Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Сын есімнің түрлері

Сын есімнің түрлері

Ерейментау ауданы
Еркіншілік орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Салкынбаева Айгерим Ануарбековна
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің түрлері

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік – оқушыларға сын есімнің жасалу жолдарын түсіндіру;

 Дамытушылық- тапқырлық, ізденімпаздық, алған білімдерін пайдалана білу, қабілетін арттыру;

 Тәрбиелік – сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу, білім алуға, оқуға деген құштарлық сезімнің артуына ықпал ету.

 

Түрі: аралас сабақ

 

Әдіс – тәсілдері: топтастыру, ойын тест, сұрақ жауап.

 

Көрнекілігі: таблица

 

Пәнаралық байланыс: әдебиет , орыс тілі

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын  сұрау.

Өткен сабақты пысықтау үшін зымыран сұрақтар:

  1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
  2. Зат есім дегеніміз ? Сұрақтары
  3. Зат есімнің түрлері
  4. Сын есім дегеніміз не? Сұрақтары

Жаңа сабақты түсіндіру.

Топтастыруға қарайық :

Негізгі                                                       Туынды

Дара                        сын есім                    Күрделі

Қатыстық                                                  Сапалық

( Оқулықтың 64,65,66 –беттеріндегі мәліметтер ұғындырылады)

Құрамы жағынан сын есімдер: дара және кұрделі

 

Құрамы жағынан бір ғана түбірден болса – дара сын есім, екі немесе одан да көп түбірден болса – күрделі сын есім болып саналады.

Мысалы: Балалы – шағалы,ұзын- қысқа, биік- биік

132- жаттығу ауызша, 33 жіне 134 жаттығу жазбаша орындалады.

Сергіту сәті

Бір сөзбен айтқанда қандай адам?

  1. Қиыстырып , тауып сөйлейтін адам қандай?
  2. Айтқанға сенетін, еш нәрсені байқамайтын…..
  3. Тез ашуланатын адам…..
  4. Көрінгенге соқтыға беретін адам….
  5. Бойы ұзын адам….
  6. Ертең орындамай , кейін жазамын дейтін….
  7. Көп білетін адам

 

 

 

 

Тест сұрақтары

1 Сын есім :

А) заттың санын білдіреді Ә) заттың атын білдіреді Б) заттың сапасын білдіреді

 

  1. Сын есімнің сұрақтары:

А) не істеді? Ә) қандай? Б) қанша ? неше?

 

  1. Туынды сын есімді тап:

А) жылтыр Ә) тәртіпті Б) биік

 

  1. Негізгі сын есімді тап:

А) таза Ә) әлсіз Б) кешкі

 

5 Дара сын есімді тап:

А) тап- таза Ә) ақ Б) өте жақсы

 

Үйге тапсырма:   137.139 — жаттығулар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *