Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы,
Булаево қаласы №4 Булаево орта мектебі
Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы : Затқа қарап сурет салу
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды заттардың өзіне қарап бейнелету арқылы сауатты сурет салуға үйрету.Сурет салудың заңдылықтарына баулу.Дамытушылығы:Живопись өнері әрі натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету.Тәрбиелілігі: Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз өмірімен әрекетіне жауапкершілікпен қарауға, есептер шығаруда, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: ойын сабақ.Сабақтың әдісі: ауызша, жазбаша жауап алу, жекелей , топтық жұмыс, ойын деңгейлік тапсырмалар.Көрнекіліктер: плакат, слайд, кесте, сурет.Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі, сызу,геометрияСабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
- «Бақытты сәт».
- «Арқан тартыс».
- «Сергіту сәті».
- «Тал отырғызу».
- Өнер туралы мақал-мәтелдер айту.
- Сөз жұмбақ шешу.1.Ұйымдастыру кезеңі.I-топ «Алғырлар»Ұраны:
«Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі сайыста алғырлықпен озамыз»II-топ «Ойшылдар» Ұраны: «Білімді қару етіп серік етіп.Болашақтың біз есігін ашамыз»III-топ «Тапқырлар».Ұраны:
«Қандай сынақ болса-дағы беріспе.
Әрқашан да ұмтыламыз жеңіске».II.«Бақыты сәт» бөлімі.Ұраны: «Шапқан озар,Жатқан қалар»
Бұл бөлімде біздің, мақсатымыз өткен материалды қайталауға қойылған сұрақтарға жауап беру.Мына ұяшықтарды таңдап, сол ұяшықтарға сәйкес сұрақтарға жауап бересіндер. Қайсы топ жауап берсе , ұяшықтағы ұпай сол топқа беріледі.Осы ұяшықтардың біреуінде «Бақытты сәт» деген сөз жазылған. Оны қай топ тапса,тапқан топқа ұпай саны қосылады.Сұрақтар
5 ұпайдың сұрақтары:1.Мына суретте бейнелеу жанрының қай түрі берілген?А) пейзаж. Б) натюрморт. С) портрет10 ұпайдың сұрақтары:А) сәулет. Б) сәндік қолданбалы. С) «Бақытты сәт»15 ұпайдың сұрақтары:1 топқа. Егер шығармадағы басты әсерлегіш құрал сызық , штрих, дан болып келсе, онда бұл….. не деп аталады (графика).2 топқа.Мұнда сурет белгілі материалда, оның бетіне бояу жағылады арнаулы станокта басып шығарылады.(гравюра)3 топқа.Суретшінің жұмысындағы басты қағидалары беріктік, қолайлылық және әдемілік не деп аталады? (дизайнер)III.Арқан тартыс
Ұраны: Асу бермес , Асқар жоқ.3.Тақтаға жіп ілініп, оның бойына үш сурет номері жазылады. Әр топтан бір оқушы шығып, таңдап алынған суретті тақтаға салады.Суретті дұрыс ұйымдастырған, жақсы салған топ ең жоғары ұпай 15 ұпай алады.IV. Сергіту сәті. Ұраны : Түйедей бойың болғанша Түймедей ойың болсын.
Берілген суретте қанша шеңбер, төртбұрыш, үшбұрыш бейнеленген?
Жауабы: Шеңбер 1. Төртбұрыш 9. Ұшбұрыш 16 V.Тал отырғызу. Ұраны: Әдепсіз өскен баладан , Тәртіппен өскен тал артық.
1.Натюрморт деп неге айтылады? 2. Пейзаж деп неге айтылады? 3. Портрет деп неге айтылады ? 4. Сәндік қолданбалы өнерге нелер кіреді?5. Ұлттық киімдер атын ата? 6. Қазақ ұлттық ою-өрнегі неше түрге бөлінеді? Тақтаға әр бұтаққа сұрақтар жазып қойылады. Әр топтан екі оқушы шығып жауаптарын жазады.
- Мақал-мәтелдер айту Ұраны : Тапқыр болсаң, талас жоқ. Алғырлар тобы. 1……………….тал кессең,………тәл ек.(бір,екі). 2. …………рет өлше,………. рет кес.(жеті, бір). Ойшылдар тобы. 1……………. саусақ бірдей емес. (бес). 2. ……….. –араз болса, ауыздағысынан айрылар, ……..-тату болса төбедегісін алар.(төртеу, алтау).
Тапқырлар тобы. 1. …………..елі ауызға, ………. елі қақпақ.(бір,екі). 2. Таңертең- …….., түсте- ………….., кешке-………… .(төртеу,екеу, үшеу). VI I. Сөзжұмбақ шешу:Ұраны: Өнер ағып жатқан бұлақ, Білім жанып тұрған шырақ.
1.Жансыз заттардан салынған суретке не деп айтамыз? ( Натюрморт) 2.Сурет салуда қызыл, сары, көк, бояу көп қажет болатын мезгіл (Жаз). 3.Теріден жасалған бұйым (Торсық) 4. Бөлшектерді белгілі бір қашықтықта тұрақты орналасқан , қайталанып отыратын симметриялық өрнек. (Ою). 5.Адамды бейнелейтін жанр.(Портрет). 6. Жануарлар бейнелейтын жанр. (Анималистик). 7. Бейнелеу өнерінің жанры.( Композиция). 8. Ақ,қара штрихтармен салынған сурет(Графика). 9. Кемпірқосақтың түрі нешеу? (Жетеу)
Қорытынды.
Үйге тапсырма : Затқа қарап сурет салу.
Сынып:3
Сабақтың тақырыбы:Ертегі кейіпкерлерін бейнелейік . Дүниеде не күшті?Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың ертегідегі жануарларды бейнелей білуге үйрету, ойқиялын дамыту, шығармашылық қабилеттерін арттыру. Тәрбиелігі:Өзіндік еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу. Дамытушылығы: Білім деңгейін дамыту, сөздік қорын молайту, танымдық қабилетін жетілдіру, қиындыққа төзуге және оны жеңуге үйрету. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Әдісі : сұрақ-жауап, сурет салу. Сабақтың көрнекілігі:суреттер.Қажетті құралдар: қағаз акварель бояуы,қылқалам, түрлі-түсті қарындаштар. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу,сабаққа зейінінаудару. Сабақтың мақсатын түсіндіру.2. Өткен тақырыптарды пысықтау, қайталау кезеңі. Үй тапсырмаларын тест арқылы тексеру.
Тест
1- Нұсқа 1.Кемпірқосақ неше түсті болады ? А) 5. Ә)7 Б)10 2.Тас көтеру спорттың қай түріне кіреді? А) Жеңіл атлетика. Ә) Гимнастика Б) Ауыр атлетика 3.Жансыз заттардан салынған суретті не деймыз? А)Натюрморт. Ә) Портрет Б) Пейзаж. 4. Негізгі түстерді көрсет. А)Ақ, қара, сары, Ә) Қызыл, көк, сары. Б)Жасыл,қара, ақ.
2-Нұсқа
1Табиғат суретін бейнелеуді не дейміз?А) Портрет Ә)Натюрморт Б) Пейзаж 2.Портрет деп неге айтылады? А) Адам басын бейнелеу. Ә) Табиғатты бейнелеу.Б)Жансыз заттарды бейнелеу. 3.Қысқы спорт ойындарына не кіреді? А)Футбол, волейболӘ) Шаңғы тебу, коньки тебу. Б)Жүгіру, секіру. 4.Мына заттар спорттың қай түріне кіреді ? (қолғап, шлем). А) Бокс. Ә) Футбол. Б) Теннис 3.Ребусті шешу арқылы тақырыпты ашу.
Ертеңі″ |
Оқушылар қазыр сіздермен ойын ойнаймыз. Сендерге мақал айтамын сендер түсіп қалған сөзді табасындар. Жалқаудың …………… бітпес
Ертеңі сөзінің соңғы екі әріпін алып тастасақ, ерте сөзі қалады.
Мына суретте көріп тұрғанымыз қай мезгілгі еңбек
‴Күзгі |
Күзгі сөзінің алдынғы үш әріпін алып тастасақ гі әріпі қалады. Ерте сөзіне гі әріпін қоссақ ертегі сөзі келіп шығады. Оқушылар біз ертегі кейіпкерімізді бастаймыз.
Дүниеде не күшті?
1 -. оқушы: Ерте,ерте,ертеде, Ешкі жүні бөртеде. Қырғауыл балапаны қызық екен, Түрі сондаяқ қызық екен. Мұзға тайып жығылыпты. Балапан:Сонда мұздан сұрапты: Мұз!Мұз! Мені құлататындай неден күшті болдың? Мұз: Менкүшті болсам, Күннің жылуына ерір ме едім? Балапан: Күн! Күн! Сен неден күшті болдың? Күн: Мен күшті болсам,Бұлтқа бетімді жапқызар ме едім? Балапан. Бұлт !Бұлт!Сен неден күшті болдың ? Бұлт: Мен күшті болсам, Жусанға көгімді берер ме едім? Балапан Жусан! Жусан!Сен неден күшті болдың ? Жусан: Мен күшті болсам, Қошақанға бүрімді жегізер ме едім Балапан: Қошақан! Қошақан! Сен неден күшті болдың ? Қошақан: Мен күшті болсам ,Қасқырға жегізер ме едім? Балапан: Қасқыр! Қасқыр! Сен неден күшті болдың Қасқыр: Мен күшті болсамМергенге атқызар ме едім? Балапан: Мерген! Мерген! Сен неден күшті болдың?Мерген: Мен күшті болсам, Мылтығымның бауын Тышқанға егізер ме едім?Балапан: Тышқан! Тышқан ! Сен неден күшті болдың?Тышқан: Мен күшті болсам, Інімдегі бидайымды құмырсқа тасып әкетер ме еді? Балапан:Құмырсқа! Құмырсқа! Сен неден күшті болдың? Құмырсқа: Мен күшті болғың келсе егер? Ерінбе сен жұмысқа . Еңбекпенен шыныққан! Менің атым-Құмырсқа! Балалар өз бетінше жұмыс істейділер. Сабақ соңында балалар жұмыстарын үстел үстіне қоядылар. Балалар мен жұмысын бірге қараймыз. Сергіту сәті:Тәулік бойы тынбайтын Болайықшы ақ жаңбыр. Астан-кестен жауатын Болайықшы ақ жаңбыр . Қашты жаңбыр басылды Күн жарқырай ашылды. Неше түрлі әдемі Кемпірқосақ жасалды. Бір,екі,үш Біздің сынып тыныш
Сабақты қорытындылау.
Бағалау: Оқушылардың жұмыстарын бағалап жақсыларын үлгі етіп көрсету.
Үйге тапсырма: Өздеріңіз сүйіп оқыған ертегілеріңіздің кейіпкерлерін салу.
Сынып:6
Сабақтың тақырыбы: Пейзаж. Жыл мезгілдері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1.Білімділігі: оқушыларды пейзаж жанрымен таныстыру.Табиғат көрінісін бейнелеудің перспективалық заңдылықтарды ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет заңдылықтарын баулу.
Дамытушылығы:Табиғат құбылыстарын бейнелеуде алуан құбылыстарды меңгертуге дағдыландыру.Есте сақтау қабілетін дамыту,оқушылардың эстетикалық талғамын, ой қиялын дамыту.
3.Тәрбиелігі: Эстетикалық тәрбие беру; табиғат көрінісін бейнелеу арқылы бейнелеу өнері пәнін және өз елінің табиғатын сүюге, құрметтеуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Мақсат: бейнелеу өнерін дәріптей отырып,балалардың ойлау қабілетін дамыту, өнерді, табиғатты сүюге, әсемдік пен әдемілікке баулу.
Көрнекілігі:Құрал-жабдықтар, интерактивті тақта, суреттер, үлгі,слайд, плакаттар. Слайд «Жыл мезгілдері туралы»
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, практикалық жұмыс. Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу, түгелдеу.
б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
а)натюрморт дегеніміз не?
б)Натюрмортты неден яғни қандай заттардан құрастыруға болады?Жаңа сабақ: Бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін сөз жұмбақты шешуіміз керек, сонда біз бүгінгі сабақтың тақырыбын табамыз.Табиғат атты ананың Бой жеткен төрт қызы бар Көркіде де солар даланың Ісіне адам қызығар. Қаны оқушылар жұмбағымыздың жауабын кім айтады?
( Жыл мезгілдері деп оқушылар айтады) Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Пейзаж. Мұнда біз сіздер тапқандай табиғаттың төрт мезгілін топтарға бөліп саламыз. Оның алдында сендерге пейзаж туралы түсінік беріп өтемін. Пейзаж –француз сөзі,бұл ландшафты, табиғаты бейнелеу.Пейзаж өнері әр алуан.Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе,енді біреулер суретшінің қиялынан туады. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған.XYII ғасырдан бастап суретшілер біріңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазудан бастады. Қазақстан суретшілері Ә .Қастеев ,Ә Ысмайылов ,С Мәмбеев,О.Таңсықбаев Ұ.Әжиев т.б.пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды.Олар өз шығармаларында Қазақстанның сұлу табиғатын паш етеді. Енді оқушылар әр бір топқа мезгілдер туралы жұмбақтар айтылады қай топ бірінші айтса сол топ сол мезгілге байланысты сурет салады және салған суретін қорғайды.
Біреу әйнек қойыпты Біреу есік қойыпты. Өздеріне шақ қала , Соғып жатыр аққала (қыс)
Берекесін сыйлауғаЖемістерін жинауғаҚызыл құрман ойнайтынҚай мезгіл деп ойлайсың?(күз)
Қойын тойып жеміскеКөк майсалы өніскеКөбелек қуып ойнайтынҚай мезгіл деп ойлайсың?(жаз)
Сай салаға қашады Бүршақ шашып Жапырақ ашыпГүл бәйшешек басады.Бүл қай кезде болады?(Көктем)
- Топ «Күз», 2- Топ «Қыс», 3- Топ «Жаз», 4-топ «Көктем» Топтар белгілі болды. Енді оқушылар әр топ өздеріне берілген тақырыптар бойынша сурет салады. Суретті салып болған соң ,оны қорғайды. Олар сол мезгілде қандай айлар,мерекелер туралы айтып өтеді. 4. Жаңа сабақты бекіту:
Оқушылар жыл мезгілдеріне байланысты өлең оқиды.
- Сарамандық жұмыс: оқушыларға «Алтын күз» тақырыбында сурет салуға тапсырма беріледі.
- Сабақты қорытындылау:
1) Бейнелеу өнерінің түрлерін атаңыз?
2) Пейзаж дегеніміз не? - Үйге тапсырма: «Алтын күз» тақырыбында сурет салу