Басы » Tәрбие сағаттары » Бастауыш – білім бесігі!

Бастауыш – білім бесігі!

Тнымбаева Гульбаршин Есмагзомовна

               Тақырыбы:  «Б а с т а у ы ш – білім бесігі!»

                    (Бастауыш сыныппен қоштасу кешінін, сценарийі)                                                 Мақсаты:  Оқушылардың 4 жылы бойы алған білімдерін тиянақтау.Мәнерлеп оқи білу дағдыларын қалыптастыру.  Оларға  білім алудың адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру.  Өз ана  тілімен қатар орыс, ағылшын тілінің қажеттілігін түсіне  отырып, өмірде қолдана білу.   Бірлікке, ынтымақшылдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.   Мектепке, ата-аналар мен ұстаздарға деген  сүйіспеншілігін арттыру. Ұйымшыл болуға, өнерсүйгіштікке,  Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекiлiгi: интерактивтiк тақта,нақыл сөздер, суреттер, шарлар.

Барысы: I Кiрiспе ( алғы сөз )

Сынып жетекшiсi: Қош келiпсiздер, құрметтi ата-аналар, қымбатты әрiптестер, сүйiктi шәкiрттер! Бүгiнгi күн- осында отырған бәрiмiз үшiн ерекше күн. Оның ерекшелiгi  даярлықты қосқанда 5 жыл оқып, қанатын қатайтқан балапандарымыз қош айтысқалы отыр.

Армысыздар, әлеумет, кеш қонағы,

Бүгін бізде мереке аса мәнді.

Қуанып, зер салайық ей, халайық

Балғындарды қошеметпен қарсы алайық, дей отырып бітіргелі отырған оқушыларды ортаға шақырайық.

/Музыка әуеніне ілесіп оқушылар ортаға шығады/

Құрметтi ата- аналар! Балаларыңыздың бастауыш буыннан орта буынға басқан қадамдары құтты болсын! Балалар бәрiмiзге бақыт әкелсiн, талаптарына нұр жаусын!

Сiздердiң алдарыңызда тұрған 4б сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 7 жасар бала болса, сол бүлдіршіндер қазіргі таңда бойлары да , ойлары да өсіп, бастауышта білім нәрімен сусындап, орта буын табалдырғына аттағалы отыр. Бұл күнге жәй жете салмағанымызды ескерсек, бүгiнгi күнi сiздердiң алдарыңызда оқығандарын, ойларына тоқығандарын ортаға салмақшы. Сонымен бүгiнгi ертеңгiлiгiмiздi жүргiзушiлерiмiз Ақбота мен Думан жалғастырады.

1-жүргiзушi: — Ассалаумағалейкум, ағайын!

2-жүргiзушi: — Армысыздар, аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!

                          Екеуi:- Қош келiпсiздер, құрметтi қонақтар!

1-жүргiзушi: Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкiрттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңiлге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

2-жүргiзушi: Армысыздар, аталар мен аналар!

                       Ұрпағыңбыз күнде өзiңнен бата алар.

                       Ел дәстүрiн мәңгi сыйлап, оқы деп,

                       Үйреткен ғой Фарабидей бабалар.

                      Барлығы:  Ел ардақтар ғұламаның есiмiн,

Бiз тербеттiк даналықтың бесiгiн.

№1 орта жалпы білім беретін мектептiң,

Салтанатпен ашқан едiк есiгiн.

1-жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата- аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

       2-жүргізуші: Қош бол, құтты Бастауыш!

                           Алғыстарым көп менің.

                           Ақыл — білім, тәрбиең,

                           Ой-санама еккенің.               

     Бүгінгі « Бастауыш —  білім бесігі!» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне қош қелдіңіздер!           

Барлығы хормен:    Өсті міне, бойымыз.

Өсті міне, ойымыз.

Қуанышқа ортақпыз

                                      Құтты болсын тойымыз!

1-жүргізуші: Осыдан  5 жыл бұрын, яғни  2010 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай балғын бүлдіршіндер, яғни біздер қандай болдық екен?

 2-жүргізуші: Олай болса, құрметті ұстаздар, ақ пейілді ата-аналар және қонақтар сол біздің тәтті де бал күндерімізге көз жүгіртейік (экранға назар аударайық).

СЛАЙД   (1-сынып суреттері көрсетіледі)

1-оқушы:     Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіз қадірменді конақтар,

Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.

2-оқушы: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.

Осы сырды үйреткен бастауышым,

Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.

   1-жүргізуші:     Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

2-жүргізушіБұл мереке, бұл тойдың,

                 Бастаңғысын жасайық.

Хор: «Сәлем, саған мектебiм»

3-оқушы:     Өтті оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Бастауышпен қоштастық.

4-оқушы. Ыстық тартып тақтадағы карталар,

Қалам ұстап,талай жазған парталар.

Ендi мiне,ұшар кезде мен сенен,

Кезек келдi бар сырымды ақтарар.

5-оқушы:      Білімнің қайнар бұлағы,

Өмірдің жарық шырағы.

Тұрағы өзің, мектебім,

Шәкірттің асыл  қырағы.

6-оқушы: Нәріңді беріп құрғатпай,

Сусаған шөлді қандырған.

Сәулеңді шашып жүрекке,

Жанымның отын жандырған.

7-оқушы. Ыстық мекен, алтын ұя мектебiм,

Сен арқылы бiлiм алып көктедiм.

Достарыммен бiрге күлiп, бiр жүрiп,

Қарсы алдым жастық шақтың көктемiн

Ән: « Анадай асыл мектебім»

8-оқушы: Мектепке алғаш келгенде,

Мейірлі жандарды көргенде.

Шарықтап биік қиялым…

Анадай ұстаз мектебім,

Алғысым айтар көп менің.

9-оқушы:    Әр жыл сайын қаруланып білімнен,

Алға дәйім мені бастап сүйредің.

Нәр аламын аяулы ұстаз үніңнен,

Ардақтысың мектеп — алтын бесігім!

10-оқушы:     Мектебім — мәңгі бапкерім,

Қарызбыз біз бәріміз.

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз.

11-оқушы: Мектеп деген киелі ғажап ат,

Тынысы мен тіршілігі ғаламат.

Бала шақтан болашаққа аттанған,

Түлеп ұшты, талай-талай азамат.

12-оқушы: Мектеп- үйiм, ұстаздарым ата-анам,

Сенен өсiп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелi бәйтерек,

Тамырланып, сан тарапқа тараған

13-оқушы:  Мектеп, мектеп – ашық жарқын көңілім

Мектеп, мектеп – шаттық толы өмірім.

Мектеп, мектеп- әнім болып төгілдің.

Мектеп, мектеп- жан анам боп көріндің.

14-оқушы:   Өзіңсің балауса көктемім

Мен сенен нәр алып көктедім.

Өмірде алғашқы өткелім

Барлығы хормен:    Рахмет, саған бастауыш мектебім!

1-жүргізуші: Төрт жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Құрметті біздің балалар,

2-екеуі бірге: Орындалсын ойымыз,

                          Құтты болсын тойымыз!

Хор: «Сүйікті мектебім»

1-жүргізуші:    Беріспей, батыр бабам армандаған,

Арман күн, ел жұртына жалғанды аман.

Қаншама құрбандықпен жеткен күнді,

Әлдиле, байтақ елім, орман-далам.

2-жүргізуші: Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұланғайыр кең, байтақ, табиғаты әр алуан, пайдалы қазбаларға бай ел.

Нұржан: Қазақстан ! Пай-пай-пай, ардағымай

Сен менің Шолпанымсын, жанға ұдай.

Өзінде өмір сүрген қандай бақыт,

Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!

Әлішер: Қазақ жебі Отаным деп шаттанамын,

Бұл елде туғаныма мақтанамын

Тарихы толып жатқан шежіре ғой,

Шұралмаудан тілімді сақтанамын.

Нұрбек: Туым асқақ қашанда тау басындай,

Ел таңбам бар қазақтың айнасындай.

Астанада Бәйтерек жарқырайды,

Бабамыздың үкілі найзасындай.

1-жүргізуші: Егемен болмай — ел болмас,

Етек- жеңі кең болмас.

Терезесі тең болмас,

Енді қазақ кем болмас.

2-жүргізуші: Ән: «Елім менің!» Хор.

Көрініс: «Ер намысына қарай шабады». (авт.Дамира, балаби- Әлихан,Сырым-Нұржан)

1-жүргізуші:  О, Ата-анам!

Таянышым, тірегім!

Бір бақытты бір басыма тіледім

Бізді жақсы болса екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Хормен: Құрметті  ата-аналар, ұстаздар, біздің боршымыз сіздерді құрметтеу!

Ән: «Акешім, анашым» Орындайтын Әлішер, Ақбота.

Аружан: Алдымен сүй, ардақта ата-ананды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімен ананың жасалады.

Жырақ жүрген анасын сағынған,

Ата-анаға сәлем айтқан ән жырдан

Екеуінің қуанышы тілегі

Әр қашанда бір анадан табылған.

Әлихан: Борыш ата-анаға, үлкен  ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсақ, ең әуелі ата-ана алдындағы борышты өтеу мақсатын қоямыз.

Құрметті ата-ана, ұстаз атына кір келтірмеуге ант етеміз.

8-оқушы:      Туған жерді сүю — парыз,

Сүю үшін — білу парыз.

Күзетінде тұру — парыз,

Қасиетін ұғу парыз.

9-оқушы:      Отаным кең далам орманды,

Болаттан соғылған қорғанды.

Бақыттың, шаттықтың мекені,

Қолдаймыз, қорғаймыз Отанды.

10-оқушы:     Қазақ батыр ел деймін,

Ұл мен қызы ер деймін.

Ата — қоныс жерімді,

Мен ешкімге бермеймін.

11-оқушы:    Бойымда қайрат, тұрғанда сенім,

Құрбаның болам жолында сенің.

Құлпырып жасай бер, жаса,

Сүйікті Отан, сүйкімді елім, Қазақстан Республикам менің!

12-оқушы:     Жоламасын жамандық,

Болсын әр кез амандық.

Ашық болсын көгіңіз,

Әнге толсын төріміз.

13-оқушы:     Жер-Анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады.

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

 Ән: « Ақ көгершін»

1-жүргізуші: Біз мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол — мұғалімнің еңбегі.

2-жүргізуші: Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз-ғалым толастатпас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тындаңыздар шәкірттердің алғысын.

1-оқушы:      Қиялымды көздедің,

Таптың ойдың тұрағын.

Маған ұстаз сездірді,

Алдағы өмір шырағын.

2-оқушы: Ақыл берген дана адам-мұғалiм,

Сөздерiңнiң шын қадiрiн ұғамын.

Ұстазысың ақынның да батырдың.

Өздерiңе арналады жыр-әнiм.

3-оқушы:      Әлі есімде отырғаным партаға,

Таңданып кеп үңілгенім тақтаға.

Жайдары, ашық ұстазымның сондағы,

Түзу отыр деп қаққаны арқаға.

4-оқушы: Ұстазым – ұлағатым сая бағым,

Шәкіртті өз балаңдай аяладың.

Қолыма әліппенің кілтін берген.

Адамдық, ақ жолыңды бағаладым

5-оқушы:Асылдай ұлы данасың,

Ұстазым, менiң, ұстазым.

Жыр етемiн дастан қып,

Ақылын,үлгi,ұстамын.

Қолыма қалам ұстатқан,

Әлiппенi алғаш жаттатқан.\

Алғашқы ұстаздарыма,

Тiлеймiн шаттық,нұрлы аспан.

1-жүргізуші: Хор: « Ұстазым»

2-жүргізуші:

6-оқушы:Дидарыңнан шуақ сеуiп арай күн,

Шәкiртiңнiң зердесiне тарайды үн.

Көп сауалға жауап таппай қиналсам,

Өзiңiзге үмiттенiп қараймын.

7-оқушы:Сенен алғаш қанат қағып басты арман,

Алғы күнге апарар жол бастаған.

Майда, қоңыр ән әуездi үнiңмен,

Шәкiрттерiң асып жатыр асқардан.

8-оқушы Сенiң тұлғаң бар биiктен еңселi,

Әрбiр сөзiң парасаттың өлшемi.

Кеуденi таң жарығына толтырар,

Дәйiм асқақ көтередi ел сенi.

9-оқушы:Iзгiлiктiң мұнарасын қалаған,

Жанарыңнан жан жылуы тараған.

Ғалым, дана, ел бастаған қөсемдер,

Саған шәкiрт жер бетiнде бар Адам!

10-оқушы: Нұсқайтұғын адалдықтың шынарын,

Бір өзіңе арналады жыр-әнім.

Сенің дәйім асқақтатып атыңды,

Саған мәңгі тағзым етем мұғалім.

11-оқушы: Ұстазым, алтын ұстазым,

Естідім сенен құс сазын.

Көзімен көру бақыт қой,

Қыранның түлеп ұшқанын.

Барлығы хормен:      Ұсынғаны адалдық,

                              Үйреткені адамдық.

                              Бар ұстазға тілейміз,

                              Бақыт, табыс, амандық!

1-жүргізуші: Хор: « Мейірбан ұстаздар»

2-жүргізуші: Ойлантып, есеп шығартып,

                         Төрт амалды меңгерткен.

                         Ғалымдардың патшасы

                         Математика данамыз.

1-жүргізуші: Адамдыққа үйреткен,

                         Жамандықтан жиренткен.

                         Тілімізді ширатқан,

                         Орыс тілі, ағылшын сабақтары.

Элеонора.   Мы  помним тот звонок веселый,

Что прозвенел нам в первый раз

Когда вошли сцветами в школу.

В свой самый лучший первый класс.

Фироза:    Ты повела нас по Дорогам знаний,

Отдав нам много силы и труда.

А сколько приложила ты стараний,

Чтоб мы учились хорошо всегда.

Аңсар:   Последний звонок!

Последний урок!

Как быстро года пролетели.

Ведь, кажется, только вчера. . .

Вчера лишь за парту мы сели.

Әлішер: Звенит звонок веселый,

Уходим в пятый класс,

Спосибо вам, начальные

Мы не задудем вас !

2-Жүргізуші: Песня «Чему учат в школе».

.( ағылшын тілінде өлең-тақпақтар)

 1-жүргізуші:Ән ағылшын тіліңде

2- жүргізуші:  Шыр көбелек билейтін,

Мақтануды сүймейтін.

Биші қыздар бар бізде,

Мың бұралып, билейтін.

  « Қазақ биі» (қыздардың орындауында)    

                                                                                                                                                                                                       Класқа Білгішбек кіріп келеді:-О, мына жер қандай ғажап!Ой, сендер кімсіңдер ! Мында неғып тұрсындар  ?

1-жүргізуші: Біздер 4 сынып оқушыларымыз. Бүгін біздер бастауышпен қоштасу кешін тойлап жатырмыз.

Білгішбек :-Мен осы, қайда жүрмін?

2-Жүргізуші:Сен мектепте-білім ордасында жүрсің.

Білгішбек:-Мектепте не үйретеді?

1-жүргізуші:Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып , би билеуді.

2-жүргізуші:Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды.

1-жүргізуші:Халқымыздың әдеп-ғұрыпың , салт-дәстүрін үйретеді.

Білгішбек :-Сендер нелерді  ажырата білесіңдер?

2-жүргізуші:Жақсылық пен жамандықты, ақ пен қараны, арамдық пен адалдықты.

Білгішбек: -Нені сүйесіндер?

1-жүргізуші:Отанды, ата-ананы, халқымызды, достарымызды, табиғатты, ел байлығын сүйеміз !

2-жүргізуші:Ұстаздарымыз бен алтын ұя мектебімізді сүйеміз

Білгішбек: -Сендерді болашаққа не бастайды?

1-жүргізуші:Ұстаздық көрсеткен жолы, ата-ананың ақылы,болашаққа деген сенім бастайды.

Білгішбек:-Ержеткенде қандай  боласыңдар?

2-жүргізуші:Адал азамат, ақылды ару, оқымысты ғалым, елің сүйген ер боламын.

Білгішбек:-Менде сендер сияқты оқушы болғым келеді және сендер сияқты көп жетістіктерге қол жеткізгім келеді.

1-жүргізуші:Буратино, ұмтылысың жақсы екен.Олай болса, «Бастауыштың білім кілтін» саған табыс етеміз, қабыл ал.

Білгішбек:-Рахмет сендерге , мен де сенден сияқты ақылды оқушы болуға ант етемін!

Ән: « Жас дәуірдің түлегіміз»

1-жүргізуші:      Мың бұрала билеген,

Қос бишіні кім сүймеген.

Аққудайын қалықтап,

Испан биін билеген. (Самбо биі орындалады)

         1-оқушы:      Мектепті ойлап өткен айы, жыл-күні,

Сондықтан да біздің мектеп үлгілі.

                        Дина Хасанқызы— дана кісі басшымыз.

Тәртіп пенен мәдениеттің символы.

Әлихан:            Еңбек жолын жастайынан бастаған

Тентектерді тәртіппенен баптаған

Қатал болып көрінгеннен кей кезде

Өз ісіне берік болған

                           Светлана Құсайынқызы оқу ісін басқарған

Оңай емес бұл шаруа

Жауапты да күрделі

Ісіңіз жүрсін ілгері

Тілейміз қажымас күш-қайрат

Кетпес бастан бақ дәулет                                                                                                                                    Аружан:      Орыс тілін құрметтеп,

Сүйеміз шын жүректен.

Мұғалім анамыздай,

Көңілдерге гүл еккен.

Өсіреді сананы,

                      Меңсұлу Бисенғалиқызына мың алғыс,

Әлпештеген баланы.

Фироза:        Зәуреш апай сүй деген орыс тілін

Алыңдар шынайы терең білім

Білсеңдер орыс тілін таза сөйлеп

Болмайды бұл өмірде аса қиын

оқушы   : Тілді білсең ағылшын, мол болады табысың.

Компьютер де қолында, нарық деген жолында.

Жақындайды алысың, Клара апай біз дайынбыз.

Сіздей жақсы жан үшін, беруге лайық қол үшін.

Рахмет сізге айтамыз.

 

Ақбота Ж:      Сырлары көп ғылымның,

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің,

Керек екен бәріне.

Өз аузына қаратқан,

            Максим Маратұлынан ұғамыз.

Салауаттану сабағынан,

Сәл есейіп шығамыз.

5-оқушы:     Баулыған әрбір өнерді,

                     Света Ғалымқызы өнерлі.

Әсем әннің шебері

Әрбір сөзі мәнерлі.

Қызықтырып ән-күйге,

Бізді үйретіп келеді.

6-оқушы: Әр алуан салалы,

Қызықты еңбек сабағы,

Есіңе түсір, түлектер,

Еңбек білім пәнінен,

Дәріс берген сіздерге

                  Василя апай есімін.

7-оқушы:Бар білім бастауышта басталады,

Шығармыз шыңға биік асқаралы.

Тынымсыз ізденісті еңбегіңіз ,

Гүлбаршын апай әлі-ақ ақталады.

Ұмытпас сізді түлектерің

Қолына алғаш қалам ұстатқанды.

Алдыңызда әрқашан тағзым етіп.

Тұрады «Ұстазым » деп басын иіп.

1-жүргізуші: Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ыстығы мен суығына төзеді. Біз күлсек бірге күліп, біздің көңіліміз болмаса жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты ұстаздар қандай тамаша қауым! Біз мына, бүкіл адамзат баласының атынан алғыс білдіріп, тағзым етеміз!

-Ғұлама білгіш ғалымнан,

-Оқушы жас жалыннан

-Аса ірі ойшылдан

-Президент, ақыннан

-Ғарышкер ұлы батырдан

-Өнер тасқан актерден

-Мың бұралған бишіден

-Ой тербеткен күйшіден

-Оқыған жас-кәріден

-Окушының бәрінен

Хормен:Ұстаздарға мың алғыс!

2-жүргізуші: Оқыңдар ұл-қыздар деп,

Күлімдеген ұстаздар.

Ән арнадық арнайы,

Тағзым ете, ұстаздар.

Ән: Ақботаның орындауында

1-жүргізуші: Бастауышым -Балбұлағым,

Лаулап жансын шамшырағың.

Өзің берген біліміңнен,

Самғап ұшты тау қыраның.

2-жүргізуші: Өтті қызық шағым,

                                Бастауышым -Балбұлағым

                       Қоштасар күн жетті міне,

                                Қимастықпен қол бұлғаймын! :                           

                   Барлығы хормен:  Күндерге күн ұласты

                                                      Жылжыпжылжып жыл асты.

                                                      Ойдағыдай бітірдім,

                                                      Мен төртінші класты                                                              оқушы:Жүрегімде ұстаз берген сабағы,

Өн бойыма тамырланып тарады.

Ұмытпаймын салған жолын,ақылын

Мәңгі,мәңгі,мәңгі есімде қалады.

Ән: « Үйретеді мектепте»

Мектеп бітірушілер вальсі

Екі жүргізуші:  Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

                            Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

                            Тойларыңыз құтты болсын, ата-ана,

                            Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын!

1-жүргізуші: Бір қырдан Ұл-қыздар асып отыр,

Көңілдегі қуаныштан тасып отыр.

Көппен бірге қуанып төрімізде,

Мектептің бас ұстазы басшы отыр.

Құттықтау сөз мектеп директоры Дина Хасанқызына беріледі.

2-жүргізуші:Көңілі кең даладай, маңғаз пішін,

                      Ұнатады істің де тартымдысын.

                      Ақ тілігін арнасын түлектерге,

                     Ұшырған соң ұядан алғыр құсын.

Құттықтау сөз директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Светлана Құсайынқызына беріледі.

1-жүргізуші: Орындалып көп арманның біреуі,

Ата-ананың толқып отыр жүрегі.

Үміт алда, балалардың жолы болсын,

Қабыл болып көптің айтқан тілігі.

Құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.

2-жүргізуші: Білімнен сыбағасын алып берген,

                       Жөн сілтеп ақылменен бағыт берген.

                       Сыныпта жетекшінің орны бөлек,

                       Өмірдің соқпағына салып берген.

Келесі сөз кезегі сынып жетекшіміз Гүлбаршын Есмағзомқызына  беріледі.

                               ( оқушыларды марапаттау)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәлем, саған мектебім!

Өлеңін жазған: С.Мәуленов

Әнін жазған: Л.Хамиди

1.Сәлем саған, мектебім,

Сәлем, білім ордасы!

Жасыл бақты көктемім,

Жастық шақтың жолдасы. (2рет)

 

2.Сенен біліп шығармын

Аспан барын, күн барын.

Сен арқылы ұғармын

Жұмбақ әлем сырларын.(2рет)

 

3.Үйретерсің еңбекке,

Сен арқылы бойлармын.

Ұшып сенен мен көкке,

Көк мұхитты бойлармын. (2рет)

 

4.Баспалдақтап, біртіндеп,

Мен ұшармын қияға!

Сен тұрарсың күлімдеп,

Ұқсап алтын ұяма. (2рет)

 

 

 

Анадай асыл мектебім.

Өлеңін жазған: М.Хакімжанова

                                     Әнін жазған: И.Нүсіпбаев

1.Анадай асыл мектебім,

Құшағы нұрлы көктемім.

Өмірдің аттап өткелін,

Қойныңда өсіп көктедім. (2рет)

 

2.Бағыңда құстай сайрадым,

Қырыңда гүлдей жайнадым.

Сәулетті, дарқан бесігім,

Тербеліп жүрмін осы күн. (2рет)

 

 

 

 

 

Сүйікті мектебім.

Өлеңін жазған: Ш.Смаханұлы

Әнін жазған: Ө.Байділдаев

1.Қызықты каникул кезінде

Асыр сап ойнадық, демалдық.

Сүйікті мектебім, өзіңе

Қуанып қайтадан оралдық. (2рет)

 

2.Гүл тердік тоғайда, орманда,

Шіркін-ай, жайдары жаз қандай.

Төл күтіп жайлауда, қырманда

Жинадық бидайды маржандай. (2рет)

 

3.Сәулесі әйнекке шағылып,

Нұр төкті сыныпқа көкте күн.

Келдік біз оқуды сағынып,

Сүйікті ұстазым- мектебім. (2рет)

 

Солдат болам мен ертең.

Өлеңін жазған: Ш.Сариев

       Әнін жазған: К.Дүйсекеев

1.Гүлдей жайнап,

Күндей жайнап,

Мен ер жетіп толамын.

Әжем айтқан

Дәу жігіт боп,

Ағалардай боламын.

              Қайырмасы:

Бір, екі, үш!

Бойға жинап күш,

Шынығамын таңертең,

Ағалардай Отанға

Солдат болам мен ертең.

 

2.Мөлдір таңым,

Мөлдір жаным,

Мен ер жетіп толамын.

Атам айтқан

Дәу жігіт боп,

Ағалардай боламын.

 

 

Отаным – Қазақстан.

Өлеңін жазған: С.Тойлыбаев

   Әнін жазған: А.Исағұлова

1.Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан- елім менің.

         Қайырмасы:

   Жасампаз жыр- әнім,

   Өзіңсің ғажапстан.

   Өсиет, ұраным,

   Отаным- Қазақстан!

2.Ғажап қой сұлу көктем, жазың,әні,

Тыңдарсың ән-жүректің сазын әлі.

Шіркін-ай, жер жетпейді бір өзіңе,

Қойнауың тұнған байлық, қазыналы.

Қайырмасы:

3.Сен неткен Отан- анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер,Ұлы Отаным- Қазақ елім!

Қайырмасы:

                                      Мектеп полькасы.

Өлеңін жазған: Т.Молдағалиев

Әнін жазған: И.Нүсіпбаев

1.Біз- бейбіт ел ұланы,

Өнер- білім ұраны.

Алдымыздан жақсы арман

Күлім қағып тұрады.

         Қайырмасы:

Біз- батыр ел жастары,

Бақыт алға бастады. (2рет)

2.Тербетіліп алтын дін

Теңіз дейін толқыған.

Даламызда тасқындап,

Еңбек күйі шалқыған.

Қайырмасы:

3.Күш- қайраты қаулаған,

Келешеккке арналған.

Алтын Айдың төрінде

Көгілдір ту қадалған.

Қайырмасы:

 

Ұстазым менің

Өлеңін жазған: А.Шамкенов, Әнін жазған:Ә.Еспаев

1.Тұлғаңды арманыма ұқсатқаным,

Үлгіңді көңіліме қыстатқаным.

Есімде Әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

Қайырмасы:

Ұстазым менің, ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым менің, ұстазым!

2.Зердемді сен ашпасаң не етер едім?

Өмірден сыбағасыз өтер едім.

Ғажайып дүниенің сырын жайып,

Қияға қызықтырып жетеледің.

Қайырмасы:

3.Өзіңнен өмірге азық ала бердім,

Ұшырып мені алысқа, қала бердің.

Бойымда отың кетті ұшқын атқан,

Келеді жана бергім, жана бергім!

 

                                    Мейірбан ұстаздар.

Өлеңін жазған: Қ.Жұмағалиев

Әнін жазған: И.Нүсіпбаев

1.Жайраңдап көктемім,

Күледі көкте күн.

Құшағын тұр жайып,

Аяулы мектебім.

Санама нұр құйған,Ұстазым көп менің.

2.Биікке өрлеген,

Тайсалып көрмеген.

Ұрпақпыз кеудесін

Қуаныш кернеген.

Ұстаз деп ән шырқап,Күй төккен пернеден.

3.Елімнің даласы,

Аяулы қаласы.

Кәрі де, жасы да,

Кемеңгер данасы.

Қарыздар ұстазға адамзат баласы.

 

Чему учат в школе.

Слова: М.Пляцковского

1.Буквы разные писать

Тонким перышком в тетрадь

Учат в школе, учат в школе, учат в школе.

Вычитать и умножать,

Малышей не обижать

Учат в школе, учат в школе, учат в школе.

 

2.К четырем прибавить два,

По слогам читать слова

Учат в школе, учат в школе, учат в школе.

Книжки добрые любить

И воспитанными быть

Учат в школе, учат в школе, учат в школе.

 

3.Находить Восток и Юг,

Рисовать квадрат и круг

Учат в школе, учат в школе, учат в школе.

И не путать никогда

Острова и города

Учат в школе, учат в школе, учат в школе.

 

 

Үйретеді мектепте.

1.Әріптерді сан түрлі,

Әдемілеп жазуды

Бізге мектеп , бізге мектеп үйретеді.

Санға санды қосуды,

Буындап сөз оқуды

Үйретеді, үйретеді мектепте. (2рет)

 

2.Бөлу мен көбейтуді,

Кішіні ренжітпеуді

Бізге мектеп , бізге мектеп үйретеді.

Дала мен қалаларды,

Өзен мен аралдарды

Үйретеді, үйретеді мектепте. (2рет)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жас дәуірдің түлегіміз.

Өлеңін жазған: Е.Өтетілеуов

1.Бау, бақша, белдер,

Арман, тау, көлдер-

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан-

Көңілді ауыл, қаламыз.

      Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей-

Бақытты біздер баламыз!

2.Өзіміз туған,

Көбелек қуған-

Өлкеде өсіп толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып-

Білімді адам боламыз.

    Қайырмасы:

 

3.Аялар бізді

Қамқоршы ізгі-

Сүйікті Отан-анамыз.

Отанды мақтап,

Айтамыз тақпақ-

Шырқатып әнге саламыз.

 

Бақытты балалық шақ.

Өлеңін жазған: Ж.Тұрбеков

Әнін жазған: Ә.Еспаев

1.Жарастықпен жайнатып өмір көркін,

Гүл-бақшада сайраңдап өскен еркін.

Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз,

Келешекте ұлы істі меңгеретін. (2рет)

 

2.Отанымыз әлпештеп анадайын,

Құшақтайды аялап сағат сайын.

Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң,

Не керектің біз үшін бәрі дайын. (2рет)

 

3.Білім шыңын өрлейміз басып алға,

Қиындық жоқ бөгеліс жолымызда.

Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,

Көк туымыз желбіреп қолымызда. (2рет)

 

Үйретеді мектепте.

1.Әріптерді сан түрлі,

Әдемілеп жазуды

Бізге мектеп , бізге мектеп үйретеді.

Санға санды қосуды,

Буындап сөз оқуды

Үйретеді, үйретеді мектепте. (2рет)

 

2.Бөлу мен көбейтуді,

Кішіні ренжітпеуді

Бізге мектеп , бізге мектеп үйретеді.

Дала мен қалаларды,

Өзен мен аралдарды

Үйретеді, үйретеді мектепте. (2рет)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *