Басы » Информатика » Көңілді информатика

Көңілді информатика

«Көктал орта мектебі мектепке

дейінгі шаған орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

информатика пәнінің мұғалімі Г.Р.Байсбаева

Сабақтың тақырыбы:  « Көңілді информатика»

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға  жалпы  информатика бойынша    алған білімдерін қайталап жүйелеу;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамыту;
  • Оқушыларды ұқыптылыққа, бір-бірін тыңдай білуге,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

1.Командаларды таныстыру

2.Мимика және жест конкурсы

  1. «Ақпаратты көшіру» конкурсы

4.Капитандар жарысы

5.Үй тапсырмасы «Информатика сабағы әзіл түрінде»

Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар!
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,

Интернеттің, жаңалықтың бәрінде

Мүмкін емес информатикасыз түсіну,

Компьютер дүние кілті  бүгінде!- деп бүгінгі  сайысымызды  бастаймыз.

Бүгінгі сайысымыздың  тақырыбы: « Көңілді информатика»

“Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын”, –
деп бүгінгі сайысқа қатысатын топтарымызды таныстырып өтейік.

 

Бұл сайысқа  2 топ қатысады.

Олар: «Alser» және « Pentium» топтары

Әділқазы алқасы  конкурсты 5 балдық  жүйеде  бағаланады.

Жеребе тастап, қай топтардың ретін   анықтайық.

1.Таныстыру  5минут

Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады.

Әділқазы алқасы 1 конкурс бойынша  балы.

 

ІІ конкурс. Мимика және жест конкурсы

Екі керең кездесіпті.Біреуі қармақ ұстап алыпты.

Екіншісі  сұрайды:

-Сен,  не балық аулауға барасың  ба?

-Жоқ.Мен балық аулауға барамын. -дейді.

-Мен ойлаппын, сен балық аулауға шықты ма  -деп.

Ақпарат  берілді.Бірақ  ол толық жеткен жоқ.Қандай да ақпарат болмасын  ақпарат  жіберуші және ақпарат қабылдаушы болады.Әйтпесе  бұл ақпарат алмасудың ешқандай мәні болмайды.
Қазір командалар кезекпен ақпарат қабылдаушы мен ақпарат жіберуші болып  сөйлейді. Ал, ақпаратты  вербалды емес сигналдар жүйесімен береді.Вербальды емес сигалдар дегеніміз — жесттер,  сөйлеу, жазу ерекшеліктерін бақылау, талдау және зерттеу. Осы сигналдарды оның мінезімен байланыстыру.

Әділқазылар бұл конкурсты 5 балды жүйе есептейді.

Команда капитандарын тапсырмаларды  алуды шақырамын.

Дайындыққа 3 минут беріледі.
Тапсырма:  мимика и және  жест бойынша
I команда:
1. Принтер
2. Баланың компьютер ойнап отырған кезі.

II команд
а:
1. Пернетақта.
2. Интернет

Әділқазалар алқасының балы. Екі тур бойынша балдары
III. Компьютерде шұғыл  жад және сыртқы жад болады.
Топтарға тапсырма: дискета —  тарелка суымен, су  — ақпарат, стакан – жедел жад. Топ арасынан бір адамды таңдаймыз ол — процессор, қасықтың көмегімен ақпаратты  дискетадан жедел жадқа тасымалдау керек.
Әділқазылар алқасы жедел жадтың шапшаңдығы қандай ,қай процессор ақпаратты  тез көшіреді.
Бірінші 5 балдық,екіншісі 4 жүйеде есептеледі.
Топтар балдарын алды.

  1. Капитандар жарысы
    Артурдың Конан-Дойля «Билейтін адам» әңгімесінде, қылмыскер түп нұсқа кодты арам пиғылда өзгерте  пайдалану арқылы  елдерді қорқытқан.  Бір ақпаратты сигнал түрде және әр түрлі жолмен  беруге болады. Ең бастысы ақпаратты  түсіну.Егер біз түсінсек ол код әлде шифр ма  екнін білеміз.

Қазір 5 минутта команда капитандары текстік  мағынаны ашады (расшифровать) етіп және қалай кодтағандарын түсіндіреді.
Капитандар  тапсырмалары алыңыздар.:
Мағынаны ашады (расшифровать) және қалай кодтағандарын түсіндіреді.

1.қепатернта   (пернетақта)

  1. ситнрвауи (антивирус)

 

Осы сөздерді кодтау.

Әділқазы алқалары ІV тур бойынша балдары.
V. Конкурсымыз  «Үй тапрсырмасы ».
«Информатика сабағы әзіл түрінде»

Қортыныды сөзімізді  әділқазылар алқасына берейік!

Марапаттау.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *