Басы » Tәрбие сағаттары » Күз мезгілі

Күз мезгілі

kuzШҚО

 Семей  қаласы

 «№ 42 жанында  интернаты  бар  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп»  КММ

бастауыш  сынып  мұғалімі  Төкенова  Арайлым  Жұмабекқызы

       Сабақтың  тақырыбы   Күз мезгілі       

Сабақтың мақсаты:Күз мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер туралы білім беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, танымдық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелілігі: Байқағыштыққа, еңбек сүйгіштікке, қоршаған ортаға
қамқор болуға, табиғатты сүюге баулу.

Сабақтың типі  :   Жаңа сабақ

Сабақтың түрі:
Сабақтың әдіс — тәсілдері : сұрақ-жауап, әңгімелеу,Т кестесі, Венн диаграмасы , ассоциация,салыстыру, бақылау.
Сабақтың  көрнекілігі: жыл  мезгілі  суреттері, интерактивті  тақта

Сабақтың  барысы:

І.Ұйымдастыру  бөлімі.

Оқушылар  назарын  сабаққа  аудару.

ІІ.Өткенді  қайталау. Ой қозғау.

ІІ. Жаңа сабақ

  1. Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
    — Күз.

— Аспанға көңіл аударайықшы, не айтар едіңдер?

— Ағаш, бұта жапырақтарының, шөптердің түсіне назар сал.

— Өз ойыңды әңгімеле.

Күз – жеміс ағаштарының толысып пісіп, тұқым шашатын мезгілі. Шөптер құрайды. Күн суыта бастайды. Өсімдіктердің жер астындағы мүшелері өзгеріссіз сақталып қалады.

  1. Жыл мезгілдері ауыспалы, бірден қыс, көктем, жаз, күз бола қала ма?

Күзді бөліп алайын. Күздің басы, ортасы, аяғы бар.

Күздің басы: күн суыта бастайды, күн қысқарады.

Күздің ортасы: жапырақ түседі, жеміс піседі, егін жиналады.

Күздің аяғы:күн қатты суытады,  жел тұрады, жаңбыр жауады, арты қарға ұласады.

Күз

 

Алғашқы суықтан                           Қатты суық  , жаңбыр

жапырақ түскенге                           арты қарға ұласатын аралық

дейінгі аралық

  1. Шығармашылық тапсырма: Күз мезгілі осындай! ( Дәптеріңе күз айының осы кезеңдерін суретке айналдырып көр)

 

  1. Бақылау күнделігімен жұмыс.

Біз ылғи сәрсенбі күні  дүниетану сабағына ауа райын бақылап келіп жүреміз. Бүгін күн қандай?

  • 10 желтоқсан
  • Сәрсенбі ( аптаның қай күні )
  • Т- 11 ( ауа температурасы қандай?)
  • ( аспанның реңі қандай ?)
  1. Апталық жаңалықтан үзінді көріп, біраз сергіп алайық.

— Видео ролик.

— Не көрдік?

— Күзде өлі , тірі табиғатта қандай өзгеріс болады?

Тірі табиғат                                              Өлі табиғат

бұта                                                         жаңбыр

өсімдік                                                     жел

адам                                                          жер

жануар

Күздегі өлі табиғаттағы өзгерістер:  жаңбыр көп жауады, бұршақ жауады, жердің бәрі суланады.

Бұталарда қандай өзгеріс болады??  Күз мезгілінде бұталардың түсі өзгереді, жапырақтары түседі, қабығы қалыңдайды.

Ия, оқушылар, күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, күн суыта бастайды. Ал күз мезгілінен кейін қай мезгіл келеді? Олай болса күз мезгілі мен қыс мезгілін салыстырып көрейік.

ІІІ. Сабақты бекіту. Венн диаграммасы (Күз қандай? Қыс қандай?)

ІҮ. Сабақты қорытындылау: — Не үйрендік? – Не білдік? – Не білгіміз келеді?

Ү. Мадақтау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *