ШҚО
Семей қаласы
«№ 42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Башбаева Бұлбұл Беделханқызы
Тақырыбы: «Ұстаз аты биік әрі мәңгілік» мерекелік концерт
1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар!
2- жүргізуші:Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған Ұлағатты ұстаздар.
3- жүргізуші: Бүгінгі «Ұстаз аты биік әрі мәңгілік» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер!
4-жүргізуші:Мерекелеріңіз құтты болсын!
1- жүргізуші:
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
2- жүргізуші:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!
3-жүргізуші
Мұғалімдік -ең құрметті мамандық
Жас ұрпақты өсіретін адам ғып.
Ұстаздардан азаматқа таралған,
Мол мейірім, ізгілік пен адалдық.
4- жүргізуші:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген,
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген
Айтыңдаршы, адам бар ма өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген.
Жандары ізгілік қасиетке толы , жаны жайсаң, қымбатты ұстаздар, мерекелеріңіз тағы да,құтты болсын.
1-жүргізуші:Ұстаз – әке, шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды. Ұстаз – ана, ол шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, тұрмыс тіршілігін, қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды.
2-жүргізуші:Ұстаз – жолдас. Ол әрқашан да шәкірттерімен бірге көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді. Ұстаз – дос, ол шәкіртіне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды.
3- жүргізуші: Ұстаз! Ұстаздық ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет-қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті патша да, бай да, батыр да атқара алмайды.
4- жүргізуші: Бүгінгі көрсетілер құрметіміз, айтар тілегіміз, шырқалар әніміз де тек өздеріңізге арналады ардақты да, аяулы ұстаздарымыз!
Канапова Шынасылдың орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
4-жүргізуші:
Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,
Жана берсін бақ артып бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан-дей келе құттықтау сөзді мектебіміздің басшысы
Мәсәлімова Нәзигул Ешенғазықызына береміз.
1-жүргізуші:
Байсалды мінезіңмен бір қалыпты
Менің де көкейіме із қалыпты.
Ұстатып қағаз, қалам қолыма өзің,
Ерінбей үйретіп ең әр әріпті
2— жүргізуші
Бірге өсіп, ел жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
Жұлдыз бен Назымның орындауында «Көңілді асаба» биін тамашалаңыздар.
3— жүргізуші:
Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,
Таласып алушы едік біздер жаттап.
Өзіңіз баға қойған күнделікті
Жоғалтпай әлі күнге келем сақтап – деп Жұбан Молдағалиев ағамыз өте керемет өлең жолдарын арнаған.
Ал енді біз ұстаздарымызбен бірге біраз бой сергітіп, ойын ойнамадық па?!
Ойын (слайдта көрсетілген ұстазды табу)
4 — жүргізуші:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.-дей келе сіздерді тағы да мерекелеріңізбен құттықтауға мектебіміздің түлегі, Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледжінің студенті Абсалямов Манат ән-шашуымен келіп отыр.
Музыка колледжі студенттерінің ән шашуы.
1- жүргізуші: Достар сендер білесіңдер ме? Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы немесе еден сыпырушы болуды армандамайды.Өйткені:
-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 20-30 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? (хормен ия)Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, — дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отыратын сот емес пе? (хормен и
2-жүргізуші:
— Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды.Әртіс демей көр кәне.Көпшілік көрініске де өзі қатысады. (хормен ия)
3-жүргізуші:
-Бір тыным жоқ.Кабинет тазалығы да өз мойнында.Демек, майлаушы да,сылаушы да,безендіруші де өзі. (хормен ия)
4-жүргізуші:
— Соңғы кездері бухгалтер мен кассир де өздері.
Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде.Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруға болады.
Енді ұстаздарымызды аукционға шақырайық.
Ойын (Аукцион)
1-жүргізуші:
О, ұстаздар, басымды ием сіздерге,
Бүгінгідей мұғалімдер күнінде
Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз,
Жетсе деймін ұстазымның жүрегінің түбіне.
Барлық мектеп оқушыларының атынан ұстаздарымызды мерекесімен құттықтау үшін сөз мектептің өзін-өзі басқару ұйымының төрайымы Бақытбекова Гүлсаяға беріледі.
2-жүргізуші:
Хан бол, мейлі қара бол,
Дарын бол, мейлі дара бол
Өтетін бәрі алдыңнан
Ұстаздар бейне сара жол.
11 сынып оқушылары Қуаныш пен Абайдың орындауында «Адай» күйі қабыл алыңыздар.
Қуаныш пен Абайдың күйі.
3-жүргізуші:Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.
4-жүргізуші:Аяулы ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын.Жаңа оқу жылы Сіздердің отбасыларыңызға Ырыс, Дәулет, Бақыт, Табыс әкелсін!
1-жүргізуші:Сіздерге мықты денсаулық пен баянды бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!Әр дайым ел игілігі үшін еңбек етіп, егемен еліміздің ертеңі болатыны, өрелі өрендерді өсіріп, тәрбиелеп, ұяларыңыздан ұшыра беріңіздер!
2-жүргізуші:Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!