Басы » Бастауыш сыныптар » Ашамайға мінгізу дәстүрі

Ашамайға мінгізу дәстүрі

Аты – жөні: Бекмағанбетова Сауле Базарбаевна

Туған жылы: 09.04.1973 жылы

Білмі жоғары

Бітірген орны: 1994- 1997 жылы Рудный педогогикалық колледж

2000-2003 жылы Қостанай әлеуметтік  академиясы

Жұмыс орны: Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі. Қостанай облысы.Жангелдин ауданы.

Жалпы еңбек өтілі- 20 жыл

АННОТАЦИЯ

Оқушы  «Ашамайға мінгізу дәстүрі»  тақырыбындағы жұмысында өз ойын  ойын жүйелі жеткізе білген. Жұмыстың тілі түсінікті. Оқылуы жеңіл.

Бұл жұмыстың тәрбие жұмысында мектеп оқушыларына тигізер пайдасы зор.

Жоспар:

 Кіріспе бөлім

 Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы бірер сөз

 Негізгі бөлім:

 Ашамайға мінгізу – қазақы ғұрыптардың бірі.

  1. Ашамайда айтылар бата-тілектер
  2. Ашамайға мінгізу – еңбекке баулудың басы
  3. Қазақтың тектілігі жылқымен де байланысты

 Қорытынды

 КІРІСПЕ

 

Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болады. Салт-дәстүр сол халықпен бірге жасасып, оның тарихында өшпес із қалдырады. Бірақ ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлеріміз де жоқ емес. Мәселен, қазақтың «ашамайға мінгізу» деп аталатын дәстүрі қазіргі таңда көп қолданыла бермейді. Және бұл дәстүр қазақы ауылдарда ғана сақталып келеді. Дәстүр-салтымыз санамызда мәңгілік жаңғырып тұруы үшін біз барлық дәстүрлер мен ғұрыптарды сақтауымыз керек.

Мен бүгінгі жобамда осы «ашамайға мінгізу» дәстүрін сөз етпекпін.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Маған ашамайға мінгізу дәстүрі ұнайды. Жоғарыда айтып өткенімдей, бұл дәстүрдің берері мол. Ғылыми жобаны жасау барысында біз «ашамайға мінгізу» дәстүрін бейнелеген көріністерді түсірдік. Үлкендерден осы дәстүр туралы сұрап-біліп, білімімізді толықтырдық. Қазақтың дархандығын, сұңғылалығын, бала тәрбиесіне айрықша мән беретіндігін айқын көрсететін ашамайға мінгізу дәстүрі жоғалмаса екен деп тілеймін.  

тұнығын, тазасын ішеді. Жылқы арқылы баланың әсемдікке құштарлық  сезімі оянады. Желмен жарысып шапқан кезде балада ақындық, шешендік, жыраулық сезімдер туады, шабыт қысады. Ат үстінде өскен бала ірі әрі мәрт болған. Өмірін ат үстінде өткізген біздің халықтың дені де сау, тіпті үнемі қозғалыста жүріп, қан тарқататындықтан біздің қазақ қан қысымы дегенді білмеген. Бір қызығы, мыңғырған малы бар бай баласының өзі атқа мініп, жылқы баққан. Байдың баласы бола тұра қой, сиыр бақпағанмен, жылқышыларға еріп жылқы қараған. Ат үстінде өскен қазақтың ер-азаматы биіктікті, кеңдікті бағалай білген. Көңілі өр болған, желдей ескен ақ көңіл жомарт болған. Осы қасиеттердің барлығы қазақтың қанына жылқының тектілігімен қоса келген.  Ашамайға мінген кіп-кішкентай баланың көңілінің өсіп, өзгелерден ерекшеленіп, өзгеше сезімге бөленетіні де сондықтан.

Ашамайға мінгізу – қазақы ғұрыптардың бірі.

 

Ашамайға мінгізу — қазақы ғұрыптардың бірі. Қазақ ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойған, соның ішінде алғаш рет жеке атқа мінгізу рәсімін өткізген. Бұл рәсімде откізілетін шараны «Ашамайға мінгізу» немесе «Ашамай тойы» деп атаған. Бұл бала үшін де, ата-ана туысқандары үшін де ерекше оқиға, үлкен қуанышқа саналатындықтан ауқаттылар той жасап, ат шаптырып, көкпар тартқызған.

Жас бала есі кіріп 4-5 жасқа келгенде оған бәсіре тай тарту етіледі. Егер балаға арналған бәсіре аты үйретіліп, мінуге жарап тұрса, онда баланы соған мінгізеді. Салтанатты түрде үйретілген бәсіре тайға ашамай ерттелінеді. Кейде бәсіре тай белгілі бір себептерге байланысты мінуге жарамаса, баланың өзімен шамалас жуас, жүрісі жайлы, әрі сыр-сымбаты жарасқан кұнан не дөнен таңдалады. Баланың ашамайға мінгізілуі оның өмірінде тіршіліктің жаңа кезеңі басталғандығын білдіреді. Баланың рәсіміне ауыл адамдары жиналып, бала мінген аттың жал-құйрығына, баланың шапанына және баскиіміне шоқтап үкі тағады. Бұл «үкінің қасиеті — жын-шайтаннан қағады» дегенді білдіреді. Баланы  атқа мінгізу құрметі шабандозжелтақым  жігіттерге  жүктеледі.  Баланы атқа мінгізіп, аяғын тепкішекке салады, белін айналдыра жұқа көрпешемен орап, қолтырмаш ағаштармен денесін ауыртпайтындай ғып тартып таңады.

Осы тұста:

Мықтап тарт ашамайдың қолтырмайын,
Жас бала жол үстінде болдырмасын,

— деген өлең түрінде ескертпе бата айтылады.

 

ҚАЗАҚТЫҢ ТЕКТІЛІГІ ЖЫЛҚЫМЕН ДЕ БАЙЛАНЫСТЫ

Бұрынырақта үлкендердің қадағалауымен, бақылауымен балалар арасында тайжарыс жиі өткізілген. Кез келген бала өз тайының бәрінен озып келетінін қалайды ғой, сол себепті тайды да соған бейімдеп баптаған. Ары қарай құнан жарыс, дөнен жарыстар болады. Бұл аралықта бала да есейеді, аты да балаға әбден үйренеді. Бала шабандоз болып өсуінің себебі де осында. Қазақтың кез келген баласының ат құлағында ойнайтыны бала жасынан атқұмар болғандығында жатыр. Кез келген қазақ баласы аударыспақ, теңге алу сияқты ұлттық ойындарға еш жүрексінбей қойып кеткен. Көкпар тартқан, қыз қууға шыққан, бәйгеге шапқан қазақ баласының қанында жылқыға тән мінез, сұлулыққа құштарлық, қазақы болмыс осылай қалыптасады. Жылқы — текті, қасиетті мал. Шөпті таңдап жейді, судың

 

 

лағын қарап, өз шаруасына араласа бастайды. Сол себепті де қазақтың баласы кішкентайынан мал танып өседі. Ол жауапкершілікке осы бастан үйренеді. Ерте есейеді, ақылы толысады, ой-санасы өседі, салмақты, байсалды мінез қалыптасады. Кішкентай қазақты жауынгер, шабандоз әрі ер-азамат етіп тәрбиелеудің басы — осы ашамайлы тайға мінгізуден басталады. Лездің арасында көшуге, ашамайын ерттей салуға қазақ баласы кез келген уақытта дайын болған. Демнің арасында киіз үй тігуге де қазақ баласы ерте машықтанған, яғни жинақылыққа, сақтыққа бейімделіп өскен.

 

 

 

 

Ашамайда айтылар                         бата-тілектер

Ат үстіндегі бала алақанын жайып, ауылдың батагөй ақсақалдарынан бата сұрайды. Ондайда ауыл ақсақалдары төмендегідей бата береді:

Ал, ақ тілек, ақ тілек,
Атқа тоқым сал білек,
Атқа да жақсы шаба біл,
Жасыңнан малды баға біл,
Өнеге, өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл,
Атқа міндің, ақжол болсын, —

немесе:

Асқар-асқар таудан өт,
Ағыны қатты судан өт.
Ит тұмсығы батпайтын,
Іргесі биік нудан өт.
Айдын-шалқар көлден өтіп,
Жеті қылым елден өт.
Құс қанатын талдырған,
Қу мекиен шөлден өт!
Жолсыз жерде жол баста,
Жаугерлік болса қол баста.
Сәйгүлігің сай болсын,
Тілегім осы әу баста

Әмин, аллаху әкпар!

Бұдан басқа да,

Бәсіре тайың пыраққа айналсын!

Мінген ашамайың таққа айналсын!

Айналаң толы қауым болсын!

Лайым жолың болсын!  — — деп бата беріледі. Тілек пен бата адамға рухани күш береді. Жақсы тілек естіп, бата алып өскен бала жақсылыққа құмар болады, естігенін ұмытпайды. «Пәлен атамның берген батасы», «түген  әжем маған осындай тілек айтқан» деп үнемі айтып жүретін болған.

бұрынғыдай ата-анасының алдында отырмайды, яғни енді бәсіресі, өзінің жекеменшік тайы бар. Ашамайға мінгізу баланы еңбекке баулудың алғашқы баспалдағы деуге болады. Олай дейтініміз, кез келген бала өзінің бәсіре тайын ендігі жерде өзі бағып-қағады. Оны уақытымен жемдеп, уақытымен суарып, жал-құйрығын, үстін тарап, күтімге алады. Бала тайының алдында жауапты екенін, сол тайдың иесі өзі екенін сезініп өседі. Ендігі жерде тайдың күтіміне өзі жауап береді. Сонымен қатар ол бір ғана бәсіре тайды бағып-қағудың айналасында қаншама жаңа сөздерді үйренеді. Бұрын сөздік қорында болмаған жылқыға қатысты қаншама сөз баланың санасына сіңеді. Айталық, терлік, тоқым, үзеңгі, айыл, ер-тоқым, жүген, ауыздық, шідер, құрық, тағы да басқа… Ол бұл атауларды үйреніп қана қоймайды, қалай қолданылуын да меңгереді. Бірте-бірте бала тайына мініп, өз үйінің қозы-

сыйланады. Бұл да — қазақтың өзінің салты. Көшпенді халық болғандықтан әркімнің өзінің жеке ер-тұрманы болған. Өйткені аттың табылуы оңай болғанымен ер табу қиын. Сол себепті де тайына мініп келген балаға барынша тек ер-тұрман жабдықтарын сыйлаған. Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазақ баласының атқа мінуі таңсық емес. Сөйте тұра «жайдағыңнан жаяу артық» деп жайдақ атқа мінуді қош көрмеген. Ауыл арасында апыл-ғұпыл асығыста мал қайыруға болмаса, былайынша жайдақ атқа мінгенді қазақтың баласы намыс санап өскен. Сол себепті де әр азамат алдымен ер-тұрманын сайлаған.  Үлкендер жағы «міне, сен ат жалын тартып мінер жігіт болдың» деп бұдан кейін өзінің жеке тайы бар екенін балаға ұғындырып өсірген. Ашамайға мінудің ерекшелігі — ендігі жерде баланың өзінің ер-тұрманы, өзінің басыбайлы тайы болғандығында. Көшіп-қонған кезде де

Бата берілген соң, баланың қолына аттың тізгінін, оң қолына қамшы ұстатады, аналар шашу шашып, тілектер айтады. Баланы атқа мінгізген жігіт атты ерттеп, көрші-колаң, ауылды аралатады. Есігінің алдына ашамайға мінгізу рәсімін өткізген бала келген үйдің бәрі шашу шашып, баланың киіміне үкі, шашақ, теңге, моншақ қадайды. Бала шаршады-ау деген кезде үсті-басы әлем-жәлемге, әшекейге толып ауылға қайтып оралады. Сол күні мал сойылып, ат шаптырылып, той жасалады. Ашамайға баланы мінгізіп, аттың басын жетектеген жігітке, бата берген ақсақалға әке-шешесі сыйлық береді. Бірте-бірте атпен баланың өзі жүреді, бір-екі күннен соң аяғын байламайды, сонымен бір жеті ішінде ашамайды тастап ерге отырады. Байлар ашамайға мінген балаларын көштің алдынан салтанатпен жүргізетін болған.

АШАМАЙҒА МІНГІЗУ — ЕҢБЕККЕ БАУЛУДЫҢ БАСЫ

Қазақта «Балаң ат жалын тартып мінді» деген сөзді жиі естиміз. «Ашамайға мінетін жасқа келіпті» деп жатамыз. Көшпенді халықтың баласы онсыз да ес білгеннен атқа мініп өседі. Ал баланы ашамайға мінгізуде не мән бар? Бала өміріндегі қуанышты әрі атаулы күндерінің бірі — ашамайлы тайға міну. Әрине, қазақ баласы үшін атқа міну таңсық емес. Қазақ баласы             2-3 жасынан бастап-ақ атқа мінген, әке-шешесінің алдында отыратын болған. Өйткені халықтың тұрмыс-тіршілігіне байланысты көшіп-қонуы, жолаушы жүруі немесе екінші ауылға қонаққа баруы дегендей, бала үлкендердің алдына отырып атқа мінген. Қазақтың кез келген баласы кішкентайынан атқа үйірсек болып өседі. Жылап жатқан балаға «атқа мінгізем» дегенде жылауын қоятыны да біраз жайды аңғартады. Баланың

өзіне арналған бәсіреге ата-анасы арнайы ашамай жасатады. Ашамай дегеніміз — екі жаны Х әрпі сияқты болып жасалатын балаға арналған айшықты ер. Баланың аяғы қысқа болғандықтан, ашамайға үзеңгі салынбайды. Жабағы жүннен жасалатын терлікті де, оның үстінен салынатын тоқымды да баланікі болғандықтан көз тартатындай әдемілеп, жиектерін шашақтап, кестелеп, сәнді етіп жасайтын болған. Ашамайдың үстіндегі аткөрпе де балаға лайықталып тігілген. Осының үстінен тепкішек салынады. Тепкішекті («аяққап» деп те атайды) киізден жасалады. Сыртынан қатипа, шұға сияқты маталармен қаптап, ою-өрнек салады әрі балаға арналғандықтан айналасын шашақтап қоятын болған. Тепкішек қоржынға ұқсайды, бала атқа мінген кезде екі аяғын тепкішекке салады.

Ашамайға мінген балаға  міндетті түрде ерге қажет ат әбзелдерін тарту етеді, қамшы

 

 

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы  «Жангелдин ауданының білім беру бөлімі Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-сі

 

 

 

 

 

Жоба тақырыбы:

«Ашамайға мінгізу дәстүрінің

 тәрбиелік мәні»

Жобаны жасаған:

Қуанышқызы Қарақат

4 «а» сынып оқушысы

Жұмыстың бағыты: гуманитарлық                            Секциясы:  ана тілі, этнопедагогика

Жетекшісі:  Бекмағанбетова Сәуле Базарбайқызы

Торғай селосы, 2016 жыл

 

 

 

Материалдың презентациясын көру

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *