Басы » Tәрбие сағаттары » Асқақтаған Астана «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

Асқақтаған Астана «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

njШҚО, Катонқарағай ауданы, «Топқайың орта мектебі» КММ

Бургамбаева Мадина Азимбековна информатика пәнінің мұғалімі

 

Тақырыбы:  Асқақтаған Астана

                           «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Мақсаты: 1) Елбасының халыққа жолдаған жаңа «Нұрлы жол» жолдауымен таныстырып, жолдаудағы басты мәселелерге тоқталу.

2) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтауға тырысуға үйрету, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру, патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер, интерактивті тақта, слайттар.

Мұғалім:

Мөлдір:

Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір – талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке.
Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.

Арманбек:

1832 жылы Есіл өзенінің жағасы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі салынды. 1863 жылы 16 шілдеде Ақмола қаласы аймақтық қала болып ресми түрде бекітілді.

Қала 1961 жылға дейін Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола деп аталды.

1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланып, қала атауы Астана деп өзгертілді.

Сезім:

«Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Сахна астында, 12 метр тереңдікте «төменгі деңгей», яғни автоматты басқару жүйесі бар машинарий залы орналасқан.«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды

Асыл:

“Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек» — Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады.,

Құрылыстың биіктігі  97 метрді құрайды. Шарымен біріктіргенде — 105 метр.  Алтындатылған шардың көлемі –  22 метр. Бәйтеректің төменгі бөлігі төрт жарым метрі жердің астына кеткен. Онда кафе,  аквариумдер,  «Бәйтерек» кішігалереясы бар.
Келген қонақтарға  экскурсиялар қазақ, орыс және шет тілдерінде өткізіледі.

 

Сезім:

«Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешені. 

Ашық аспан астындағы «Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде қазақ жерінің сұлу табиғаты бейнеленген. Картада 14 облыс және Астана мен Алматы қалалары орналасқан. Қазақ жерінің табиғи-климаттық аймақтары, ландшафт, сәулетті көркем ғимараттары мен көлік жолдарын көруге болады.

Жалғас:

Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы. Ол 25 қабаттан тұрады. Оның жалпы көлемі 25,5 мың шаршы метр. Астанадағы бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы сияқты архитектуралық наным нысандары бүкіл әлемде жоқ. Әрине әртүрлі діни дәстүрлерді бір шаңырақтың астына жинайтын ғимараттар бар, дегенмен, Қазақстан храмының олардан айырмашылығы – өзара келісім аясында тиімді сұхбат құруға арналған бір ғана алаңқай
Асыл:

 «Қазақ елі» монументі дәл осылай аталатын жаңа алаңның ортасында бой көтерді, ол Астананың символдық мәнге ие нысандары — Бейбітшілік пен келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Өнер университетімен бірегей ансамбль құрып тұр. “Қазақ Елі” монументінің жалпы аумағы 16 гектар. Ал негізгі ескерткіштің биіктігі тәуелсіздік алған жылдың символы ретінде 91 метрді құрайды.

Арнұр:

«Хан Шатыр»

Астананың құрылыс саласындағы жетістіктері жыл сайын өсуде. Оған дәлел — «Хан Шатыр», сауда ойын-сауық кешені. Табаны дөңгелек пішіндес алып ғимарат жоғарылаған сайын сүйірленіп барып тұйықталады. Жоғарыдағы сүйір қадасымен қоса есептегенде, «Хан Шатырдың» биіктігі 150 метр. Жеті қабаттан тұратын кешеннің жалпы аумағы 133 мың шаршы метр.

Альбина:

Думан ойын-сауық орталығы

2003 жылы мамыр айында жұмысын бастаған бұл кешенде мұхитаралы, 5D-кинотеатр, үлкен күмбезді кеңістік, сауда нүктелері мен тамақтану орындары бар. Бұл ТМД-дағы алғашқы мұхитаралы бар үлкен кешен.Су қоры 3 миллион литрге жететін мұхитаралда теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрі мекен етеді. Әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағы мен қалыңдығы жеті сантиметрге жететін 70 метрлік дәліз бар.

Мөлдір:

«Отан Ана» кешені

Жоңғар шапқыншылығы мен Ұлы Отан Соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан жандардың құрметіне салынған. Ұзындығы 24 метрді құрайтын мемориал ортасында граниттен тұрғызылған таста алтын шара ұстаған әйел бейнеленген. Қолындағы шара тыныштық пен гүлденудің белгісі. Барельефтің оң жағында кеңес әскерлері, ал сол жағында жоңғар шапқыншылығында қаһармандық танытқан қазақ батырлары бейнеленген. Төменгі жақта мәңгілік алау орналасқан.

Сезім:

Декоративтік мүсіндер

Астана қаласының басшылығы суретшілер, дизайнерлер және сәулетшілердің арасында үлкен байқау ұйымдастырды. Шарт бойынша байқауға қала көркін ашатын жобаларды ұсыну керек еді. Байқау аяқталған соң, үздік деп танылған жобалар Астана көшелерінде орын алды. Қоладан тұрғызылған мүсіндер әр қилы болғанымен, оларды барлығы қаланың сәнін кіргізіп, көпшілік қауымның сүйікті демалыс орындарының біріне айналды.

Жолдау

Біз Жалпыұлттық идеямыз — Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел — елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел! Ол — барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.

Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю — бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні — осы!

Сонымен қатар, Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

«Мәңгілік ел» қақпасы  әлемдегі санаулы қа­лаларға тән ерекше  сәулеттік-монументалды туынды.

Сәулет нысанының биіктігі – 20 метр. Бұл – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының белгісі. Салтанатты қақпа Тәуелсіздіктің жиырма жылдығының қарсаңында ашылғанын айта кетейік.

Әрбір қабырғаның төменгі табанында биіктігі 4,4 метр болатын көлемді мүсіндер бар. Композициялық тұрғыда бұл барельефтер нысанның төменгі жағында орналасқан.

Қақпаның сол жақ қапталында «Ақсақал» мүсіні орнатылған. Бұл – халықтың ойы мен рухани өлшемінің көрінісі, даналықтың символы. Санаға сіңген осынау дәстүрлі бейне «даналық», «данышпан», «ғұлама» сынды қазақ халқына тән ұлы ұғымдармен астасады. Оның қазақы ерекшелігін ұлттық киімінен аңғаруға болады.

Жолдаудандан үзінділер

Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Ол макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистаралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен  шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай — Батыс Еуропа; Астана — Алматы; Астана — Өскемен; Астана — Ақтөбе — Атырау; Алматы — Өскемен; Қарағанды — Жезқазған — Қызылорда; Атырау — Астрахань.

Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру құрылыс материалдарына, көліктік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер мен қызмет көрсетулерге үлкен сұраныс тудырады

Осыған байланысты, біріншіден, жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтарда инфрақұрылымдар қалыптастыру жұмыстарын аяқтау керек. Үкіметке және әкімдерге оларды нақты жобалармен толықтыру бойынша жедел шаралар алу қажет. Екіншіден, өңірлерде ШОБ өндірісін дамыту мен қосымша инвестициялар тартуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтар салу мәселесін ойластырған жөн. Туризм үшін инфрақұрылым — жеке бағыт. Оның басты басымдығы жұмыс орындары санын көптеп құру мүмкіндігі болып табылады. Мұнда бір жұмыс орнын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзанға түседі.

Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Соған қарамастан, магистралдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, орталық және шығыс облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жобаға назар салу керек. «Екібастұз — Семей — Өскемен» және «Семей — Ақтоғай — Талдықорған — Алматы» бағыттарында жоғары вольтты желілер салу қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.

Төртінші. ТКШ мен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту. Инвестицияларға жалпы қажеттілік қаржыландырудың барлық көздерінен 2020 жылға дейін жыл сайын ең азы 200 миллиард теңге бөлгенде кем дегенде 2 триллион теңгені құрайды.

Бүгін ТКШ-ны жаңғыртуға инвестициялар салуға Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, сондай-ақ, жеке инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр. Ұзақ мерзімді инвестициялық тарифтер ұсыну арқылы олардың барынша тартылуын қамтамасыз ету қажет. Тарифтердің айтарлықтай ұлғаюына жол бермеу үшін ондай жобаларды мемлекет қосымша қаржыландыруы керек. Осыған байланысты жылу және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту қарқынын жеделдету үшін бюджетте қарастырылған қаржыға қосымша жыл сайын 100 миллиард теңге бағыттау ұтымды болмақ.

Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Агломерациялар қалыптастыру айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа жүреді. Бұл еңбек нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына қысым туғызады. Сондықтан жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн. Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз.    

Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл — апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу. Бұл — біздің Сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі. Үшжылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Балалар бақшасының жетіспеушілігі — басқа мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Әкімдер жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуы тиіс.

Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге асып түсті. Бизнесті 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалды. Сондықтан шағын және орта бизнес үшін 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие желілерін АДБ, ЕҚДБ, Дүниежүзілік банк есебінен тиімді пайдалану қажет.

Ерасыл:

22 қарашада Қазақстанның астанада құпия дауыс беру арқылы EXPO-2017 көрмесін өткізіледі деп таңдалды. Астана әлемнің 100 елінен 4 миллион қонақты қарсы алатын болады.

Асыл:

 «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең жақсы технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық даму тәртібін қалыптастырады. Сонымен қатар іс-шараларға құрлықтың он мыңдаған елінен миллиондаған адам келетін болады. Біріншіден, біздің елімізді әлемдік деңгейдегі оқиғаларды қабылдайтын лайықты орталық деп тануы. Екіншіден, Қазақстанның пайдасына шешілген таңдау біздің еліміздің жетістерін жоғары бағалайтындығы және оның жетістіктерін Еуразия өңірінің даму болашағы деп көрсетеді. Үшіншіден, жеңіс біз ұсынған «Қуатты болашақ» тақырымыздың өзектілігі. Және соңғы ең бастысы – Астана таңдауы Қазақстан халқының барлық күштерінің біріктіруі.

Мұғалім:

1 — ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Парламент 1991 жылдың 1 — ші желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын.

Сезім: Тұңғыш Президент өмірбаяны

1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының (Қаскелелең), Шамалған ауылында дүниеге келген. Нұрсұлтан әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғышы.

1958 жылы Днепродзержинск (Украина) техникалық училищесіне түсіп, 1960 жылы май айында Нұрсұлтан Днепродзержинскіден Теміртауға екінші дәрежелі горновой қара металлургия өндірісінің білікті маманы деген атақпен оралады. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын бітірді.

1969 – 1976 жылдары Теміртау қаласындағы партия — комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1977 – 79 жылдары Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы, 2 — хатшысы, 1979 – 84 жылдары Қазақстан КП ОК хатшысы, 1984 – 89 жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1989 – 91 ж. Қазақстан КП ОК — нің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан – сәуір) болды.

Қорытынды:

Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын деп қорытындылады Елбасы өз сөзін.

Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық.

Сау болыңыздар! Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *