Қазіргі таңда педагог ғалымдар мен психологтар мұғалім мәселесіне бірнеше бағытта баға береді. Мұғалімнің құзіреттілігі мен кәсіби шеберлігі тұрғысынан.Бұл мәселе қай уақыттада өзекті болып қала бермек. Заман мен қатар мемлекет, қоғам өзгереді, мұғалімге деген талапта өзгеруі заңдылық. Мұғалім заманның ағымымен өзгерген оқушының талабымен сұранысын қанағат еткенде ғана ол өзінің алдындағы шәкіртіне жағады ұнайды. Осыған байланысты қазіргі заман оқушылары қандай мұғалімді қалайтыны жөнінде әлеуметтік зерттеулер жасалынған екен. Зерттеу барысында оқушылар мынадай сұрақтарға жауап береді
Бірақта сіз қандай ұстазсыз деген сұрақ тек мектептегі немесе орта, жоғарғы оқу орындардағы мұғалімдерге емес, барлығымызға арналу керек. Себебі сіз өзіңіздің қарамағыңыздағыларды немесе балаларыңызға мұғалім бола аласыз. Сонымен сауалға назар аударайық.
1.Қандай мұғалім жақсы?
60% — Балаларды жақсы көретін, түсінетін, кең, бауырмал, қайырымды
50% Қызықты әрі тақырыпты жақсы түсіндіретін, оқушы жанын түсінетін, сабырлы.
30% Талап қоятын, қатал, әділ, адал
20% — қалжыңбас, әзіл жақсы көретін
17 % — ақылды, профессионал, білімді, зиялы.
2.Қандай мұғалім жаман?
4% балалар алдында мақтанады, өз проблемасын айта беретін, оқушыларға шағымданатын.
4,3% балаларды жақсы көрмейді, жақсы көретін оқушылары бар
11%- жаман мұғалім жоқ
21% әділетсіз, дисциплина сақтамайтын, өте қатал, өте жұмсақ момын
30,5% сабақты дұрыс түсіндірмейтін, өз пәнін өзі түсіндірмейтін, сабақ үстінде шығып кететін, өз жұмысын жақсы көрмейтін.
62% айқайлайтын, ұрысатын, масқаралайтын, мазақтайтын.
3. Қандай мұғалімде сабақ алғысы келеді?
55% — жақсы көретін, сабырлы, адал, әділ, қамқорлыққа алатын, түсінентін, жекелемейтін, айқайламайтын,
30% — Білім беретін, өз пәнін жақсы көретін, сабақта қызықтыратын.
14% — білімді, талантты, қалжыңы бар.
10% белгілі деңгейде қатал, тәртіп сақтайтын
4. Мінсіз мұғалім ол…
40% — байсалды, шыдамды, ақылды, өзін және басқаларын сыйлайтын, балаларды жақсы көретін және аздап калжыңы бар.
39% өте сапалы білім беретін, жұмыста тәжірибелі, қызықты түсіндіретін, жақсы психолог, өз ісін жақсы көретін
17% әділ, жақсы көретін жеке оқушылары жоқ.
6% — мінсіз мұғалім болмайды.
Оқушылардың жауаптарына талдау жасай отырып мынадай қорытынды жасауға болады. Оқушы үшін алдындағы мұғалім жеке басының тұлғалылығы ең басты құндылық. Ұстаз толыққанды тұлға екені бойындағы мынадай сапамен анықталмақ шәкірттер пікірінше: адамгершілігі, сабырлылығымен, адалдығымен, әділдігімен т.б. Әрине ұстаз бойында осы сапаларымен қатар өз пәні мен мамандығын жақсы көру керек.
P.S. Сіз біз ұстаз ретінде қандай ұстаз екенімізге бір сәт көңіл аудардықпа? Алдыңыздағы оқушыларыңыз сізді қалай бағалайды. Сіз қандайсыз сіздің алдыңыздағы шәкіртте сондай сондықтанда сіз еліңіздің ертеңіне жауапты екеніңізді ұмытпауыңыз керек шығар.
(Материал орысшадан аударылған)
Фото: svetvlad.blogspot.com
Жалпы, қазіргі таңда ұстаздар жаңа технологияны,күнделікті жаңарып отыратын алуан инновациялармен хабардар болып өз шәкірттерін қызықтыра білуі керек сяхты,себебі қазіргі таңда шәкірттің «сүйікті ұстазы» аталмасада өз пәнін қандай жолмен болсада оқушы санасына жеткізе білудің өзі үлкен жетістік шығар…Сол үшін түрлі жаңа әдістерді пайдалану заман талабы,қазір оқушылардың психъологиялары тіптен басқа мүмкін «демократия» психологияларына қатты әсерін берген болу керек, әлде «бала құқы» немесе «шет елге» еліктеу…біздің кезеңде ұстаз біз үшін ең киелі ұғым еді,қарсы сөйлемек былай тұрсын, көзіне қарай алмайтынбыз)))қандай ұстаз ұнайды деген саұрақтар мүлде талқыланбайтында,себебі бар ұстаз біз үшін керемет дейтінбіз… Арине заман өзгерді ғой..
Айнур дурыс айтады!Қазіргі таңда шәкірттің «сүйікті ұстазы» болу өте қийын мәселе.Ұстаздар қазір оқушының «сүйікті ұстазы» болуды армандамайды ал керісінше алдына қойған мақсаттарын қалай баланың бойына сіңіруге болар екен деп бас қатырады.Мен мектеп бітіргеніме 37 жылдің шамасы болды.Сол кезде біз ұстаздарды барлығыннан жоғары қойып,сол сыяқты ұстаз болсам екен деп армандаушы едік.Сол екен ұстаз болдым.30 жыл мектепте еңбек етіп келемін.Айтайын дегенім 25-30 жыл бұрынғы оқушылардың қадірін енді біліп жатырмыз.Қоғамдағы өзгеріс балаларды да өзгертіп жіберді.Казіргі таңда ең соңғы техниканың тілін толық меңгерген ұстаздарғана баланың тілін таба алады деп санаймын.Өзімде жасымның 55 барып қалғанына қарамай сол техниканың тілін толық меңгеру жолында көп ізденемін.Мүмкін қалған аз уақытты үнемді пайдаланып,арманыма жетіп оқушыларымның «сүйікті ұстазы» болып есте қалармын!!!!!!!!!!
Жұмабике сіздің әрекетіңізге қарап риза болып отырмын. Сіз секілді ойлайтын адам шәкірттің жүрегінде жақсы бейнеде қалды.