Тнымбаева Гульбаршин Есмагзомовна
Сабақтың тақырыбы: Х х дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі: Х дыбысы мен әрпін таныту.Берілген сөздерді түсініп, дұрыс буынға бөле білдіру.Әр сөзге дыбыстық талдау жасап, дауысты, дауыссыз дыбысты ажырата білуге үйрету.
ә\Тәрбиелілігі:Имандылыққа, ізгілікке, сыйластық қарым-
қатынасқа, тазалыққа,әдемі жазуға баулу.
б\Дамытушылығы:Оқушылардың ой санасын, сөздік қорын
кеңейту.
Пән аралық байланыс: дүниетану
Әдісі:сұрақ-жауап, сөздік.
Түрі:аралас
Көрнекілігі: Мазмұнды суретттер,қима әріптер буындар, дидакткалық материалдар
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
1.Ю дыбысы мен әріпін еске түсіру.Ю дыбысына берілген сөздерді шапшаң, тез оқыту.
2.—Ю қандай дыбыс?
-Ю дыбысы бар сөздер айтқызу, сөздерді буынға бөлгізу,буындық, дыбыстық талдау жасату.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе әңгіме.
- Тақырыптық суреттер бойынша әңгіме жүргізу.
— «Кітапхана» туралы әңгімелеу
— Кітапханада қызықты кітаптар көп. Т.б сөйлемдер құрату.
-Таныс емес дыбыс бар ма
— Х дыбысы тіл арты,ызың, қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп
-Х дыбысына байланысты сөздер айтқызу.(хат, халат, асхана т.б)
3.Сергіту сәті
4.Оқулықпен жұмыс.
Х әрпіне берілген сөздерді оқу,талдау жасау.
Буындық, дыбыстық талдау.
Сөйлемдерді оқыту.
. -Мәтінге талдау.
Өлеңді мәнерлеп оқыту.Х дыбысы бар сөздерді тапқызу.
Халел қарап қалмады.
Хамитқа хат арнады.
Хоккей, дойбы керек деп,
Хабарлайды хал жайды.
- Дәптермен жұмыс
Х әрпін жазу үшін оның элементерімен құрайтын сызықтарды жазу арқылы, әріптің толық тұлғасын өрнектеу.
Х. әрпін жазу кезінде әріп элементтерінің қайырмасын қалай келтіруін түсіндіре отырып көрсету.
- Диктант: Мен кітапханаға бардым. Атам хат жазды.
IV.Сабақты бекіту
— Қай әріпен таныстық?
-Х дыбысы қандай дыбыс?
V.Мадақтау.