Басы » Музыка » Қазақтың халық музыкасы

Қазақтың халық музыкасы

19Куришкул Сарымсакова

Тақырыбы: Қазақтың халық музыкасы

 Мақсаты:

Білімділік: Ұлттық музыка өнеріне жене өнер қайраткерлеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халық композиторларының шығармаларымен таныстыру.

Дамытушылық: Музыкалық ырғақты сезінуге баулу,оқушының  шығармашылық ой-өрісін дамыту. Тыңдау, қабылдау,есте сақтау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Өз халқының музыкасын құрметтеуге,табиғатты,қоршаған ортадағы әсемдік пенсұлулықты сезінугн,қадірлеуге тәрбиелеу.

Cабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түріі: Аралас.

 Сабақтың әдіс: репродуктивті,сұрақ-жауап,,топтастыру әдісі,көрнекі-баяндау, сұрақ-жауап, ой бөлісу.

Жұмыс түрлері: Дәптермен жұмыс, әнмен жұмыс, шығармашылық жұмыс Көрнекілігі: слайдтар, үнтаспа,баян,интерактивті тақта,сөзжұмбақ.

Пән аралық байланыс: Әдебиет,тарих,өмір

Сабақтын жоспары:

 I.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  2. Психологиялық дайындау.

2.Дауыс жаттығуы

До-ре-ми,до-ре-ми,

Үйреніп аламын.

Фа-соль-ля,соль-ля-си

До-до-до

Деп әнге саламыз.

До-ре-ми,до-ре-ми,

Нотаның аттарын

Фа-соль-ля.соль-ля-си

До-до-до

Деп күнде жаттадым.

II.Үйге берілген тапсырмаларды сұрау

1.Домбыра аспабының құрылы

  1. «Ұстазым» әнін жатқа сүраймын.

III.Үй тапсырмасын бекіту

Сұрақ-жауап әдісі:

1.Домбыра қай ұлт аспабы?

2.Домбыра қандай аспап түріне жатады?

3.Домбыра аспабының құрылысы қандай?

  1. «Ұстазым» әнін кім жазған?

IV.Жаңа сабақты түсіндіру

А)Қазақ халық музыкасы

Б)Қорқыт. «Желмая»-тындау

В)Дина. «Он алтыншы жыл»-тыңдау

Г) «Елім-ай» қазақ халық әні-үйрену

Д)Сөзжұмбақ шешу

 Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Үйге берілген «Ұстазым менің» әнін сұрау. Домбыра аспабы туралы оқушылардан түсінігін тексеріп, құрылысын қысқаша айтып өту.

Жаңа сабақ.

Мұғалім сөзі: – Балалар, сендер «өнер», «өнерлі бала», «өнерің өрге жүзсін» сөздерінің мағынасын қалай түсінесіңдер?- деп проблемалық сұрақ қойылады. (оқушылар пікірлері тыңдалады) Ежелден қазақ халқы өнерді ерекше қасиет деп есептеген. Өнер адамдары – күйші, әнші, композитор, әртүрлі заттардан әсем дүние жасайтын ұсталар, шеберлер мен тігіншілер. Оқулықпен жұмыс. «Қазақтың халық музыкасы» тақырыбы оқылады. Өнер – халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір, тіршілік құбылыстары, адам күйініш-сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді. Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры, салт-дәстүрі, өмір сүрген ортасы мен әдет-ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тарих арнасына айналды. Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше. Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы – ән мен күйі. «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп Абай атамыз айтқандай дүниеге шырылдап әнмен келсе, өмірден өтерде де жоқтаумен қош айтысады. Халқымыз дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, барлық оқиғаларды ән-әуенмен жеткізе білген. Қыз ұзату, үйлену тойлары, ойын- сауықтардың — бәрі де ән-күй аясында өткен. Өлімге қарсы күресіп, мәңгілік өмір іздеген Қорқыт, ұлы ғұлама ғалым Әл-Фараби, бейбіт, тыныш өмірді аңсап желмаясын желдіртіп, дүниені кезген Асанқайғы бабаларымыз үміт-армандарын музыка тілімен жеткізді. Одан бері Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Біржан сал, Ақан сері,Мұхит, Қазанғап, Дина, Сүгір және т.б. дарын иелері халқының бастан кешкен тауқымет-тағдырларын музыкамен суреттеп өтті. Сөйтіп,халқымыздың музыкалық рухани қазына, мол мұрасы сан ғасырлар бойы басынан кешкен тұрмыс-тіршілігімен жұптаса жалғасып келеді. Сендер, балалар бүгінгі күннің ұрпақтары, сол ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларды көкейге тоқып, бойға сіңіріп өссеңдер, тарих тағылымы жалғаса бермек. Ән үйрену. Қазақтың халық әні «Елім-ай». Халқымыз сонау заманнан бері қилы заманды басынан өткеріп келеді. Жоңғар басқыншылары 100 жылға созылған басып алу соғысы кезінде 1923-28 жылдар аралығында қазақ халқын өз жерінен қуып, бастырып жіберген. Зорлық көрген халық өз басындағы ауыр қайғыны «Елім-ай» әнінде бейнелеген. Қаратаудың басынан көш келеді. Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Ел жұртынан айрылған жаман екен. Екі көзден мөлдіреп жас келеді. Ән үйренер алдында жаттығу орындау.

а) Әннің сөзін үйрету.

б) Фраза бойынша үйрету.

в) Дыбыс ырғағына қол соғу. Шығармашылық жұмыс. Өнер туралы мақал-мәтелдер жарысы өткізіледі. Өнерлі бала сүйкімді. Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар Жігіт адамға жетпіс өнер де аз. Білімді өлсе, қағазда аты қалар Ұста өлсе, істеген заты қалар.

Қорытынды. А) 1. Салт – дәстүрге байланысы қандай әндерді білеміз?

  1. «Елім- ай» әні қандай әнге жатады.
  2. Қазақ музыка өнерінің дамуына үлес қосқан композиторлар.

Б) Сөзжұмбақ шешу. «Домбыра»

 

 

 

1.Күй анасы

2.Мәңгілік өмір іздеген күйші

  1. Күй атасы.

4.Ұлы ғұлама ғалым.

5.Күйші.

  1. Ақын-айтыскер.
  2. Ұлы ақын.

                                                     Д          И         Н     А

Қ     О Р                  Қ         Ы          Т

Қ         Ұ       Р       М      А       Н       Ғ       А       З       Ы

Ә  Л    Ф     А         Р   А       Б     И                                                                                         А       Б       Ы      Л                                                                                        Б       І        Р         Ж      А       Н                                                                          А    Б     А       Й

 

 

Үйге: Қазақтың халық музыкасы «Хан Абылай әні».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *