Басы » Психология » Зейнді қалыптастыруға арналған « Назар » тренингі

Зейнді қалыптастыруға арналған « Назар » тренингі

treningМағауова Салтанат Абайқызы

Зейнді қалыптастыруға арналған « Назар » тренингі
Тренингтің мақсаты: Ырықты зейнді дамыту.
Өткізілу әдісі: Ойын түрінде.
Тренингтің жүргізілуі: Тренингке қатысушыларға бір парақ ақ қағаз бен түрлі-түсті қарандаштар беріледі. Қолдарындағы құралдарды пайдалана отырып:
А)10 үш бұрыштың суретін салатынын бірнеше рет қайталап айтамыз.
Ә) Салатын 3-ші, 7- ші, 9-шы үшбұрышты жіңішке етіп қызыл қарандашпен қосымша
тағы екінші сызық түсіретіндігі айтылады.
Б) Жоғарыда айтылған тапсырмаларды енді жазбаша орындауға жаттықтырамыз. Егер бала тарапынан «Не істейміз?» деген сұрақ қойылса, психолог: өзінің түсінгені бойынша орындай беруді өтінеді. Тапсырманы орындауға берілетін уақытты әр психолог өзі тандайды.
Пікір:
А) жаттығуды бірнеше рет қайталау.
Б) психологтың өзі бірге орындаса ғана, бала жаттығуды тез үйренеді.
Ә) балалардың ырықты зейінін осы тәріздес ойын арқылы дамыту .
Зейінді дамытуға арналған « Тұрақтылық » тренингі
Тренингтін мақсаты:Зейіннін тұрақтылығын дамыту.
Тренингтің жүргізілуі:Ойын екі бағытта ұйымдастырылады.
1) Бастауыштың балаларының жасына сәйкес газет-журналдардан қысқаша әрі жеңіл, қызық, балаға түсінікті бір шумақ үзінді алып әр сөзін мәнерлеп оқи отырып, олардыңне істейтінін түсіндіреміз. Әр сөйлемдегі «а» дыбысынын астын сызып, оны санап шығу керектігі тапсырылады. Осы тапсырма арқылы зейіннің бөлінуі мен ауысуына көңіл бөлеміз.
2) Осы материалды пайдаланып, екінші тапсырманы түсіндіреміз. Ол үшін әр қатардағы «а» әріпін сызып тастап «б» әріпінің астын бір рет сызу немесе «б» әріпінің алдындағы әріптерді сызу. Тапсырма белгіленген уақыт ішінде аяқталуы тиіс.
Пікір:
А) тапсырманы орындау барысында ырықты зейін қажет етіледі.
Ә) осы сиақты тапсырмалар үзбей жүргізілуі керек.
Қиялды дамытуға арналған әдістер
1-жаттығу „Ондай болуы мүмкін емес»
Қазақ халқының салт-дәстүрінде өтірікшілер сайысы кең тараған шығармашылықтың түрі болған. Сол өнердің элементтерін бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамытуға кеңінен пайдалануға болады.
Топтағы оқушылардың біреуі ешқандай болуы мүмкін емес өтірік нәрсені айтады: ақиқатта болмайтын заттар, олармен болған оқиғаларды, болуы мүмкін емес табиғат құбылыстары мен ол жағдайдағы өзінің әрекеттері, табиғатта кездеспейтін жануарлар және олардың хикаясы туралы оқиғаларды айтып береді. Бес өтірік сюжетті қатарынан қисынын келтіріп айтып берген кезде ешкім „ондай болуы мүмкін емес» деп айтпаса, сол ұтады. Олардың барлығы марапатталады.
2-жаттығу „Егер осылай болса…»
Балалардың біреуі фантастикалық жағдайды ойлап табады, ал басқалары оның шешімін табуы керек. Мысалы:
— Егер әр адам туғаннан бастап барлық басқа адамдардың ойлаған ойларын оқуға қабілеті болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
— Егер жер бетіндегі адамдардың әрқайсысы өзіне ғана түсінікті тілде сөйлейтін болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
— Егер жануарлар тілін адамдар түсіне алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
— Егер адамдар құс сияқты ұшатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
— Егер оймен барлық өсімдіктер өмірін басқаруға болатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?
— Егер адамдар жер астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді?

— Егер адамдар су астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? т.с.с.
Фантазиялық әңгімелерге үлесін қосқандардың барлығы марапаттанылады.
3-жаттығу „ Сиқырлы қалам »
Жаттығуды жүргізу үшін қалам мен қағаз керек. Жүргізуші барлық қатысушыларға жаттығуды орындау шартын түсіндіреді. Ойынға қатысушы қаламды қолына алмастан, оны төрт түрлі бұйрық беріп („Жоғары!», „Төмен!», „Оңға!, „Солға!» деген бұйрықтар беріледі) қашықтықтан басқарып отырады. Бұйрық бойынша қалам қағаз бетімен жоғары, төмен, оңға, солға жылжып, сынық сызықтар ретінде із қалдырады. Қаламның барлық қадымдары бірдей болуы керек.
Жаттығуды орындаудың бастапқы кезеңінде ойынға қатысушылар кезекпен бұйрық береді, ал жүргізуші қаламға ол бұйрықтарды орындауға „көмектеседі». Барлық қатысушылар ойын ережесін меңгергеніне жүргізушінің көзі жеткеннен соң балаларға тапсырманы қиялымен орындау тапсырылады. Өздерінің ойындағы қаламдарымен көз алдына елестеткен қағазға жорамалдағы сызықтарды түсіру үшін қатысушылар бірінен кейін бірі қаламға бұйрық беріп отырады. Ең бірінші қарапайым фигуралар (квадрат, үшбұрыш т.с.с.) салынады. Кімнің бұйрық беретіні отырған ретіме
н шеңбер бойынша анықталады.
Ешкім ешкіммен қандай фигура салатыны туралы алдын ала келіспейтіні туралы жүргізуші ойынға қатысып отырған балаларға түсіндіріп береді. Сондықтан қатысушылардың барлығы өзінен бұрынғылардың бұйрықтарын зейін салып тыңдап отыруы керек. Біртіндеп салған фигуралары күрделі бола бастайды.
4-жаттыгу „Таңғажайып құралдар»
Топтағылар „Таңғажайып құралдар» көрмесіне саяхатқа шығады. Көрмеде отбасында, үй тұрмысында пайдаланылатын құрал-жабдықтардың керемет қасиеті бар жаңа түрлері қойылған. Олар көзге көрінбейді, ал өз қызметтерін жоғары сапада орындайды. Жетекші сөреде тұрған сіріңкені қолына алып, оның бір шырпысын жандырып, қасында отырған ойынға қатысушыға ұсынады. Ол отпен газ плитаны тұтатуды өтінеді. Шырпы ұсынған адам қолдарын созып, плита комфоркасын тұтатады.
Топтағыларға өздеріне қажетті заттарды алып, оларды пайдалана берулеріне болатыны айтылады. Балалардың біреулері қалам алып,оның ұшын шығарады, екіншілері тамақ пісіруге кіріседі, ал тағы біреулері киім-кешектерін жөндейді.Балалардың барлық іс-әрекеттері жорамалдағы құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы жүргізіледі.

5-жаттығу „Тікбұрыштарга тапсырмалар беру»
Қатысушыларга бір-бір парақтан таратылып беріледі. Қағаз бетіндегі үлкен тікбұрыш 16 тең бөлікке төмендегі үлгідегідей етіп бөлінген.

Бұл бөліктердің әрқайсысы солдан оңға қарай қатарлар бойынша оймен жүгіртіп нөмірленеді. Нөмірлер қағазға түсірілмейді. Енді осы парақтағы әр түрлі нөмірдегі ұяларды бір-бірімен қосу туралы нұсқау бсріледі. Оны орындауға біраз уақыт беріледі де, келесі тапсырманы орындау ұсынылады. Мысалы, 2-ші тікбұрышпен 13-ші тікбұрышты сызықпен қосу, 13-шіні 16-шы тікбұрышпен қосу, одан 1-ші тікбұрышқа қарай сызық жүргізу. Бүл үлгіні тақтадағы плакатқа сызық түсірместен көрсеткіпшен нұсқасын жасау арқылы түсіңдіріледі. Сонан соң барлығы тапсырмаларды о
рындауға кіріседі.
Тапсырмалар
1. 1-ші тікбұрыштың ортасын 5-ші тікбұрыштың ортасымен қос. 7 секунд.
2. 1-ші тікбұрыштың сол қабырғасынан 2-ші тікбұрыштың оң жағындағы жоғарғы бұрышына қарай сызық түсір. 7 секунд.
3. Бір тікбұрышты тоғыз бірдей бөліктерге бөліп шық. 10 секунд.
4. 10-шы тікбұрыштың сол жақтағы төменгі бұрышын сол тікбүрыштың оң жағындағы жоғарғы бұрышымен қос, сонан соң сызықты 6-шы тікбұрыштың сол қабырғасының ортасымен қос. 10 секунд.
5. 4-ші тікбұрыштың ортасын 8-ші тікбұрыштың ортасымен қос. Сызықты одан әрі осы тікбұрыштың сол қабырғасының ортасына дейін жалғастыр, сонан соң 4-ші тікбұрыштың жоғарғы оң бұрышымен қос. 15 секунд.
6. 3-ші тікбұрыштың оң қабырғасының ортасынан 7-ші тікбұрыштың ортасына сызық түсіріп, одан 6-шы тікбұрыштың оң қабырғасының ортасымен қос, сонан соң 1-ші
7. 9-шы тікбұрыштың сол қабырғасының ортасынан 14-ші тікбұрыштың ортасын қос, сонан соң 1-ші тікбұрыштың төменгі қабырғасының ортасына дейін сызып, одан 13-ші тікбұрыштың ортасына, ал одан соң 9-ші тікбұрыштың ортасымен қос. 5 секунд.
8.8-ші тікбұрыштың төменгі қабырғасының ортасымен 11 -ші тікбұрыштың оң қабырғасының ортасын қос, одан 16-шы тікбұрыштың үстінгі қабырғасының ортасын, содан кейін 12-ші тікбұрыштың оң қабырғасының ортасын, 12-ші тікбұрыштың ортасын, ал сонан соң 13-ші тікбұрыштың ортасынан 9-шы тікбұрыштың ортасын бір-бірімен қосып шық.
9. 14-ші тікбұрыштың төменгі оң жақ бұрышынан 15-ші тікбұрыштың сол қабырғасының ортасына, одан 15-ші тікбұрыштың төменгі қабырғасының ортасына дейін жалғастырып, одан 12-ші тікбұрыштың оң қабырғасының ортасына жеткіз. 15 секуңд.
10. 3-ші тікбұрыштың, 7-ші тікбұрыштың, 10-шы тікбұрыштың орталарына „+» белгісін қойып,16-шы тікбұрыштың ішіне екі кішкентай „+» қойып, 7-ші тікбұрыштың төменгі сол жақ бұрышына дөңгелек, ал 6-шы тікбұрыштың ортасына үшбұрыш сал. 15 секунд.
Тоқта!
Бағалау шкаласы
1-2 тапсырмаларды дұрыс орындағанға — 1 баллдан;
3-4 тапсырмаларды дұрыс орындағанға — 2 баллдан;
5-6 тапсырмаларды дұрыс орындағанға — 3 баллдан;
7-8 тапсырмаларды дұрыс орындағанға — 4 баллдан;
9-10 тапсырмаларды дұрыс орындағанға — 5 баллдан.
Тапсырманы бірнеше рет орындатуға болады. Нәтижесінде қиял, ойлау процестері дамиды.
Орта буын оқушыларының қарым-катынас мәдениетін қалыптастыруға арналған коррекциялық ойындардар
Жеткіншек жасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған тренинг жүргізгенде негізгі әдіс-тәсілдер ретінде психокоррекциялық ойындар пайдаланылады. Мысал ретінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған тренигті көрсетуге болады.
Қарым-қатынас тренингі.
Мақсаты: жеткіншек жас кезеңіне тән мінез-құлық ерекшеліктерін ойын барысында өңдеп, өзгелерге сыйысымды болуға үйрету, агрессивтіліктен шығару, бір-бірімен емін-еркін қарым-қатынас жасайтын жағдай жасау.
Бірінші кездесуде қатынасушылар өздерінің алдында тұрған міндеттерін анықтап алады, қажет болса өздеріне жаңа есім тандап алады да сол атымен тренингтің соңына дейін аталатындығы түсіндіріледі. Бұл тәсілді қолдану арқылы бала өзінің атымен байланысты өз өміріндегі өзіне ұнамайтын жағдайлардан шығып кетуіне психологиялық негіз болады. Өз есімі ретінде өзіне ұнайтын адамның атын, өсімдіктер мен жануарлардың атауларын таңдап алуына болады. Сонымен қатар өз атымен аталуының да орны бар екені түсіндіріледі.
Барлық қатынасушылар бір-бірінің жаңа атын есте сақтап қалу үшін сол аттарымен атауға арналған жүгіртпе ойындар ұйымдастырылады (допты бір-біріне бергенде өз патрнерының атын атап, оған бір ұнамды сөз айту, жаңа танысқан досын презентация жасау т.б.) Танысу кезеңін екінші кітапта берілген „Тұсаукесер» жаттығуынан бастауға болады. Қатысушылар, міндетті түрде, бір-бірімен және топтық жұмыс формасымен танысады.
Психолог қатысушыларды тренинг мақсаты және міндеттерімен таныстырады. Жұмыстық тәртібі және шарттары ойластырылады, топтық жұмыстың ережелері ендіріледі. Психолог сабақтар қандай формада жүргізілетіні және қандай негізгі тақырыптарға негізделінетіні жайлы айтады. Сонымен қатар, қатысушыларға балалармен қатынас пен өзара әрекет ерекшеліктерінің құрылуының негізгі ұстанымын түсіндіреді: қатысушы тұлғасын қолдау, оның пікірін сыйлау және қызметтестікке ұмтылу.
Жеткіншектермен топтық жұмыс жүргізгенде олардың ұялшақтығын, тұйықтығын, ұшқалақтығын, агрессивті мінез көрсетуін коррекциялауға кеңінен пайдалануға болатын бірнеше жаттығулар ұсынылады.
1-жаттыгу „Менің атым»
Бірінші кездесу танысуға арналған болады. Оны жүргізуге арналған жаттығудың бірнеше нұсқасы бар.
А) Қатысушылардың барлығы шеңбер бойына отырады да, әрқайысысы ретімен өз атының бас әріптерінен басталатын сын есім сөзді айтады. Мысалы: Қанат — қызықты, Үсен — үлкен, Гүлнар -гүлденгіш, Салтанат — сезімтал, Нұрғали — нұрлы, Ерғали — епті, Қадиша — қуатты т.с.с. Барлық қатысушылар бала атымен тіркестірілген сын есімді қайталайды, келесі адам өзінің атына тіркестірген сын есімін қойып айтады да, шеңбер бойынша әрі қарай жалғастырып кете береді.
Б) Әрбір қатысушы өзіне жаңа ат таңдап алады. Тренинг барысында ол адамды қатысушылардың барлығы оның өзі таңдап алған атпен атайды. Жаттығу әрі қарай бірінші нұсқа бойынша жүргізіледі.
В) Танысу барысы: қатысушылар өзін таныстырып өтеді және болашақ жұмыс істеудегі өз қауіптенулері мен үміттенулерін белгілейді. Топтағы жұмысты жеңілдету үшін бейдж қолдану ыңғайлы, әр қатысушы оған өз есімін, немесе ойдан шығарылған есімін жазып қояды.
Г) Психогимнастикалық жаттығу жүргізу арқылы танысу: қатысушылардың әрқайсысы орнынан тұрып, қандай да бір ерекшеліктері бойынша топтастырылып отырғызылады. Мысалы, шашының түсіне, туылған жыл мезгіліне, т.б. ерекшеліктеріне байланысты.
Д) Психолог қатысушыларға әркімнің өз-өзін және басқаларды түсіне білуінің өте маңызды екенін айтып, қатысушыларға бірнеше сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Осы жерде жеткіншектерге өзін-өзі тәрбиелеудің, күнделікгі жетілдірудің мән-мағынасын түсіндіре отырып, күнделік жүргізуге назар аударады. Психолог өзінің жетістіктері мен алдында тұрған мақсаты мен армандарын тіркеу күнделікті жүргізу туралы ерекше айтып өткені жөн. Күнделіктердің жүргізілу ерекшеліктері мен үй тапсырмаларын орындаудың маңыздылығы жайлы нақтылап айтып өту қаж
ет. Үй тапсырмасына келесі күнгі сабақтарға талқылау жүргізілетіні туралы ескертіледі.
2-жаттығу „Мен күштімін»
Жеткіншек жасындағылардың бір жағынан күші тасып жүреді де,екінші жағынан тез шаршайтын кездері болады. Күш көрсету — адамның қорғаныс функцияларының бірі, адам қиналғанда бұлшық еттер ширығып, бұлшық еттер сауыты пайда болады. Ол тыныс алудың қиындауы арқылы көрініс беретінін дәлелдеген. Жеткіншектердің агрессивті мінезі осы қорғаныс функциямен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан олармен жүргізілген тренингтерде міндетті түрде дене терапиясының элементтері пайдаланылып, бұлшық еттер сауыты тиянақтың мықты екенін сезіндірудің мағ�
�насы кең. Денедегі энергияның өз бетімен жүретін ағымына күнделікті тосқауыл қою адамның дене қалпына, жүріс-тұрысына, физикалық құрылымына әсер етеді. Осы физикалық құбылыстар мен жеке тұлғаның мінез-құлық құрылымы, тұлғалық типі тығыз байланыстылығы дәлелденген
Дене терапиясы топтарында ағзадағы энергия ағымын үйлесімді жүргізуге ықпалы өте күшті тыныс алу жаттығулары кеңінен пайдаланылады. Ерекше зорлануды талап ететін дене қалыптары мен өзінше сипаттағы қимыл-әрекеттер жасайтын жаттығулар да кеңінен пайдаланылады. Бұлшық еттер сауытынан босатуға және қарапайым сезімдерді реттеуге тыныс алу жаттығулары, физикалық түйісі (күресу, уқалау) элементтері қолданылады.
Бұл жаттығуды бірнеше вариантта өткізуге болады.
Дене күшін нығайтуга арналған жаттығулар жасату.
Жаттығуларды орындау үшін қатысушылар жұптасып алады.
А) „Қайырылып қарау». Әр жұптағылар бір-біріне арқасын қаратып тұрады, бір-біріне бұрылып қарап, екі қолының саусақтарын бір-біріне тигізеді. Сонан соң екінші жағына бұрылып жаттығуды қайталайды.
Б) „Уқалау». Жұптағылардың біріншісі екіншісінің арқасын, қолдарын, мойнын, басын уқалайды. Сонан соң екіншісі біріншісін тап солай уқалап шығады.
В) „Еркін күрес». Жұптағылар аяқтарын орнықты етіп алады да оларды орнынан қозғалтпай, қолдарымен бір-бірін қатты тіреп итереді, бар күшімен күреседі, қарсыласын орнынан жылжыту керек.
Г) „Арқа күресі». Жұптар бір-біріне арқаларынмен тіреліп, итерісіп күреседі, аяқты орынынан қозғалтуға болмайды. Екінші варианты. Ыңғайлы күйде тұрып, арқамен серігіңді қағып, орнынан жылжытуға тырысу керек.
Д) „Тачка айдау». Жұптың біреуі екі қолдың алақанымен жерді тіреп тұрады, ал екіншісі оның аяқтарын сирағынан ұстап, бөксесіне дейін екі жанына көтереді де, упордағыны „тачка» секілді алдына салып қолымен жүргізеді. Бір айналғаннан кейін жұптағылар орындарын ауыстырады.
Е) „Қызумен табу». Барлығы көздерін жұмып жүріп өз жұбын „дене қызуын өлшеу» арқылы алақанының жылуын сезу арқылы тауып алады.
Ж) „Түсінісу». Әр қатысушы топтың әр мүшесімен ыммен (мимикамен), қол қимылы арқылы, дене қимылымен (пантомимикамен) алысып, сүзісіп вербальды әрекеттерді қолданбай, амандасуы қажет. Егер амандасу біркелкі болса, онда амандасудың ұлттық тәсілдерімен, жануарларда кездесетін тәсілдерін еске түсіру керек. Қатысушылар бір-бірімен қол беріп, құшақтасып, әр амандасқан адамына жылы сөздер айтып шығады. Қанша адамға жылы шырай білдіріп, көңілін көтеруге үлес қоссаң, сонша өзіңнің де көңіл-күйің көтеріңкі болады деген ұранмен жүреді.
З) „Кішкене паравоз». Барлығы бірінің белінен бірі ұстап, ұзын тізбек құрады. Алда тұрған біреуінің көздері ашық, ол паравоз болады. Ал қалғандары көздерін жауып алған, олар тізбектегі „вагондар» болып, барлығы ұзын поезды құрады. Барлығы жетекшінің жүргізген жолын қайталап сандалу үстінде болады. Бұрылыстарда „вагондар» арасындағы қосылыстар үзіліп кетуі мүмкін. Үзілгеннің үстіне артынан келе жатқандар үймелеп құлап қалады. Оларды „құтқарушылар» ретке келтіріп, тағы да бір кішкене паравоз тауып беруіне болады. Бірнеше поездар ерсілі-қ
арсылы жүргенде олардың қозғалыстарына байланысты неше түрлі „оқиғалар» орын алады. Үзілгендерді кез-келген паравоздың құрамын ұлғайтуға пайдалануға болады. Соңында қай „паровоз» құрамына көп „вагондарды» тіркеп алса сол келесі ойынды жүргізеді.
3-жаттыгу „Қолды есте сақта»
Топпен қатынас ойындары ұйымдастырылады. Бөлмеде барлығы емін-еркін жүріп, кездескендер бір-бірінің қолын алып амандасады, амандасу кезінде бір-біріне жылы сөздер айтады, айтылған сөздерді есте сақтайды. Одан кейін барлығы шеңбер бойымен тұрады да, ортаға бір адам шығып, көзін жұмып, қолды алға керіп тұрып өзінің қолын „тыңдайды». Одан кейін бұл адамға кім қандай сөзбен сезімін білдіргенін есіне түсіріп, қолын сипаған адам кім екендгін анықтап, оған сипаттама береді.
4-жаттығу „Қолды тфңдаймын»
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады.Барлығы қол ұстасып, көздерін жұмып тұрады (тыныш ойналады). Жүргізуші: „Тыңдаңыздар! Сіздер ұстап тұрған көршілеріңіздің қолдарына, оң қолыңыздағы қолға назар аударыңыздар. Ол қандай? (кішкентай және нәзік, батыл немесе суық және т.б.) Бұл саусақтар қандай ақпаратты сізге беретіндігін тындаңыздар. Енді назарды сол қолға аударып, оны тыңдаңыздар. Енді көздеріңізді ашып, өздеріңіздің сезімдеріңіз туралы айтыңыздар, қолдарыңыз бір-біріне тигенде не сездіңіздер?
5-жаттығу „ Сыйлық сыйла »
Барлығы шеңбер бойымен бөлмеде тұрады (әсем ән ойналады). Жүргізуші ортаға шығады. Ол көзін жұмып тұрып, сіздің кіммен тұрғаныңызды көрсетеді. Сізді кімде-кім жақсы көреді жөне ол сізге қандай сыйлықтар ұсынады? Осьшы көзіңізге елестетіңіз. Сізге қандай сыйлықтар сыйлағанды қалар едіңіз, оның себебі қандай? Басқа қатысушылар қатарымен көздерін жұмып тұрады. Барлығы өздерінің ойын қиялымен бейнелейді. Сонан соң барлығы көздерін ашады.
Тапсырма: бір-біріңізге назар салып қараңыздар. Бір-біріңізден қандай да бір сыйлықты алғанды қалар едіңіз. Енді шеңбер бойынша бір-біріңізге сыйлықтар сыйлаңыздар, ол қиялдағы сый (сөзсіз, тілдеспестен, ыммен). Сыйды қабыл алу керек, оны қалай көрсетесіз, түсіндіресіз (сөзсіз, әрекетпен) және жаныңызда келесі кім сый сыйлайды. Ойын осылайша жалғастырылады.
6-жаттығу „Көпір»
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Психолог диагональ бойынша бормен сызық сызып, ойынның мәнін былай түсіндіреді: „Бұл сызық — тасып ағып жатқан тау суынан өтетін көпір. Төменде желге теңселген, тартылып байланған көпірдің астында сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бір ізді жол. Одан тек бір адам ғана өте алады, әрі артқа шегінуге, қайтып кетуге жол жоқ. Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан екі адам — екі ұлттың өкілі. Олар бір-бірінің тілін түсінбейді. Қалай да болса көпірден құламай, аяғына дейін жүру керек. Тапсырманы орындауға бір м�
�нут уақыт беріледі».
Талқылау:
— Тапсырма ненің көмегімен орындалады?
— Қатысушылар бір-біріне көмектесті ме?
— Осы жағдайда қарым-қатынастың қандай құралдары (вербальды немесе вербальды емес) маңызды?
— Қай ұлттың вербалды емес қарым-қатынасы Сізге жақын және түсінікті көрінді?
7- жаттығу „Мен — кіммін?»
Мен — концепция. Бұл жаттығуды бірнеше кезеңде жүргізуге болады. Бірінші кезеңде әр адам өзін бір көріністе ұсынады. Мысалы: „Мен — планета», „Мен — идеалды және реальды», „Мен — символ», „Мен — гүл», „Мен — ай» „Мен — космос», „Мен — эмоциональды қызу қарым-қатынас мүшесі», т.б.
Әрбір қатысушылар қағаз бетінде „Мен?» деген тақырыпта сурет салады және онда планетаның немесе адамдардың қызу қарым-қатынас жасауын бейнелейді. Сурет салғанда өзін символ ретінде немесе шынайы бейнесінде және т.б. түрінде түсіреді.
Одан кейін жұптармен жұмыс басталады. Әрқайсысы бір-біріне өзінің салған суреттерін түсіндіріп айтып береді (суреттерін бір-бірімен ауыстырып алуға болады, әрқайсысы не салғысы келгенін түсіндіріп беруіне болады).
Келесі кезеңде шеңбер бойынша жұптарының салған суреттерін талқылағаннан кейін әрқайсысы өзінің басқаларға деген сезімін, қатынасын басқаларға айтып береді.
8-жаттығу „Музыканы тыңдап, сурет саламын»
„Жалғыз қойшы», „Космостық опера», „Скрипка мен дауысқа арналған концерт», т.б. музыкалық шығармалар ұсынылады. Осы әуендерді тыңдағанда өзін билеген көңіл-күйін, сезімін тыңдап, оның суретін салады.
9-жаттығу „Арман аралында»
„Үш арман», „Армандар аралы», „Менің дұшпаным», „Менің арманым», „Идеальды серіктес», „Менің жақсылығым және жамандығым», „Әйел және еркек» және басқа да тақырыптарда сурет салады.
Суреттерді еденге жайып қойып, оларды кім салғанын айтып береді (суретке автордың аты жазылмайды). Суретті талдағанда әрбір қатысушы суреттің мазмұнын шеңбер бойында тұрған адамдарға жеткізгенде автордың сезімін, арманын қалай түсінгенін көрсетеді. Сурет салған адам басқаларға өзінің арманын өзінің салған суреті арқылы айтып жеткізуге мүмкіншілігі болады. Басқалар оны жақсы түсіне алғаны, топтағылар арасында бір-бірін түсінгендігі және жылы сезімдік қатынастың қалыптасқанын білдіреді.
10-жаттығу „Бұзылған телефон»
Бұл жаттығуды жүргізудің көптеген нұсқалары бар.
„А» варианты. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші өзінің сол жағында отырғанның құлағына бір сөз айтады, ол сөзді шеңбер бойымен бір-біріне сыбырлал айтады. Бұл сөз шеңбер бойын жағалап жүргізушінің құлағына қайта оралып айтылғанда қандай болып келгені айтылады. Егер айтылған сөз өзгерген болса, қатысушылардың әрбірі кері ретпен не естігенін айтады. „Телефонның» тетігі қай жерде бұзылғанын тауып алып, „бұзушыға» „жаза» қолданылады. Жаза ретінде қызықты тапсырмалар беріледі. Оны дұрыс орындаудан бұрын басқаларға күлкілі етіп
орындағаны қызық болады.
„Б» варианты. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші өзінің сол жағындағы отырғанның құлағына бір сөз айтады, ол сөзді шеңбер бойымен бір-біріне сыбырлап айтқанда мағынасын өзгерту керек. Бұл сөз шеңбер бойын жағалап жүргізуші құлағына келгенде мағынасы қандай болғанын, ол сөз шеңбер бойы қандай ассоциациялар туғызғаны әрқайсысының естіген сөздерін талдау арқылы талданады.
11-жаттығу „Бұл кішкене доп емес»
Шеңберге кішкене доп белгілеп, басқалары басқа затты ұсынып, оның іс-әрекетін атап көрсетеді. Мысалы: бұл кішкене доп емес, бұл мысықты сипау сияқты.
12-жаттыеу. „Телеграф»
Шеңбер бойынша барлық қатысушылар бір-бірінің қолдарын алып тұрады. Ортаға жүргізуші шығып „біз Арманға досының жіберген жолдауын жеткіземіз» — дейді де сол жағында тұрған адамның қолын қатты қысады. Ол алған „мәліметін» келесі адамның қолын қысып, „телеграфты» одан әрі жалғастыруы керек. Барлығы қол қысуды жалғастыру арқылы осы хабар Арманға жеткізіледі. Жүргізуші барлығының қимылын байқап тұрады. Егер қол қысу тоқталып қалса, жүргізуші онда „үзілген сымтетікті» жөндеуді талап етеді. Қате жіберуші шеңбер бойынша телеграф жұмысын қайта жүргізіп жібереді.
13-жаттығу. „Мафия»
Топта ойыншылар саны 12, одан да көп болады. Ойынның шарты: кеспе қағазы таратылып беріледі. Ол қағазда кімнің кім екенінің таңба белгілері бар (мұндағы М-мафия, (3 кеспе қағаз) К-полиция комиссары, ешқандай белгісі жоқ кеспе қағаздар — бейбіт тұрғындар.
Ешкім көршісінің кеспе қағазындағы белгіні көрмеуі керек, әркім тек өзінің қағазындағы белгі бойынша ролін орындауға дайындалады. (Бұл жиналмалы қағаз болуы мүмкін. Сондықтан кеспе қағазды жинап алып, қатысушылардан тығып қоюға болады).
Жүргізуші ойын ережесімен таныстырады. Қатысушылардың барлығы кіші қалада тұрады. Олардың ішінде мафия, полиция комиссары және бейбіт тұрғындар бар. Мафия бейбіт тұрғындардың барлығын құртып, қаланы жаулап алуға ұмтылады. Бейбіт тұрғындардың мақсаты — тезірек мафия қойып отырған талаптардан бас тартып, тыныштық өмірге оралу.
Бұл жаттығу келесі ретпен ұйымдастырылады.
1. Қатысушылардың барлығы көздерін жүмады. Сөз жүргізушіге беріледі. Ол мафия мүшелерін шақьфады. Мафия көзін ашып, 30 секуңц ішінде өздері жасайтын іс-әрекеттерінің жоспарымен танысьш алады. Сонан соң көздерін жүмып, қатарға түрады.
2. Полиция комиссары көздерін ашады. Комиссар сөзсіз жүргізушіден кім мафия екендігін сұрайды. Жүргізуші бұл сұраққа, „ешнәрсе білмеймін» деп жауап береді.
3. Қатысушылардың барлығы көздерін ашып, кім мафия екендігін талқылайды.
4. „Мафиоздар» деп өздері бұл рөлге кандидатурасын анықтайды. Оларға деген оқталған сөздерін айтады.
5. Көпшіліктің шешімі бойынша мафия деп табылғандар қатысушылар анықтаған жазаға бұйырылады.
6. „Жазалану» алдында қатысушы ол қандай адам екендігін және ол кімді мафия деп қауіптеніп жүрген екендігін басқаларға айтып, сақ болуды тапсырады.
7. Ойын жалғасады. Түн. Жұртттың барлығы ұйықтағанда тек „мафия» ұйықтамайды, олар қаланы жаулап алу үшін қастандық шаралар ойлап жүреді де, бейбіт тұрғындарды ұйықтап жатқан жерінде өлтіруге бір-бірімен келіседі. Жүргізуші барлық қатысушыларды шеңбер бойымен есепке алады. Егер мафия мүшелері бір-бірімен келіспестен жүргізуші есебін бастағанда дауыс бере алмаса (мафия мүшелерінің барлығы бірдей оң қолының сұқ саусағын жоғары көтеруі керек), онда қала тұрғындарының барлығы аман қалады. Мафия мүшелерінің бір мәрте ғана дауыс беруге құқығ
ы бар. Барлығы бірдей дауыс беріп үлгерсе, онда мафия қаланы жаулап алғаны. Егер осы құқықты пайдалана алмаса олар „мафия» атағынан айырылады.
8. Комиссар уақыты. Таң атып, тұрғындардың барлығы оянады. Түнімен мафия әрекеттенген болса, комиссар өз жұмысына кіріседі.
Ойын аяқталғаннан соң қайтадан талқылау жүргізіледі. Мафия кім екендігі анықталмаса 7-пункт қайталанады. Әлі мафия жеңілмейді. Екінші қайталау қажет болса бейбіт тұрғындарға жүргізуші мафия кім екенін „отқа май құйғандай» ашық жариялайды. Кейде қорқыныш билеуі мүмкін.
14-жаттығу. Соқыр және жетекшісі
Бір ойынға қатысушы соқыр болады (қатысушының көзін қара матамен немесе орамалмен байлап қойылады), ал басқалары оны жетектеп алып жүріп 5 минут ішінде айналадағы қоршаған заттарымен таныстырады (стол, қабырға және т.б.). Бұл уақыт ішінде жетекші „соқырға» оның алдында кездескен кедергілерді жеңіп шығуына көмектеседі. Сонан соң жетекші екі мәрте абайлап заттардың орындарын ауыстырып қояды. „Соқыр» олардан сүрінбей өтіп кетуі керек.
Келесі кезенде бірінші ойыншының орнына басқа „соқыр» келеді. Ән ойналады. Барлық қатысушылар үндемей тұрады. Содан соң кім „соқырға» жақсы жетекшісі болса сол адам өзі соқырдың орнын алып, ойын басынан бастап қайта ойналады. Барлық қиындықтарды жеңгеннен кейін „соқыр» болғандар тақпақ айтып немесе өзінің сезімі жайлы сурет салуына болады.
15-жаттығу „Бос емес кресло»
Бір қатысушы креслода отырады, басқалары оның арқасында тұрады. Бір орын бос, бірақ оның қасында жүргізуші тұрады. Ол орындарынан түрегеп тұрғандардың біреуіне көзімен креслоны көрсетіп немесе бас изеп, креслоға отыруға шақырады. Ол адамның алдында тұрғандар шақырылған адамды жеңіп, бос креслоға өзі отырып алуға ұмтылады. Басқалар оған көмектеседі. Егер қарсылық едеуір болса жолын бөгеттеушілер оны жібере салады. Ойынға қатысушылардың барлығы екінші бос креслоға жүгіреді. Ол креслоға да талас басталады

(ойын көңілді өтуі тиіс).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *