Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Алғабас шағын орталықты орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жапарқұлова Ақбота
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз л мен р (119-123 жаттығулар.)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дауыссыз л мен р әріптерінің айтылуы мен жазылуы туралы түсінік беру, жаттығулар орындай отырып, сауаттылыққа үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын ой өрісін дамыту.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, сауатты оқуға , көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру, топтастыру
Көрнекілігі: плакат, үлестірмелі өағаз
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп сабаққа назар аудару
- Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген 118 – жаттығуды тексеріп оқытамын
ІІІ. Өткен материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі :
Семантикалық карта
сұрақ
жауап |
Құла…ы | Ла…тар | Есі…і | Көрі….. | Саба….ы
|
қ | |||||
ғ | |||||
к | |||||
г |
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Оқушыларға дауыссыз л мен р әріптерінің айтылуы мен жазылуы туралы түсінік беру, жаттығулар орындай отырып, сауаттылыққа үйрету.
Ү. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі :
Балалар бүгін біз Дауыссыз л мен р тақырыбымен танысамыз
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді — ? Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді.
Атап беріңдерші — ? Қатаң, ұяң, үнді.
— Қатаң дауыссыздар ( қ, к, п, ф, с, т,х,ч, ц, ш, щ, һ;)
— Ұяң дауыссыздар ( б, в, г, ғ, д, ж, з;)
— Үнді дауыссыздар ( р, л, м, н, ң, й, у)
Л мен Р әріптері дауыссыз дыбыстардың қандай түріне жатады екен?
Үнді дауыссыздарға жатады
Оқулықпен жұмыс
. Ережені хормен оқу.
Сөз басындадағы л, р әріптерінің алдынан ы, і естілгенімен, олар жазылмайды: лақ, лауазым, рет, рас
119- жаттығу Сөздерді көшіріп жазу.
120- жаттығу. Мақалды жатқа жазу. Сөз басындағы л , р әріптерінің астын сыз.
Еңбек түбі — рахат
Ағайынның алтын сарайынан
Ананың жыртық лашығы артық
ҮІ. Түсінгендерін тексеру кезеңі:
121-жаттығу. Л дыбысынан басталатын сөздерді бір бөлек,
Р дыбысынан басталатын сөздерді бір бөлек топтастырып жаз.Бұл сөздердің жазылуын есте сақта.
р |
Л |
лақ лай рет ренжу
лайық лақтыру рұқсат рас
122-жаттығу Екі бағандағы сөздерді салыстыр. ауызша
Лашын , лауазым, лебіз Іле, ілгіш, ілесу, ірі
Рақмет, рақат, рең, рақым ірімшік, ылди, ылғал
ҮІІ. Сабақты бекіту.
- Бүгін не өттік?
Л , Р дыбысына сөздер ойлап айту,
Риза, разы, раушан, райхан, лақ, лас, лақтыру, лаждау. |
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Ереже жаттау 123-жаттығу. Ребусты шешу
Бағалау.