Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы
«№ 42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Жадыра Амангелдіқызы
Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер
Сабақтың мақсаты: Күрделі сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру,күрделі сөздердің бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратының ұғындыру.
Күрделісөздердітуындытүбір, еркінсөзтіркесіненайырабілугеүйрету.
Сөйлемішіндегікүрделісөздердітабабілу, сөйлемқұрастырудакүрделісөздердіпайдаланабілубіліктерінарттыру. Оқушылардыңғылым – білімгедегенқұштарлығынарттыру;
Сабақтың міндеті: Оқушылардыойындарарқылыойлауқабілетіндамыту, тапқырлық, ізденімпаздыққасиеттерінқалыптастыру.Ұжыммен жұмысжасайбілугетәрбиелеу
Сабақтың әдісі: түсіндіру, СТО элементтері, жаттығу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, интерактивті тақтада дайындалған слайдтар
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
— Балалар бүгінгі қазақ тілі сабағымызға қонақтар келіпті қонақтарға жылы лебіздерімізді білдірейік.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз
«Ой қозғау»
— Балалар, кеше мен сабаққа дайындалып отырып, интернеттен бір хабарландыру көріп қалдым. Ол хабарландыруда қазақ тілі пәнінен 4 сынып оқушыларына арналған олимпиада өткізіледі екен. Мен бүгін, сабаққа сол олимпиада тапсырмаларын алып келдім. Егер, сабаққа жақсы қатысып, білімдеріңді көрсетсеңдер олимпиадаға қатысуға мүмкіндік аласыңдар!
— Сол тапсырмаларды орындайық!
І тапсырма«Ой жинақта, талдаумен»сөздерді оқи отырып, салыстыру.
Экранға қарайық, не байқадық?
Ауыл, аймақ, отыз, қырық, ай, гүл, қара, торғай, ұзын, ағаш, көк, ала, ақ, сары, он, бес, жеті, жарым.
|
Ауыл — аймақ, отыз — қырық, Айгүл, қараторғай, Ұзынағаш, көк ала, ақ сары, он бес, жеті жарым. |
(оқушылар пікірлерін , күрделі сөз екенін айтады)
Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз: бозторғай, Сарыарқа, ауыл – аймақ, ата – ана, тас көмір, темір жол.
(ережені айту, қорыту, мысалдар келтіру)
ІІ. Мағынаны ашу
ІІ тапсырма
Сызбамен жұмыс
Күрделі сөз
Асықты жілік тасбақа жиырма – отыз медколледж
Не? Не? Қанша? Не?
(оқушылар пікірлерін , күрделі сөз екенін айтады, қорытады, мысал келтіреді)
Дәптермен жұмыс
Күннің реті
ІІІ тапсырма «Мұғалім ойыны»
27 – жаттығу. Сөздерді көшіріп жаз. Неліктен күрделі сөз дейміз? Мағынасын түсіндір.Кейбіреуіне сөйлем құра
Ақсақал – үйдің үлкені, қарт адам.Айбалта – батырдың бес қаруының бірі.Тасбақа – бауырымен жорғалаушы. Итмұрын – дәрілік өсімдік. Жас ұлан – тәуелсіз елдің азаматы.Сары май – сүттен жасалатын тағам. Әке – шеше – бізді өмірге әкеліп, бағып қағып өсіретін адамдар. Көзбе – көз – бетпе — бет келу, мая – мая – үйілген шөптер.
ІV тапсырма
28 жаттығу . Күрделі сөздерді теріп жаз.
І топ ІІ топ ІІІ топ
Біріккен сөздер Тіркесті сөздер Қос сөздер
Алатау жапан түз алыс — жақын
көлбақа қара торы қора – қора Нұргүл қызыл қоңыр елу — алпыс
үлкен – кіші
Ойын «Кім көп біледі?»
Берілген сөз тіркестерінен күрделі сөздерді теріп жазу
Үздік оқушы, ағаш көпір, жүйрік ат, тас жол, шұбар ала, он бес, оқып жүр, самал жел, қызық кітап.
Сергіту сәті
Күрделі сөз
Екі сөз бірігіп бір ғана сұраққа сөз тіркесі сөз тіркесінің
бір мағына береді жауап береді бола алмайды бір сыңары болады
V тапсырма
«Көру диктанты»
«Түйеқұс»
Түйеқұс Африканың ыстық даласын мекендейді. Ол түрлі жеміс – жидектер мен қоңыздарды жеп күнелтеді.Оның жұмыртқасының салмағы бір – бір жарым килограмм болады. Түйеқұс жұмыртқасын түнде ғана басады. Күндіз күннің көзіне ашық тастап кетеді.
Көріп жаз
Күрделі сөздердің астын сыз
Мәтінге ат қою
Толық мәтінді көрсету
Түйеқұс туралы видео көрсету (1,5 мин)
«Күрделі сөздер» лездеме ойыны
1. Аспан мен жердің түйісіп көрінуі (көкжиек)
2. Жезді қазып қала болған қай қала? (Жезқазған)
3. Екі сөз біріккенде, сайрайтын құс? (бұлбұл)
4. Екі қазанның бірі сатылып кеткенде, қалатын құс? (бірқазан)
5. Суы да ала, тауы да ала,
Бар ма екен осыны білетін бала? (Алакөл, Алатау)
Сабақты бекіту
«Кубизм» стратегиясы
Күрделі сөз дегеніміз не? / зерттеңіз/
2. Оның түрлері қандай? / талқылаңыз /
3. Сөз тіркестерінен айырмашылығы қандай? /салыстырыңыз /
4. Күрделі сөздерге мысал келтір /қолданыңыз/
5. Күрделі сөз бе? / дәлелдеңіз /
6. Күрделі сөздердің түрлеріне мысал келтір /өз ойларыңмен байланыстыр/
Қорыту
Бүгінгі сабақта не үйрендік, нені білдік?
Үйге тапсырма
30– жаттығу 76 бет, шығарма жазу
Бағалау
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау