Басы » Психология » Ол неге осылай өзгерді

Ол неге осылай өзгерді

Мектепте менен екі жас үлкен Айдар деген бала оқыды. Басқалардан ерек еді. Барлық пәннен 5-ке оқушы еді. Беске оқитындар көп қой. Бұл самародный сары алтын еді. Басқа балалар құсап, ерегіспейді, біреуге тиіспейді. Қылдай қиянаты жоқ-тын. Ішпейді, шекпейді. Мен қатты қызығушы ем. Адамның баласы осындай-ақ болсын деп. Мектепте жүріп университетке түсіп қойды. Халқаралық математика олимпиадасынан бас жүлдені жеңіп алып, оқу грантын ұтып алды. Болашақта ел назары түсер ұл болар деп ойлаушы ем.
Арада жылдар өтті. Бір күні қалада әлгі Айдарға кездейсоқ жолығып қалдым. Аман-саулық сұрастық.»Қазір қайдасың? Қайда оқисың?» деп сұрап ем: «Қайдағы оқу. Сол қаңғырып жүрген» дейді. Мен әзілдеп тұрған шығар деп: «Шыныңды айтсайшы» дедім. Ол: «Төбелесіп, соның кесірінен оқудан шығып кеткем» дейді ыржиып. Жүзінде баяғы тазалық жоқ сияқты. Қоштасып бара жатып:»Темекің бар ма?» деп сұрады. Мен : «Сен шекпеуші едің ғой» десем: «Мен қазір өзгергем. Қысқасы, бұзылғам, бауырым» деді. Мына қып-қысқа диалог осыдан 17-18 жыл бұрын болып еді. Жүрегім ауырып кетті. Мен сол кезде адамның осыншалықты өзгеретініне алғаш рет куә болған едім….

 

Абай Қалшабектің фейсбуктегі парақшасынан алынған

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *