Басы » Технология » ПГ-1,ПГ-4 маркалы тұрмыстық газ плиталарын жөндеу

ПГ-1,ПГ-4 маркалы тұрмыстық газ плиталарын жөндеу

Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі

Мамандығы: «Газ жабдықтау жүйесімен жабдықтарды монтаждау және пайдалану»

                Өндірістік оқыту шебері:  Жолшораева Б

                                                    Қызылорда қаласы 2014ж

Сабақтың тақырыбы: ПГ-1,ПГ-4 маркалы  тұрмыстық газ плиталарын жөндеу.

Сабақтың білімділік мақсаты: Студенттерге тұрмыстық газ плиталарын орналастыруды, жөндеуді, тұрмыстық газ аппаратураларының құрылымы және пайдалануын тәсілдерін көрсету.

 
Сабақтың  дамытушылық мақсаты: Студенттерге тұрмыстық газ плиталарын орналастыруды  мамандыққа деген қызығушылығын  арттыру, шеберлік пен іскерлік қабілетін   қалыптастыру, жұмыс кезінде кәсіби шеберліктерін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік  мақсаты:  Өндірістік сабақты теориялық сабақпен

ұштастыра  отырып тұрмыстық газ плиталарын жөндеуде  және шүмектерін жөндеуде  ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың материалдық- техникалық жабдықталуы: тех.карта,  ПГ-1, ПГ-4 тұрмыстық газ плитасы, тұрмыстық  газ плиталарын  жөндеу тақырыбында слайд,  видео  т.б көрнекіліктер.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:   830-835

  • Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру.
  • Студенттердің арнаулы киімдерін, сабаққа  дайындығын тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау:    835-920

 2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2.2.Студенттердің өткен сабақтан алған білімдерін тексеру:

1.Ішкі газ құбырлары коррозиядан қалай қорғалады?

  1. қабырға түсіне ұқсас майлы бояумен?
  2. коррозияға төзімді материал
  3. коррозиялық қасиет дегеніміз не?
  4. табиғи газдың адам ағзасына әсері қандай?
  5. жазатайым орын алған жағдайда жұмыс беруші мен жұмыс ұйымдастырушының міндеті
  6. жасанды газдар
  7. металда жоғары электрөткізгіштік қасиет қандай?
  8. мыстың балқу температурасы қандай?
  9. алюминнидің балқу температурасы қандай? өндірістік жарақат дегеніміз не?- еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындамаған жағдайда өндірісте орын алған жарақаттар.
  10. флюспен дәнекерлеуге қажетті материалдар- дәнекерлеу сымы, дәнекерлеу флюсы
  11. газға арнайы иіс беру
  12. газ плитасының бөлшектері неден жасалады?
  13. термиялық тұрақты ұзақ мерзімге төзімді материал?
  14. газ плитасымен қабырға, жиһаз, ағаш қабырғамен ара қашықтығы қандай болуы керек?
  15. газды газ құбырына жіберу қандай жұмысқа жатады?
  16. ғимарат қабырғасына газ құбырларын орнатуда қандай тіреу қолданылады?
  17. Ішкі газ құбырларында қандай материал қолданылады?
  18. 2,3, 4 конфорлы газ плитасы орнатылған ас бөлменің ауданы кем дегенде қанша болуы керек?
  19. газбен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік ережелері қандай
  20. газдың шығуын қалай тексеріледі?

22.тұрмыстық газ плиталары қандай температураға дейін тұрақты?

 

ІІІ. Студенттерге  жаңа тақырып  бойынша нұсқау беру:

 

3.1. Тұрмыстық газ плиталары жайлы жалпы мағлұмат

3.2.  Конфорлы газ плита корпусы, қуыру беті  және тығын шумектерінің орналасуы, жанарғылардың жануын,  қуыру шкафы және қауіпсіздік ережелері.

3.3.  Газды конфоркалы инжекциялық жанарғылардың жұмысы

3.4. Тұрмыстық газ плиталарын жөндеген кезде қауіпсіздік  ережесін  сақтауы

 

ІV. Кіріспе нұсқауды пысықтау:

    4.1.  Газдың негізгі құрамдас бөлігі қандай?

   4.2   Газ жанарғыны кім ойлап тапты?

   4.3   Инжекциялық жанарғылар дегеніміз не?

   4.5  Жанарғылардың түрлері?

  4.6   Плита корпусы немен жасалады?

  4.7    Газ плиталарының тығынды шүмектері

  4.8.   Қазіргі кезде қандай плиталардың жанарғылары қолданылады?

 4.9.    Газ плитасының құрылысы қандай?

 4.10. Термореттегіш духовка шкафының жұмысы қандай?

 

  1. Құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын көрсету

 

  1. Жұмыс орнын талапқа сай ұйымдастыру.
  2. Тұрмыстық газ плиталарының жөнделуін тексеру
  3. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

 VІ. Ағымдық нұсқау.920-1400

 Студенттерді жұмыс орындарына бөлу, тапсырма беру.

  1. Студенттердің жаттығу жұмыстарын технологиялық нұсқау картамен жұмыс жасауын үйымдастыру.
  2. Студенттердің технологиялық нұсқау карталары бойынша жұмыс жасауларын бақылау мақсатында  жұмыс орнын аралау:

1-аралауЖұмыс орнының талапқа сай  ұйымдастырылуын,  дайындығын, жұмыстың  уақытылы  басталуын  тексеру.

2-аралау: Студенттердің құрал-жабдықтарды дұрыс  қолдана  білуін,  ұстау әдістерін, іс қимылдарын қадағалау.

3-аралау:  Техника қауіпсіздігі  ережелерінің толық сақталуын,  технологиялық нұсқау картамен жұмыс жасауларын қадағалау.

4-аралау:  Жаттығу орындау барысында жіберген қателіктерін  уақытылы түзету, ескертпе жасау және қосымша нұсқаулар беру.

5-аралау:  Орындалған жаттығу  жұмыстарын  қабылдау, тексеру  бағалау.

6-аралау:  Жұмысты аяқтау, жұмыс орнын жинастыру, тазалау, құралдарды тазалап, орналастыруын, арнаулы киімдерін орындарына  ілулерін  қадағалау.

 

VІІ. Қорытынды нұсқау:            1400-1430

1.Сабақты қорытындылау.

  1. Жаттығу жұмыстарының орындалу сапасына қарай және студенттердің өткен сабақ материалдарын игерулері бойынша білімдерін бағалау.
  2. Үйге тапсырма беру «Тұрмыстық газ плиталарын жөндеу» қайталау.

Өндірістік оқыту шебері                    Жолшораева Б.

 Технологиялық нұсқау карта

ПГ-1, ПГ-4 маркалы тұрмыстық газ плиталарын жөндеу

 

р/с Жұмыстың орындалуы Сызбасы Қажетті құралдар
1 төрт конфорлы ПГ- 4 газ плитасын дайындау, орнату
  1. Газ плитасының тұғыры
  2. Пешке газ қосу нүктесі
  3. Жанарғыға келетін газ

нүктесі

  1. Шүмек
2 Плита бетін тексеру
  1. Плита беті
  2. Қуыру беті
  3. Плита беті торы
  4. Плита қақпақшасы
  5. Газ жанарғысы

6.Пешке газ беру

 

3 Тік құбырлары арқылы газ плитасын газ жүйесіне қосу 1.ажырату қондырғысы

  1. ысырма

3.Созылмалы құбыр

  1. қосылыс бұраны
  2. газ жүйесіне қосу құбыры

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *