Басы » Tәрбие сағаттары » Ұлағатты ұстаз

Ұлағатты ұстаз

qojaХоджа-Ахмедова Светлана Рахимовна
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№18 орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: « Ұлағатты  ұстаз»

Мақсаты:

Білімділігі: ұстаздардың қадір қасиетін түсіндіре отырып қазіргі заманда қоғам үшін еңбек етіп жүрген ұстаздарды құрметтеу.

Дамытушылық: оқушылардың өлең шумақтары арқылы ой — өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.

 Тәрбиелігі: ұстаздар бойындағы нәзік мейірімді бағалай білуге, берген білімін ақтай білуге тәрбиелеу.

Ашық тәрбие сағатының әдісі: сұрақ — жауап, мақал — мәтелдер, нақыл сөздер, тақпақтар.

Көрнекіліктер: безендіру жабдықтары, дербес компьютер, шарлар, буклеттер.

Ашық тәрбие сағатының жүрісі:

Жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар. Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар! Меркелеріңіз құтты болсын! 4 «Ә» сыныбы оқушыларының ұйымдастыруымен  « Ұлағатты  ұстазым » атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Ұстаз — жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.

Балалар, сендер осы ақын — жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлеңдерін білесіңдер ме?  Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік.

(Балалар өлең оқиды)

 Жолдасбай Әсел:

Ұстаз болу — сезімнің ақындығы.

Азбайтұғын адамның алтындығы.

мұғалім деген — ерекше тұлға дар шың,

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

Мұғалім деген — аяулы адам асыл жан,

Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын.

Ибрахимова Фарангиз:

Ұстаз деген қасиетті адам бар,

Біле білсең, сенің екі анаң бар.

Бірі — сенің туған анаң болса егер,

Екінші анаң — ұстаз деген данаң бар.

Ергазиева Ирада:

Ұстаз ана — болашақтың анасы,

Ұстаз ана — ақыл — білім анасы,

Жүзіндегі пәк мейірімді көргенде

Әр шәкірттің  оянады санасы.

Басшиева Жанерке:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шындай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Джадигер Асель:

Ұстаз болу — жүректің батырлығы,

Ұстаз болу — сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу — мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы

Марина:

Теңейміз біз оны кейде жұлдызға,

Үлгі тұтып келешек жас ұл — қызға.

Дүние жүзінің ана тілін жаттатқан

Жан жете ме біздің апайымызға!

 

Жүргізуші:

Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға,

Тарап  демде кетеді шаршауың да

Бал — бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер,

Тұрғаныңда солардың қоршауында, — дей келе сыныбымыздың сері жігіттері Имамедин  Алмас, Убайдуллаев Қыдырәлі, Дошумов Бекасыл, Ақтулен Бекзаттың орындауындағы әнге құлақ салайық.

                                 («Жарайма» әні орындалады)

 Жүргізуші:

Мектептің жаны — мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі  —  білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

                                                         Ахмет Байтұрсынов

Келесі кезекті ұлағатты ұстаздарымыз жайлы айтылған нақыл сөздерге береміз.

                                           Нақыл сөздер

 Ибадуллаева Мөлдір:

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

Жұбантұрлиева Әсемай:

Ұстазға қарап шәкірт өседі.

Тілепов Елдос:

Ұстаз болу — жүректің асылдығы.

Наврызбаева Жанерке:

Атпаз көрген — ат таныр,

Ұстаз көрген хат таныр.

Таңаш Әсел:

Ұстазыңды ұлы анаңдай сыйла.

Жүргізуші:

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестірдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың  сен дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып.

Қас — қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың ау нұр жүзіне сүйініп.

Жалын атып, от боп бірге жанасың,

Білім беріп содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жыл өтсе де, мәңгі жас боп қаласың!

«Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй» демекші Абай атамыз айтқандай кезекті сыныбымыздың ару да, дарынды оқушысы  Жолдасбай Әселдің орындауындағы «Балбырауын» күйіне береміз.

                               («Балбырауын» күйі орындалады) 

Жүргізуші:

Көп ізденіп алсаң биік бұл шыңды,

Отырғызар шын құрметтеп төрі бар.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары мол әлі сырқа шашпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай жақсы шын бақытын тапса адам.

Сыныбымыздың өнері таусылар емес. Биімізбен дүйім жұртты таң — тамаша қыламыз деп отырған қос аруымызды құшақ жая, қошеметпен қарсы алыңыздар.

 («Кукарелла» биі орындалады)

Жүргізуші:

Ендігі кезекті сіздердің рұқсаттарыңызбен көрініске берсек.

 

                                              (көрініс «Әкесі мен баласы»)  

Жүргізуші:

Білімнің дәнін теретін,

Балаға тәлім беретін.

Білімнің жолбасшысы,

Шәкірттің қолбасшысы әрине өздеріңізсіздер. Сіздердің құрметтеріңізге сыныптың биші қыздарының орындауындағы биді ұсынамыз.

                               («Роли — Поли» биі орындалады)

Жүргізуші:

Ғылым иесі — ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, малын бағып, тер төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі — бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған.

 

Кезекті ұлағатты ұстаздар сіздерге береміз. Өздеріңізге деген біздің ұйымдастырған ойынымыз бар.

                                       («Гүл шоқтары» ойыны)

Жүргізуші:

Кезекті тағы да биші қыздарымызға береміз

                                        («Арива» биі орындалады)

    

Жүргізуші:

Жақсылық атаулыға жаршы жандар,

Жамандық атаулыға қарсы жандар.

Баланы сусындатып өсіруге

Білімнің бұлақ көзін аршығандар

Байқағандарыңыздай сыныпта әнші де, биші де, күйші де бар. Кешімізді «Ұстазым менің» әнімен жалғастырамыз.

                             

                                 («Ұстазым менің» әні орындалады)

       Жүргізуші:

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Жеміс күткен гүл ашпаған бақшадан.

Жігерің мен талантыңды жұмсамай,

Оңай боп па тәрбиелеу жақсы адам.

Осы жолдың қиясы мен өрі бар,

Сүріндірер қиын өткел жолы бар

Осындай қиындығы мен қуанышы бірге тоғысқан жолмен келе жатқан сіздерге бүкіл адамзат баласы бас иеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *