Басы » Бастауыш сыныптар » Х дыбысы мен әрпі

Х дыбысы мен әрпі

hШҚО

 Семей  қаласы

 «№ 42 жанында  интернаты  бар  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп»  КММ

бастауыш  сынып  мұғалімі  Төкенова  Арайлым  Жұмабекқызы

Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі  

 

Пәні:Әліппе

Сабақтың  мақсаты: 

Білімділік.Хх дыбысы мен әрпін таныстыру, х әрпі бар сөздерді дұрыс оқып, сауатты жаза білуге үйрету. Кітапхана  туралы түсініктерін кеңейту. Сауатты, әдемі, көркем жазуға үйрету.

Дамытушылық.Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық,           ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік.Кітапты күтіп ұстай білуге, кітапханашы мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі:  Саяхат сабағы

Сабақтың әдіс — тәсілдері: жеке, топтық жұмыс, түртіп алу, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: бейне таспа, оқулық, суреттер, кеспе әріптер, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

—  Түгендеу, оқу құралдарын алу.

-Балалар бүгін біздің сыныпқа саяхатшы Дара  келіпті (бейне таспа  жіберу). Ол кітапханадан алған қызықты кітаптарын оқып болып, енді оларды тапсырмақшы. Кітаптарды тапсыру үшін Дара кітапханаға бара жатыр екен. Жолда кездескен қиындықтарды жеңіп, Дараға көмектесуге әзірсіңдер ме? Ол үшін қай топ Дараға жақсы көмектесетінін білу үшін 2 топқа бөлініп жарысамыз.

— Әр топ өздерін таныстырсын.

1 топтың аты: «Білімділер»                                                                                                               Топтың ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

2-топтың аты: «Талаптылар»                                                                                                   Топтың ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

  • Тапсырмаларды үздік орындаған топ қызыл кітапқа, жақсы орындаған топ көк кітапқа ие болады. Қай топтың қызыл кітабы көп болса сол топ Дараға жақсы көмектесіп жеңіске жетеді.
Әліппе
Әліппе

ІІ.Өткенді пысықтау.

Ең алдымен Дараның кітаптарын үстелгі жинайық. Ол үшін біздер өткен тақырыптарды  қайталап алайық.

1-тапсырма.1. Дыбыс дегеніміз не? 2. Әріп дегеніміз не? 3.Дыбыстар нешеге бөлінеді? 4. Қандай?

2-тапсырма.Үлестірмелі қима қағаздардағы сөздерді оқып, буынға бөлу. аяқ, таяқ, қоян, қияр, пияз, аяз, дария, ұя,баяу,шаян, тақия,сая,аю,ою, қою,құю,есею,азаю,үлкею,көбею.

— Дараның кітаптарын үстелге жинадық.Енді оларды Дара қайда салады? (жолдорбаға)

ІІ.Мағынаны ашу.

-Ендікітапті жолдорбаға салу үшін, алдымен жолдорбаны босатуымыз керек, ол үшін жолдорбаның ішіндегі әріптерді айтып қайталасақ ,бүгінгі сабақтың тақырыбын біледі екенбіз.

Мынау, қандай әріп? Кім таниды?

-Бүгінгі танысатын әріп х дыбысы. Қане дыбыстап көрейікші? Х — тіл арты, ызың, қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Х әрпі араб, орыс, парсы тілдерінен енген сөздер мен халық-аралық терминдерге тән. Қандай дыбыс?  Х-дауыссыз дыбыс,себебі? ауа кедергіге ұшырап тұр.   Х — әріптернің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.

Суретерге назар аудару, х дыбысының орналасуын түсіндіру.

— Х нешінші буында тұр, сөздің қай жерінде тұр.

— Не байқадық? Х әрпі сөздердің қай жерінде кездеседі? Х әрпі сөздердің басында, ортасында және кейде сөздің соңында кездеседі. Мысалы: хат, шахмат, шах.

-Жолдорбаны тапсырмасын орындайық.«Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнау.

-Жолдорбаның ішін босаттық, жолдорбаның ішіне кітаптарды орналастырдық, енді  Дара жолға шығуға дайын.

-Кітапханаха бару үшін алдымен көпірден өтуміз керек, көпірдің күзетшісінің тапсырмасын орындасақ  Дара көпірден өтіп кітапханаға жетеді.

Күзетшінің тапсырмасы оқулықпен жұмыс.

-тізбектеп бағандағы сөздерді оқып шықсақ,х дыбысының астын сызып шықсақ көпірден өтеміз. Х дыбысы сөздің қай жерінде орналасады?

-тізбектеп оқу, түртіп алу, осы сөздердің ішінде түсініксіз сөз бар ма?

-хат-хабаpжiбеpуүшiн жазылып қойылған не жөнелтiлген жазбаша мәтін.

Хор-музыканы қосылып оpындайтынәншiлеp тобы.

Хан-елбилеушi .

Саяхат — алыс жеpге, ел аpалауға шыққан сапаp.

Хабар-жаңалық

Халат- үй iшiндекүнделiктiкиетiн жеңіл киiм.

Хадис- діни кітаптарда айтылған қасиеттiсөздеpi, өсиеттеpi.

Шахмат-ойын

Хаттама- жиналыстың, мәжiлiстiңбаpысытуpалы жазылған қысқаша мазмұндама.

Ұстахана-темірден әр түрлі заттар жасап шығаратын шеберхана.

Шеберхана-әртүрлі материалдардан заттарды жасап шығаратын орын.

-Күзетшінің тапсырмасын орындадық Дара көпірден өтті.

-Міне, енді Дара кітапханаға да жетті.   Әр топтың басшыларына тапсырма беріледі.

1 топтың басшысы сурет бойынша әңгімелеу.

2 топтың басшысы кітапханадан алынған кітаптарды қалай күтіп ұстау керек екенін айту.

  • Мәтінді оқу.

А) мұғалімнің оқуы

Ә) Оқушылардың оқуы

Б) Сөздік жұмысы

Біздің мектепте үлкен кітапхана бар. Онда қызықты кітаптар көп. Кітапханаға оқушылар көп барады. Мен де кітапханаға бардым. Райхан апай кітапханашы. Ол маған кітап берді.

Мазмұнын ашу сұрақтары:

  1. Мәтінде не туралы айтылған?
  2. Кітапханада нелер бар?
  3. Онда кімдер барады?
  4. Кітапханашы апайдың аты кім?
  5. Ол саған не берді?

Мәтінмен жұмыс ( тауып оқу)

  • Кітапхана қандай?
  • Онда қандай кітаптар бар?
  • Кітапханашы апайдың аты кім?
  • Пікір алу стратегиясы.
    — Балалар, біздің мектепте кітапхана бар ма?
    — Кітапхана бар.
    — Кітапханада нелер бар?
    — Кітапханада журналдар, газеттер, қызықты кітаптар, ертегі кітаптар бар.
  • Біздің кітапханаға бардыңдар ма?
  • Қандай кітаптар алдыңдар?

-Сергіту сәті.Көңілді күн әнін орындау.

2.Дәптермен жұмыс.

Х дыбысын жазу.

ІҮ. Сабақты бекіту

Әріп Бөлінуі орналасуы Қолданылуы
дауысты дауыссыз басы ортасы аяғы Қазақ тілі Орыс тілі
Х + + + + + +

Шығармашылық тапсырма: Х әрпі неге ұқсайды? Суретін сал.

Сабақты қорытындылау: -Не үйрендік?-Не білдік? – Не білгіміз келеді?

ҮІ.Мадақтау: Балалар, міне Дарамен бірге кітапханаға да жеттік, Дара кітаптарын тапсырды. Дараға өте жақсы көмектескен, топтардың ұпайын санайық. Дараның сыйы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *