.
VI. Бағалау.
Тест жұмысы
№ 21 сабаққа қосымша
1. Металдың таңбасын көрсетіңіз:
а) O ә) Si б) Na в) Cl
2. Сутектің атомдық массасы:
а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
3. Бейметалды көрсетіңіз:
а) Li ә) Mg б) Zn в) H
4. Сілтілік металдардың валенттілігі:
а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
6. Неон қай табиғи ұялас топқа жатады?
а) сілтілік жер металдарына ә) галогендерге
б) салғырт газдарға в) сілтілік металдарға
7. Қышқылмен де сілтімен де әрекеттесетін элемент:
а) Al ә) Mg б) C в) Cu
8. Be (ОН) 2+2KOH реакциясында қандай заттар түзіледі?
а) ZnO +2H2О = ә) ВеO+ H2 =
б) Na2O + H2О = в) ВеO + H2О =
Тест жұмысы
№ 21 сабаққа қосымша
1. Металдың таңбасын көрсетіңіз:
а) O ә) Si б) Na в) Cl
2. Сутектің атомдық массасы:
а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
3. Бейметалды көрсетіңіз:
а) Li ә) Mg б) Zn в) H
4. Сілтілік металдардың валенттілігі:
а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
6. Неон қай табиғи ұялас топқа жатады?
а) сілтілік жер металдарына ә) галогендерге
б) салғырт газдарға в) сілтілік металдарға
7. Қышқылмен де сілтімен де әрекеттесетін элемент:
а) Al ә) Mg б) C в) Cu
8. Be (ОН) 2+2KOH реакциясында қандай заттар түзіледі?
а) ZnO +2H2О = ә) ВеO+ H2 =
б) Na2O + H2О = в) ВеO + H2О =
жақсы әзірленген материал; пән мұғалімінің іздену қабілеті, кәсіптік құзыреттілігі қалыптасқан. Материал мазмұнын сабақ барысында пайдалануға болады. Осындай әдістемелік жұмыстар пәнді оқыту сапасын арттыра түседі.