Басы » Бастауыш сыныптар » Щ щ дыбысы мен әрпі

Щ щ дыбысы мен әрпі

220px-27-Russian_alphabet-Щ_щ.svgШ. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебі 

 Пән мұғалімі : Зарыкхан Гулнар

 Тақырыбы: Щ щ дыбысы мен әрпі

 Сабақ мақсаттары: Білімділігі:  Щ дыбысының жазба, баспа түрімен    таныстыру, оны дұрыс дыбыстату.

Дамытушылығы: Сөздерге дыбыстық талдау жасату мақсатында, оқушылардың сөздік қорын, ойлау, сөйлеу  қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Балалардың оқуға, білімге деген қызығушылығын қалыптастырып, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Құралдар: әліппе кітабы, суреттер, фломастер, қарандаш , интерактивті тақта , сөзжұмбақ т.б.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, топпен  жұмыс, диалогқа түсіру

Сабақтың түрі:    Жаңа сабақ

Оқыту нәтижесі:

  • Оқушылардың тақырыптағы өткен дыбысын дамыта оқыту, дыбыстық талдау жасауға үйрету. Тілдерін  көркем әдеби сөйлеуге  дамыта түсу.
  • Топпен жұмыс жасау.
  • Топпен ойын, идеясын толық жеткізуге машықтандыру;

Сілтеме: Әліппе кітабы, Алматы «Атамұра» 2012

 

Сабақ кезеңдері Уақыт  Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру 2Мин Сабаққа психологиялық ахуал тудыру, ортаға шығаруҚайырлы таң досым
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн бізге
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
Сабаққа  келеміз,
Сабақтан қалмаймыз.
Әліппені 5-ке оқып,
Білімді оқушы боламыз.

Топқа бөлу. Дыбыстар тарату/ дауысты, дауыссыз, дауысты және дауыссыз дыбыстар беру арқылы бөлу/

 Сабаққа дайындалу. Бірге тілек тілеу. 

 

 

Топқа бөліну.

1-топ дауысты

2-топ дауыссыз

3-топ дауысты ж/е дауыссыз

болып бөліну.

Білу 

 

5 мин Өткенді қайталау.Біз қандай  әріппен таныстық?
—    Э дыбысы мен әріпі
—    Қане, сол Э дыбысына сөздер ойлап  айтыңдар.
—    Э дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
Қане, балалар дыбыс дегеніміз не?
—    Әріп дегеніміз не?
—    Олай болса балалар мен сендерге қазір жұмбақ айтамын, мұқият тыңдап, жауабын шешеміз.
Түймесін басқан
Сәулесін шашқан.        (Электр шамы)
-Осы сөздегі бірінші әріптің ерекшелігі қандай?

Кәне  барлығымыз дауыстай отырып өткен әріптердің ерекшелігіне тоқталайық?

Өткен әріпке байланысты  сөздерді оқыту. Үй тапсырмасын тексеру
—    Ендеше, үйге қандай тапсырма берілді?
—    «Электр» өлеңін жаттап келу.
(2-3 оқушыдан сұрау)

-Эц дыбысымен әрпімен таныстық.-Сұраққа жауап беру.

Оқушы жауабы

—    Экран, экспресс, экипаж, элеватор, электр.

—    Дауысты.

Дыбысты естиміз, айтамыз.

Әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.

 

Жұмбақ шешу.

 

 

 

Э дыбысы дауысты ашық, жіңішке, езулік

 

Түсіну 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин 

 

  • кезең

—    Ендеше, оқушылар біз қазір «Сөз ойла, тез ойла» ойынын айтамыз. Ол үшін қазір біз сөзжұмбақ шешеміз.
Б о р щ

Ш а х т е р

Ф у т б о л

В о к з а л

А л м а

1.Жеміс-жидектен жасалған сорпалы тағам.

2.Жер астындағы қара алтынды алатын адам.

  1. Спорттық доп ойыны.
  2. Сапарға шығар кездегі күту орны.
  3. Жеміс жидек түрі.

Сабақтың жаңа тақырыбын ашу. Щетка  сөзінің бірінші әрпі қандай?

-Ендеше бүгінгі өтетін әрпіміз Щ дыбысы мен әрпі .

«Ой қозғау стратегиясы»
—    Жуынғанда қандай құрал-жабдықтарды пайдаландық?
(Оқушыларға атату).
Тіс жуу үшін не қажет?
Аяқ киімімізді тазалау үшін нені пайдаланамыз?.
—    Қане барлығымыз маған қараймыз.
Щётка түрлерін әкеліп көрсетемін. Әр щёткаға байланысты сұрақ қойып, жауаптарын тыңдаймын.
—    Қане, осы «щётка» сөзін буынға бөліп көрелік.
—    Таныс емес қандай дыбыс естіледі?
—    Щ щ (айттыру) Щ қандай дыбыс?
—    Щ дауыссыз дыбыс, ол кедергі арқылы айтылып тұр.
—    «Щётка» сөзінде щ дыбысы сөздің қай буынында?

Щ дыбысы көбінесе орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
Мысалы: щётка, борщ т.б.
—    Интерактивті тақтадан Щ щ дыбысының баспа және жазба түрін көрсетіп қою.

 

Сөзжұмбақ шешу 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Щ дыбысымен әрпі

 

Сұраққа -жауап-

Тіс пастасы, тіс щёткасы
—    Щётка

 

 

Щёт – ка    (2 буын, 5 дыбыс).

-Щ дыбысы дауыссыз қатаң дыбыс-

1-буында, басында.

Талдау 

 

3 мин С- кезең Өзім тақтаға Щ щ дыбысын жазамын.
—    Щ дыбысы бұрын өткен қай дыбысқа ұқсайды?
—    Айырмашылығы қандай?
Оқулықпен жұмыс.
—    Суретті слайдтап көрсету;
—    Сурет бойынша сөйлем құрату.
—    Қане, балаға ат қояйықшы?
—    Ол не істеп жатыр?
Щётка – дыбыстық талдау жасату.
5 дыбыс, 2 буын, 2 дауысты, 3 дауыссыз
3 көк текше, 2 қызыл текше.1)    Кітаптағы сөзді оқу сөздерді өзім оқып беремін.
—    Сөздерді буынға бөлдіру, мағынасын аштыру.
Борщ – орамжапырақ, дәрумендер қосылып жасалатын сорпа.
Ащы – жуа ащы, бұрыш ащы.
Тұщы – ішетін суымыз тұщы.
Өзенсуы тұщы, ал теңіз, мұхит суы – ащы болады.
Осы біздің Маңғыстауда өздерің қандай теңізді білесіңдер?
—    Каспий теңізі.
—    Міне, балалар, осы Каспий теңізінің де суы ащы.
—    Біз бүгін осындай үлкен көлдің бірі – Балқаш көлімен танысамыз, яғни бүгінгі мәтіннің тақырыбы «Балқаш».
а) Слайдтан Қазақстанның физикалық картасынан Балқаш көлін көрсету;
б) Балқаш көлінің суреті; қызқаша мағұлмат беру
Балқаш көлі

Балқаш өңірі — әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.
ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді.
Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде жүзіп жүреді.
Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабындықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және сасыр. Сонымен қатар талды ормандары тораңғы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жөке, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады. Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау алабы созылып жатыр.
1)    Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру;
2)    Оқушыларға тізбектей оқыту;
3)    1 оқушыға тұтас оқыту.

Мәтінге талдау жүргізу

  • Топ Мәтіндегі сөйлем санын анықтау.
  • Топ Мәтіндегі щ әрпі бар сөзді тауып оқу.
  • Топ Тұщы сөзіне дыбыстық талдау жасау

Интерактивті тақтадан:
«Щёткалар» өлеңін суретімен шығарып қоямын.

1)    Өзім мәнерлеп оқимын
2)    2 рет хормен оқыту
3)    Оқушылардан сұрау.
Жазу жолындағы сөздерді оқыту.                 (2 оқушыға).

 

—    Ш дыбысына.. —    Щ дыбысының аяғы бар.
Сергіту жаттығуы 2 мин Тазалық сақшысы                                    Айнаға қараймыз
Иіс сабын, орамал                                   Шашты да тараймыз
Қасында пастасы                                      Ас ішіп болған соң
Щёткасы тағы бар.                                   Мектепке барамыз..
Жинақтау 5Мин  Дәпермен жұмыс жасау.Ауаға жазу

Щ дыбысын дәптерге   жазғызу.

Дәптерге жазу.

Ойнайық та, ойлайық! ойыны. Логикалық тапсырма. Орындары ауысқан сөзді дұрыс табу. Сол сөзді сөйлем құрау. Шығармашылыққа баулу.

Жазу дәптерге. 
Бағалау 2Мин  Әр оқушыны   бағалау істеген жұмыстарына тоқталу. Ерекше жауап берген оқушыларды мадақтау, бағаларын тарату. Оқушылар бір-бірін бағалату, не себепті олай бағалағанын айту.
Қорытындылау 2 мин РефлексияБіз бүгін қандай әріпті өттік.

-щ дыбысы дауысты ма ? дауыссыз ба?

 

-Сұраққа жауап беру.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *