Басы » Ғылыми жобалар » Қазіргі қазақ тіліне аударылған сөздер қаншалықты түсінікті? (Презентация)

Қазіргі қазақ тіліне аударылған сөздер қаншалықты түсінікті? (Презентация)

nurgisaҒылыми жоба тақырыбы:

Қазіргі қазақ тіліне  аударылған сөздер қаншалықты түсінікті?

 Қарағанды облысы

Шахтинск қаласы

№16 лицей-мектебінің

2 «Г» сынып оқушысы

Қарасарт Нұрғиса

Жетекшісі:Абдыкаримова А.К

Зерттеудің мақсаты: Қазіргі  кезде күллі адам баласын толғандырып отырған, толғағы жеткен өзекті мәселелердің   негізгісі аударманың тағдыры  болып отыр,  жаңадан аударылған сөздердің сапасына өз пікірімді білдіре отырып, қаншалықты түсінікті екенін білу.

Өзектілігі: Егер,өзіміз тілдік аударманы дұрыс қолданатын болсақ келешекте қазақ тіліне аударылатын сөздердің сапалы болуына, сауатты және баршамызға түсінікті болуына дұрыс жол ашамыз деп ойлаймын.

Зерттеудің міндеті: Әр оқушыға өз тіліміздің сауаттылығын үйрету, әкенің қанымен ,ананың сүтімен бойымызға даритын қазақ тілін,ана тілін  дамытуға талпындыру

Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеудің материалдары ретінде деректер, сауалнама, түсіндірме, оқулықтар мен ғылыми еңбектер алынды және халықтық педагогика элементтері кеңінен пайдаланылды.

     Әдіс-тәсілдері: зерттеушілік жоба,сұхбат,тәжірибе шығармашылық тапсырмалар, презентация құру, кітапша жасау.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Зерттеу барысында алынған нәтижелерді тірек сызбаларын пайдалану және ағылшын жазушысының: «Аудармашы ешқашан қателеспейді. Ол тек таңдау жасайды» деген қағидасын ұстану.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспе,зерттеу бөлімі,қазақ тілінің аударма тарихына шолу, қазіргі қазақ тілінің аудармасы, қорытынды бөлім ,пайдаланылған әдебиеттер тізімі,қосымшалар,презентациялар. буклеттер тізімінен тұрады.

 

Мазмұны.

І. Кіріспе.

ІІ. Зерттеу бөлімі.

2.1. Қазақ тілінің аударма тарихына шолу

2.2. Қазіргі қазақ тілінің аудармасы

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған ақпарат көздері

V.Қосымшалар:

2.1.Диаграмма

2.2.Буклет.

2.3 Презентация.

Кіріспе.

Аударма – халық пен халықты, тіл мен тілді, әдебиет пен әдебиетті қауыштырушы дәнекер.

Аударма — бір тілдегі ойды (ауызша, жазбаша) екінші тілге беру Қарым-қатынастың құралы ретінде әр түрлі тіл пайда болғанда, бір тілде сөйлейтіндердің екінші тілде сөйлейтіндермен түсінісу, сөйлесу қажеттілігінен туған, тіпті оның шығуын ғалымдардың пайымдауынша адамзат қауымының алғашқы даму дәуірімен, яғни тілдің шығуымен байланыстырады.

Қазіргі кезде терминология саласында мағынасыз сөздер ,орашолақ аудармасымақтар тым көбейіп барады.  Бірақ тиісті орындар тарапынан мұның қалай дейтін, оны түзететін жан жоқ. Соның салдарынан әркім әр салада өз білгендерін істеп жатыр. Басқасы басқа, қайран тілді бұлай мазақ етуге болмайды ғой!

Мен өз басым кейбір  аударма сөздерді естимін де таң қаламын…Ата-әжемнен,әке-шешемнен сұраймын,түсіндірулерін талап етемін ,бірақ ,өкінішке орай олар да түсінбейтін болып шығады. Сондықтан болар , менің қызығушылығым оянып кейбір жаңа сөздерді зерттеуге кірістім,сауалнама жасадым,ақпарат көздерінен іздедім,ғаламтордан іздедім  әр түрлі пікірлерге кездестім…

Мағынасын ашу үшін, зерттеуге  бес сөз алдым.

  1. балкон –   қылтима  (самалдық)
  2. фонтан – шаптырма            ( субұрқақ)
  3. газет – үнқағаз
  4. телефонды –сымтетік
  5. барабан –қағыран

 

Балкон-бұл Еуропадан келген сөз ( balcus — бөрене) — ғимарат қабырғасының сыртынан немесе ішінен жапсарластырыла, көтеріңкі салынған алаң тәрізді конструкциялық бөлшек

Аудармасы-қылтима. Жалпы, «қылтима» деген сөз қандай мағынаны білдіреді? Бір сөздікте «қылтима» өкпелегіш немесе «кілт ете қалу» адамға қатысты қолданылатыны айтылған,екінші бір мағынасы көктемде бәйшешек қылтиып өсіп келеді дегендей.

 

 

ЖОБАНЫ ТОЛЫҚ ЖҮКТЕҢІЗ

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *