Қазалы ауданы
Ақтан батыр ауылы
Көларық ауылдық округі әкімі аппараты
«Ақтан батыр ауыл клубы» мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының қызметкері
Қасым Жадыра Маратқызы
«Жақсылықпен жайлылық сыйла – Жаңа жыл»атты жаңа жылдық ойын сауық кешінің қатысушылары
Өтетін орны: Клуб көрермен залы
Басталуы: 20:00де
Күні: 30.12.2014жыл
Қатысушылар:
1-жүргізуші: Қасым Жадыра Маратқызы
2-жүргізуші: Сыдық Олжас
Жылқы – Қанат Ержан
Қой- Қалдыбаева Бақыткүл Өткізу жоспары
Р/с | Мазмұны | Уақыты | Жауапты |
1 | Жүргізушілер сөзі | 20:00-23:00 | жүргізушілер |
2 | Жылқының сөзі | 3мин | |
3 | Қойдың сөзі | 2мин | |
4 | Әкім сөзі | 5мин | |
5 | «гномдар»биі | 3мин | «ғидаят» би тобы |
6 | «Аяз ата мен ақша қарлар» шеру» | 2мин | жүргізуші |
7 | «Емхана» аяз ата мен ақша қар | Емхана ұжымы | |
8 | Өнер | 3мин | |
9 | «Сыр маржаны» аяз ата мен ақша қар | Сыр маржаны | |
10 | «Жаңа жылдық лотерия» | 3мин | Ұ.Сансызбай |
11 | Өнер | 3мин | |
12 | «Ауыл жастары»аяз ата мен ақша қар | 2мин | Ауыл жастары |
13 | «Көрермендермен ойын» | 3мин | жүргізушілер |
14 | «Мектеп» аяз ата мен ақша қар | 2мин | жүргізушілер |
15 | Өнер | 3мин | |
16 | «Жаңа жылдық лотерия» | 3мин | Ұ.Сансызбай |
17 | Өнер |
«Жақсылықпен жайлылық сыйла – Жаңа жыл»атты жаңа жылдық ойын сауық кешінің сценарийі.
Сахна көрініспен ашылады фанфар беріледі.
Көрермен залында оң және сол қанаттан кейіпкерлер жүгіріп шығады.
-Уақыт
-дайындық
-Жаңа жыл, жаңа жыл жаңа жыл!!!
Кейіпкерлер сахнаға шығып сахна пердесін ашады. Барлығы қолдарын шапалақтап мизацена ұстап тұрды. Ортаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші: Ассалаумағаликум! Құрметті қонақтар!
2-Жүргізуші: Армасыздар құрметті ауыл тұрғындары!
1-жүргізіуші: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын
2-Жүргізуші: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-Жүргізуші: Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке.
2-Жүргізуші: Санаулы минуттардан кейін есігімізді қаққалы тұрған Жаңа -2015ші Қой жылы баршамызға құтты болсын!
1-Жүргізуші: Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашу үшін ауыл әкімі Қанатов Серікбай ағайды ортаға шақырамыз.
2-Жүргізуші: Бүгінгі бізбен қоштасқалы отырған жылқы жылы біз үшін табысты жыл болды. Жетістіктерге тоқтала кетсек:
*Ақтан батыр ауыл клубы — тамыз айынан 1жұлдызынан бастап Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып бекітілді.
2-Жүргізуші: Жылқы жылы білім ордасы үшінде олжалы жыл бола білді:
Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде ауданнан
Физика пәнінен Нәден Райса ІІорын,
Химия пәнінен Тілеген Ақмарал ІІорын,
Химия пәнінен Күнеке Гүлназым ІІІорын
Қазақ тілімен әдебиеті пәнінен Уайсбай Айфара ІІІ орын
Қазақ тілімен әдебиеті пәнінен:Теңізбай Гүлбақыт
Қазақстан тарихы пәнінен: Жақасай Жайықбай ІІІорын
Ағылшын тілінен Қасым Рита ІІІорын иеленді.
1-Жүргізуші: Білімнің додасында олжа салып,
Ақтадыңдар ұжымның үміттерін
Мерейлі мерекеге тарту болды
Құтты болсын бүгінгі жеңістерің!
(Шыршаның жанында жылқы мұңайып отырады)
2-Жүргізуші: Көңіл күйінің болмағанына қарағанда жылқы жылы бізбен қоштасқысы келмей отырған сияқты сірә.
Жылқы: Ия, уақытта таяп келеді қоштаспасқа амал жоқ. Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін жаңа 2015 жылға аманат қылып қалдырамын.
2-жүргізуші: Өткен жылға өкпеміз жоқ жылқы жылына айтар алғысымыз шексіз.
Жылқы: Жаңа жылды қарсы алуға дайынсыңдар ма? Менің жаңа жыл досым қайда екен, әлі келмей жатыр ғо. Телефон соғып көрейінші.
— Алло, Қой жылы! Қайдасың?
Дауыс: — Бармын, бауырым, бармын! Міне келіпте қалдым.
Ал құрметті балалар келесі кездескенше еліміз аман –жұртымыз тыныш болғай!
1-Жүргізуші: Ескі жыл жылқы жылын құрметпен шығарып салайық ағайын.
(Есік жақтан Аяз ата мен ақша қар қой келіп сахнаға шығады)
2-Жүргізуші: Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Қой жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
(Аяз атамен ақша қарлар орынға кеп отырады)
«Гномдар» биі орындайтын Ғидаят би тобы
Қой жылы: Жыл иесі Қой деген мен болам,
Амансың ба, барша халық, бар ғалам.
Бақыт,байлық, молшылықты сыйлауға,
Төрлетейін, құшағыңды аш маған
1-Жүргізуші: Жаңа жыл мерекесін әр елде әртүрлі тойды:
Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала би билеп, ән салатын көрінеді.
2-жүргізуші: Ал,Кубада сағат 12-ні соққан кезде, әркім 12 түйір жүзім жейді екен
1-жүргізуші: Францияда адамдар Жаңа жыл кешінде жомарт болуға құмар келеді екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай кетерінде сыйлықтар береді екен.
2-Жүргізуші: Ал, Қазақстада соның ішінде Ақтан шаһарында «Аяз аталар мен Ақшаларлар» шеруі ұйымдастырылып, мекемелер арасында сайыс өтпекші.
1-Жүргізуші: сайыс 4 шарттан тұрады:
1-өз өнері,
2-Жаңа жылдық лебіз
3-аяз ата дорбасы
4-Жаңа жылдық әзілдер деп аталады.
2-Жүргізуші: Бүгінгі доданы алғашқы болып Құрман Тасболат ағай басшылық ететін емхана ұжымының атынан әзірленген «Аяз ата мен ақша қар»бастамақшы олай болса қарсы алайық ағайын.
Ән: ————————————- орындайтын:————————————
1-жүргізуші: Келесі болып ортаға «Сыр маржаны» ЖШС-і ұжымынан дайындалған «Аяз ата мен ақша қарды»шақырамыз.
Ән:———————————-орындайтын——————————————
(Жаңа жылдық лотерея ойнатылады.)
2-Жүргізуші: Келесі болып ортаға Айтмамбет Дәлдабек ағай басшылық ететін ұжымның аманатын арқалай келген №190орта мектептен әзірленген Аяз ата мен Ақша қарды шақырамыз.
Бүгінгі сайысқа түскен мекеме ұжымдарын марапаттау үшін
Ауыл әкімі Қанатов Серікбай ағайды,
«Аталар» ансамблінің мүшесі ————
—————————————————————
ортаға шақырамыз!
1-жүргізуші: Аудандық Қарттардыңда бар өнерге таласы атты байқауға ауыл ақсақалдарынан құралған «Ғибрат» ансамбліне ұжым атынан алғыс білдіреміз.
Ән: ————————- «Ғибрат» аталар ансамблі
Көрермендермен ойын:
1.«Аяз ата мен Ақша қар»ойыны
Шартты: 1,2,2 дегенде Аяз ата көрермендер арасынан ақша қар тауып әкелу керек.
Жеңген топ өз өнерлерін көрсетеді.
- «кім жылдам»ойыны
Шарты: 6ойыншы шығап жұптасады. Шарды арқаларына байлайды. Музыкага билеп жүріп бір-бірінің артындағы шарды жаруы керек. Жеңілпаз өз өнерлерін көрсетеді.
3 «Көңілді бишелер» ойыны
Шарты: халықты күлдіру 4ойыншы шығады. Көздерін ормалмен байлайды. Музыкаға жұптасып билейді.
Концерттік нөмерлер:
1.Жүсіпбек Қалдан «Мерекем» әні
2.Қожамжаров Байқоңыр «Жанымда бол»
- «Корей биі» «Ғидаят» би тобы
(Өнерпаздар барлығы сахнаға шығып қолдарын шапалақтап тұрады.)
1-Жүргізуші: «Жаңа жыл баршамызға құтты болсын»- дей келе біз сіздермен қоштасамыз келесі жүздескенше күн нұрлы болғай!
2-Жүргізуші: Жаңа жыл баршамызға құт әкелсін