Басы » Tәрбие сағаттары » «Қазақстан жолы – 2050» бір мақсат – бір мүдде – бір тағдыр!

«Қазақстан жолы – 2050» бір мақсат – бір мүдде – бір тағдыр!

2050-270x236Тнымбаева Гульбаршин Есмагзомовна

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан жолы – 2050» бір мақсат – бір мүдде – бір  тағдыр»!

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер, кітаптар, шарлар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам.

  • Ендеше, жақсы көңіл күймен бүгінгі ашық тәрбие сабағымызды бастайық.
  • Міне, балалар сендер жаңа ғасырда, жаңа оқу жылында білім ордасы – мектеп табалдырығын аттап, оқушы болып отырсыңдар. Еліміздің ертеңі – сендерсіңдер. Елдің тізгінін мықтап ұстап, сапалы білім алып, өнегелі азамат болып өсе беріңдер, қадамдарыңыз құтты болсын!
  • Біздің Отанымыз қай ел? (Қазақстан)

1 – оқушы: Кең – байтақ көз жетпейтін жерім менің, таулы орман, жасыл жайлау көлім менің, бүгінде бар әлемге даңқың жетті.Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!

  • Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана қаласы)

2 – оқушы: Жаса — жаса Астанам,
Өркен жол бастаған
Болашақтың есігін,
Өз қолыңмен аш маған.

  • Еліміздің президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

3 – оқушы: Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

  • Біздің рәміздерімізге не жатады? (Елтаңба, ту, әнұран)

(Әнұран айту)

  • Балалар, біздің біліміміз артып, санамыз өсу үшін «Білім еліне саяхат» жасайық.
  • Кімдерді білімді адамдар дейміз?
  • Оқитын, жаза алатын, есептей алатын.
  • Ол білімді қайдан аламыз?
  • Мектептен.
  • Саған мектеп ұнайма?(Иә)
  • Ендеше, мектеп туралы қандай өлең – шумақтар білесіңдер?

1 – оқушы: Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Бұл қуаныш себебін,

Бізге қарап ұғарсың.

2 – оқушы: Қуанбаймыз неге біз,

Күліп күн де тұр асқақ.

Оқығалы келеміз,

Біз бірінші сыныпқа.

3 – оқушы: Нағыз білім – ырыс бақ,

Дүниені тұр ұстап.

Енді біздер сабаққа,

Кірісеміз дұрыстап.

4 – оқушы: Мектеп – анаң бүгіннен,

Мектеп – алтын босағаң.

Мектеп берген біліммен,

Марқаясың жас ұлан.

  • Білім аламын деп мектепке дайын болсаңдар, сендердің дайындықтарыңды көрейін, жұмбақтар шешіп көрейік.
  1. Өзі сөйлей білмейді,

Жүрген ізі сөйлейді.   (қалам)

  1. Ортасында шегесі,

Жіп – жіңішке денесі. (қарындаш)

  1. Бірге бастап жол басын,

Бірге оқуға барасың.

Жүреді оның ішінде,

Кітап, қалам, дәптерің.        (сөмке)

  1. Қабат – қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.         (кітап)

  1. Өзінің де, өзгенің баласы – оның баласы.

Ол кім?                         (мұғалім)

  • Білім алу үшін бізге қажет не?
  • Оқу құралдары.
  • Олай болса оқу құралдарымен танысайық.

«Әліппе»:Менің атым – Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ержеткен

Бауыржан да, Мәлік те.

«Дәптер»: Ел құрметтеп бағалар,

Досың бар, ол тазалық.

Кел, дәптерге балалар,

Тап – таза етіп жазалық.

«Қалам»: Құтты болсын қадамың,

Құтты болсын қаламың.

Жаңа келген мектепке,

Мен де өзіңдей баламын.

Биік білім шыңына,

Өзіңмен бірге барамын.

  • Ал, балалар, мектептен тиянақты білім алу үшін қалай оқисыңдар?

Бәрі:

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнер – білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.

Мұғалім: -«Асыл тастан, өнер жастан» деген нақыл сөз бекер айтылмаса керек. Мен сендердің білімді, дарынды азамат болып өсетіндеріңе сенемін.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *