Есіл ауданы
«Тауағаш орта мектебі» КММ
Тарих пәні мұғалімі Нұран Айбарша Біржанқызы
Тақырыбы: Батыйдың орыс жеріне жорығы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Шыңғысханның немересі, Жошының баласы Батыйдың орыс жеріне жорығының басталуы, бытыраңқы кінәздердің Батый әскерлеріне қарсы күресі, одан кейін Шығыс Еуропаға – Польшаға, Чехия мен Венгрия жеріне жорығы, Алтын Орда мемлекетінің құрылуы туралы түсінік беру, әңгімелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін тірек-сызба арқылы түсіндіре отырып толықтыру, шыңдау. Картамен, термин сөздермен жұмыс жүргізу, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру, тарихи оқуғаларды есептей отырып, басқатырғыштарды шеше отырып есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға Батый әскерінің қуаттылығын, күштілігін әңгімелей отырып ерлікке, батыр болуға, өз елі Қазақстанды қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР-ның картасы, ХІІ ғасырдағы монғол-татар шапқыншылығы картасы, тест сұрақтары, тапсырмалар жазылған плакаттар, тірек-сызба плакаттары, термин сөздер, басқатырғыштар (фильворд), монғол мемлекеттік туы.
Әдісі: Тірек-сызба арқылы түсіндіру, әңгімелеу, тест әдісі, өз бетінше қорытынды жасау.
Түрі: Жаңа білім беру.
Пәнаралақ байланыс: География, математика.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, бағалау. ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту.
ІҮ.Жаңа сабақты түсіндіру Ү. Жаңа сабақты түсіндіру.
ҮІ. Оқушы білімін бағалау. ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Амандасу.
2.Түгендеу.
3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, бағалау.
1.Үй тапсырмасын 2 нұсқа бойыеша тест әдісі арқылы сұрау, бағалау.
ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту.
1.Оқушылардың болған оқиғаны жылдарды көрсету арқылы ауызша сұрау.
1155 жылы – Есугей баһадүр отбасында Темучин атты ер бала дүниеге келеді.
1203 жылы – Монғолдар керейлерді, одан кейін татарлар мен меркіттерді жеңеді.
1206 жылы – көктемде Онон өзенінің бойында монғол-тайпаларының құрылтай жиыны болып, Темучинді ақ тудың аясында хан деп жариялайды. Осы жиында атын өзгертіп, Шыңғысхан деп атайды.
1121 жылы – Жетісу өңірінде Шыңғысхан бастаған монғол-татар әскерлері бүкіл Мауераннахр аймағын өзіне бағындырады.
ХІІ ғасырда – Қазақстан мен Орта Азия жерінде монғол-татар үстемдегі орнайды.
1225 жылы – Шыңғысхан өзінің астанасы Қарақорымға келеді.
1226 жылы – Таңғұт патшасын өзіне бағындырады.
1227 жылы –Шыңғысхан 72 жасында дүние салады.
2.Термин сөздермен жұмыс жүргізу.
Тата-тайпа аты, орыс деректерінде «татар» атауымен белгілі.
Баһадүр – батыр, араб, иран тілінен енген сөз, жаугершілік кездер мен әскери жорықтарда жеке ерліктерімен ерекше көзге түскен ер жүрек, қаһарман ададмдарға берілетін құрметті атақ.
Құрылтай – (хурилта) – жиналыс.
Кеңес – той.
«Яса», («Жаса») – Шыңғысханның 1206 ж Ұлы хан болып сайланған кезінде жариыланған заңдар мен ережелер жиынтығы.
Мәуераннахр – Әмудария өзенінің оң жақ жағалауындағы жердің аты.
Түмен – оң мың әскер бір түмен деп аталады.
3.Тақтаға екі оқушыны шығарып, басқатырғыштағы тапсырманы орындату арқылы есте сақтау қабілеттілігін арттыру.
-бірінші тапсырма. Монғол жеріндегі өмір сүрген тайпалар – монғол, татар, керей, найман, меркіт, т.б.
н | а | й | м | а | н | к |
т | н | ғ | й | м | е | |
а | о | о | е | е | р | |
т | м | л | р | р | т | е |
а | р | к | е | к | і | й |
-екінші тапсырма. Монғолдар жаулап алған қалалар – Отырар, Сығанақ,
Ашнас, Хорезм, Мерв, Хорасан, Шемаха, т.б.
с | ы | ғ | а | н | а | қ | а |
м | х | ш | е | ы | р | х | ш |
е | о | н | м | т | а | о | н |
р | р | а | а | о | р | р | а |
в | а | с | х | а | е | с | |
з | м |
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жазу.
2.Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
3.Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру кезінде мұқият тыңдауларын, жаңа сабақты қорыту кезінде өз бетіне қорытынды жасап, жаңа сабаққа жоспар құратындықтарын айта кету.
Сонымен өткен сабақта Жошының баласы Батыйдың Орыс жеріне 1236 жылы жорығы басталды дегенбіз. 1236 жылы – Батый әскерлері Еділ өзенінің жағасына келіп, Бұлғар елін жаулап алады. 1237 жылы – Еділ мен Дон өзендерінің аралығындағы қыпшақ тайпаларын женеді.
Батый әскері:
1.Әскерлерінің саны 120-140 мың болды.
- Әскери күш жағынан артық болды.
- Бекіністер бұзатын жеңіл құралдар болды.
- Соғыс жүргізудің неше түрлі әдістерін меңгерді.
- Атты әскер өте қуатты болды.
1237 жылдың қысындақалың қолын Еділ өзенінің өткізіп, Рязань қаласына келіп жетті. Бес күн бой тойтарыс бермегенімен, Рязань қаласы құлап, жау қолына көшті. Келесі кезек орыстың ірі Владимир – Суздаль княздігін алды. Бес күн қарсылықтан кейін Мәскеу қаласын алды.
1238 жылы 4 ақпанда Батый Владимир қаласын қоршайды. Бірақ үш күннен арыға шамасы келмеген қошғаушылар жеңіліс табады. Осылайша Ростов, Суздаль, Ярославль, Углич, Тверь сияқты 14 қаланы бағындырып, Владимир княздігінен Новгородқа қарай бағыт алады.
1240 жылы Киев қаласын талқандап, ежелгі ескерткіштерінің көбін жойып, жібереді. Орыс жерін жаулап алған соң, Шығыс Еуропаға – Польшаға, Чехия мен Венгрия жеріне баса-көктеп кіреді.
1243 жылы Батый Сарай Бату қаласын салғызып, Алтын орда мемлекетін құрады.
1240-1280 жылдар арасында орыс жеріне монғол-татар үстемдігі орнайды.
1227-1255 жылдары Алтын Орданы құраушы Батый хан жерін кеңейтіп, Ертіс өзенінен Дунай өзеніне дейін ұлан-байтақ өңірді қол астына қаратады.
1236-1242 жылдары Батый хан Шығыс Еуропаға жасаған жеті жылдық жорығынан кейін, Сырдария албынан Балқаш көліне дейінгі байтақ жерді ағасы Орда-Еженге берді. Бұл «Ақ Орда» деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбаниге берді. Ол «Көк Орда» деп аталды.
ХҮІ ғасырдағы жазылған Өтеміс қажының «Шығыснама» кітабында:
Монғол ұлысы
Бату (Батый) Орда Ежен Шайбани
Алтын босалағы Күміс босағалы Болат босағалы
«Алтын Орда» «Ақ Орда» «Көк Орда»
Шаруашылығы
1.Орыс жерінің халықтары Еділ алқабындағы отырықшы – егіншілік шаруашылығымен айналысады.
2.Алтын Орданың қол астындағы түрік тектес халықтар көшпелі мал шаруашылығымен айналысады. Түрік тектес тайпалар құрамында қыпшақ, қаңлы, арғын, найман, қоңырат, уақ болды.
Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы
Хан-қолбасшысы |
Тамғаш |
Дарғы бектер |
Басқақтар |
Міндеті: алым-салық жинаушы |
Міндеті: билеуші |
Міндеті: билеуші |
Құрылтай |
Термин сөздермен жұмыс
Дарғы бектер – Алтын Ордаға бағынышты қалалардың билеушілері
Тамғаш – Алтын Ордаға бағынышты қалалардың билеушілері
Басқақтар – Монғол хандарының жаулап алынған жерлердегі салық жинау және халық санын есепке алумен шұғылданатын өкілі
Қалан – Монғол билігі орнаған жерлердегі егіншілерге салынған салық
Қапшуыр – Монғолдар қол астындағы халықтардың мал басына төлеп тұрған салысы
Жарлық – Кінәз дәрежесін алу үшін ханнан алынатын ерекше құжат
Ү.Жаңа сабақты қорыту, бекіту
Өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру, жоспар құрғызу.
1.Бату әскері.
- Бату әскерінің жорықтары
- Басып алынған кінәздіктер мен қалалар.
- Монғол ұлысы.
- Монғол тайпаларының шаруашылығы.
- Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы.
- Термин сөздер.
ҮІ.Оқушылар білімін бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
ҮІІІ. Параграф 37 оқып, мазмұнын айту. І.Есенберлиннің «Алтын Орда» романын оқу.