Басы » Tәрбие сағаттары » Табиғат ою өрнегі

Табиғат ою өрнегі

   Алматы обылысы, Панфилов ауданы, Алмалы ауылы.

Елтінді батыр атындағы орта мектеп жанындағы шағын орталық

                                 Табиғат ою  өрнегі                                                                       

Тәрбиеші: Байсбаева Раушан Райханқызы

Сабақтың  тақырыбы  Табиғат  ою өрнегі                                                                      

Мақсаты    Қазақ   балаларына   тән  бейнелі  ойлау  қасиеттерін   ескере  отырып,танымдық   ауқымын  арттыру, үлтық  ұғымдарды  меңгерту,есте            сақтау,зейініншоғырландыру,қимыл-қозғалысын  арттыру.Шығармашылық қабілеті  мен  қиялына  ерік беру арқылы,түрлі  психологиялық қасиеттер  ашу.                                                                        

Жүргізілу  шарты.Балаларға қажеті үлгіні үлестіріп беріп төмендегі шарттар бойынша түзету жүмыстарын жүргіземіз

Сабақ  барысы  —Балалар,қазір біз әжейдің тіккен сырмағымен  танысамыз.Сырмақ неден жасалады,қандай мақсатта жасалады.қазақ ұлттық ою-өрнегін қайдан ойлап тапқан,соны білеміз бе.Сырмақ-көнеден келе жатқан ұлттық қол өнер.Сырмақ бетіне ою-өрнектер салынып,жүннен сырылып тігілетін қонақтар келгенде төрге төселетін зат.Қазір сендердің қолдарыңда сырмаққа салынатын «Табиғат»деген ою-өрнектің бейнесі бар.Осы табиғат өрнегінде қандай бейнелер салынғанын  мұқият қарайықшы,тапқан бейнеміз неге ұқсайтынын айтамыз.

-Жүн иіріп,бояу сап,

Тікті әжей сырмағын,

Оюқиып өрнектеп.

Алтын  жіппен өрмектеп.

Әжем    қонақ   күткенде,

Сырмақ    төсеп   қояды,

Сондай   әдемі   сырмақта

Сан алуан  бейне  бар,

Кім  зейінді  кім  жылдам,

Сол   бейнені   табыңдар,-дей  отырып  ою ішіндегі үйлесімді аң,құс,заттар бейнесін тауып,қажетті түспен бояу ұсынылады және сол бейне  туралы білетін тақпақ,өлең айту,жұмбақтар шешу ұсынылады.

Мінеки,балалар,өрнектің өзінде көптеген аң,құс,заттар бейнесі бар екен. Осының бәрі табиғатта  кездесе ме.

-Өрнек сұлу ма,балалар

Міне,балалар,барлық табиғаттағы заттар бірігіп әдемі көрініс береді екен.Сендер тату  жүрсеңдер әдемі болып өсесіңдер.

Сабақтың тақырыбы  «Торсықтағы төрт бейне»                                                            Жүргізілу шарты.Балаларға қажетті үлгіні үлестіріп беріп,шарттар бойынша түзету жұмыстарын жүргіземіз.Өлең жолдарын пайдалана отырып,келесі тапсырманы беру.

-Торсықты кім біледі 

1-бала.  Тері  илеп  жібітіп,

             Шебер  торсық   тігеді.

             Батыр,аңшы,малшылар,

             Сусын   құйып   торсыққа,

             Белдеріне    іледі.

2-бала.Торсықтағы сусындар,

            Сақталады  бұзылмай.

            Саумал,қымыз,қымыран,

            Айран,шұбат  құятын,

             Міне,торсық осындай.

Торсық   алыс сапарларға жүргенде сусын құятын теріден жасалған ыдыстың бір түрі екен.Балалар,сендердің қолдарыңдадағы торсықта сызбалар арқылы төрт бейне жасырынып тұр.Жасырын түрған бейнені табамыз.Қане,қандай бейне жасырылған екен.Қандай бейнені таптың ортаға шығып көрсете ғой.(Торсықтағы төрт бейне:Қайық,Қалпақ,Кебіс,Етік)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *