Гулайым Султангереева
«Тіл талапкері»
ӘБ мүшелері арасындағы полиглот сайысы
Жүргізуші: Құрметті қатысушылар , қонақтар , ұстаздар өздеріңізге белгілі мектебімізде «Тіл мерекесі» апталығы өтілуде.
Тәуелсіз елдің тұтқасы-
Қазақы жүрек,қазақ тіл.
Буынсыз тілмен шежіре,
Сөзіңді түптеп буа біл-демекші, бүгін ӘБ мүшелерінің арасындағы «Тіл талапкері» атты полиглот сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Әділ қазылар сайлау:
Қатысушыларды ортаға шақыру:
1. Тіл – ортақ қазына
Тіл – достық пен бірліктің , татулық пен түсіністіктің бастауы.
Ұлттық сақталуына да , жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша , қиялдың меңзеуін меңзегенінше , көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау. Ендеше әр қатысушы өздерін таныстырып өтсін.
Таныстыру
2.Үй тапсырмасын сұрау:.(билет суырылып, тұшымды жауап беру)
«Тіл маңызды құрал» дегенді қалай түсінесіңдер?
«Тіл туралы заң» жайында не білеміз?
Тіл туралы ұлы ғұламалар не айтқан?
3.Тіл – тұғырың.
Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі тіл, бірі – ділің жүректегі,-демекші ендігі кезекті «Мақал-сөздің мәйегі» айдарына беріледі. Мұнда әр қатысушы шығып , үлестірме қағаздарын алады. Мақал-мәтелдердің жалғасын айтуы керек.
Бас кеспек болса да….(тіл кеспек жоқ)
Жеті жұрттың тілін біл, …..(жеті түрлі ілім біл)
Жыланның уы тісінде , …(адамның уы тілінде)
Тіліңмен жүгірме , …..(біліміңмен жүгір)
Сүңгі жарасы бітер , ….(тіл жарасы бітпес)
Сөзден асқан байлық жоқ , …. (тілден асқан жүйрік жоқ)
Білімдіге дүние жарық , …..(білімсіздің күні кәріп)
Шебердің қолы ортақ…..(шешеннің тілі ортақ)
Көре-көре көсем боласың…. (сөйлей-сөйлей шешен боласың)
10)Батыр болсаң жауды қайтар,…..(шешен болсаң дауды қайтар)
Жылы киім тәнді жылытар , ….(жылы сөз жанды жылытар)
Тіл тас жарады ,тас жармаса…. (бас жарады)
Сүрінбейтін тұяқ болмайды ,….(жаңылмайтын жақ болмайды)
Отыз тістен шыққан сөз…..(отыз рулы елге тарар)
Пайдасыз сөзді көп айтпа….(пайдалы сөзді азайтпа)
Денсаулық-зор…(байлық)
Түйе де емес, (бүйе де емес)
Асыққан ісі (зиянға келер)
4.Тіл білгенің – өмір сүргенің. (Тақтамен жұмыс)
Жарық көрмей жатсаң ұзақ , кен – тілім,
Таза,терең,өткір күшті,кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім – деп, М.Жұмабаев жырлағандай, келесі сайысымызды «Тіл білгенің – өмір сүргенің» деген айдармен қатысушыларға суреттер слайд арқылы көрсетіледі.Ондағы суреттің қазақша,орысша,ағылшынша атауларын дұрыс айтып, тақтаға жазу.
Үй – дом – house
Қаламсап – ручка – pen
Нан – хлеб – bread
Қарындаш – карандаш – pencil
Кітап – книга – book
Автокөлік – автомашина – car
Мектеп – школа – school
Қасық – ложка – spoon
Шанышқы – вилка – fork
Алма – яблоко – apple
Ту – флаг – flage
Гүл – цветок – flower
Доп – мяч – ball
Мысық – кошка – cat
Ит – собака – dog
Знаете ли вы небесные созвездия?
1.Плеяды(Үркер)
2.Млечный путь(Құс жолы)
3.Созвездие Большой Медведицы (Жеті қарақшы)
4.Венера-Утренняя звезда (Шолпан)
5.Сөз тіркесі – тіл байлығы. Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашу.
Қас пен көздің арасы – жақын
Ит өлген жер – алыс
Салы суға кету – мұңаю
Бетінен оты шығу – ұялы
Көз шырымын алу – демалу
Сіркесі су көтермелеу – көңілсіздік
Қой ауызының шөп алмас – жуас
Ит тұмсығы өтпейтін – қалың ,ну
Тамырына балта шабу – құрту , жою
Төбе шашы тік тұру – қорқу
Көзді ашып-жұмғанша – лезде
Жұмған ауызын ашпау – үндемеу
Тақырға отырып қалу – алдану
Ит жанды адам – көнбіс
Таяқ тастам жер – жақын
Қоян жүрек-заячья душа
Жыл құсындай-первая ласточка
6.Мәнерлеп оқу сайысы
Ана тілін жырлап өткен талайлар ,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде ,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар,-демекші келесі кезекті мәнерлеп оқу сайысына береміз
7.Ойлы сөз – көпті ұтар. Жедел жауап
Қатысушыларға сұрақтарға жедел , тез шапшаң түрде жауап беруі керек.
1. Қазақ тілінде неше септік бар (7)
2. Қазақ халқының ұлттық музыка аспабы (домбыра)
3. Мұғалім сөзінің синонимін ата. (ұстаз ,оқытушы)
4. Кішкентай сөзінің диалектісі (биттей)
5.Қазақтың батыр қыздары кім (Әлия , Мәншүк)
6. Жалғаудың неше түрі бар (4)
7. Қазақтың үш биін ата (Төле би , Қазыбек би ,Әйтеке би)
8. Жиі сөзінің антонимін ата (сирек)
9. Алғашқы рет мектеп ашқан кім (Ы.Алтынсарин)
10. Қазақстан Республикасының Ата заңының күні (30 тамыз)
11.Фонетика нені зерттейді (дыбыс)
12. Абайдың қара сөзі неше бөлімнен тұрады (45)
13.Сілесі қату – сөзінің мағынасы (шаршау)
14.Мақалды жалғастырып.Көппен көрген (ұлы той)
15.Қазіргі өмір талабына қойылатын үш тіл (қазақша , орысша , ағылшынша)
Қорытынды.
Адамның адамдық , ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын , тіл сұлулығы кемімесін – дей отырып , бүгінгі сайысымызды аяқтап , сөз кезегін әділқазыларға береміз.