Ардак Сулейманкулова
Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!» (жаңа жылдық мереке)
1-жүргізуші: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған, мұнда біз бар!
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер
Тыңдамағандар тыңдаңыздар
Жаңа жыл тойы басталды.
Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
І –ЖүргізушіАр,халайық тұрмайық,
Әндетейік,жырлайық.
Ортамызды ашайық,
Думандатып би-билеп,
Інжу-маржан шашайық»- деп ортаға жаңа жылдық шыршаға келген оқушыларымызды қарсы алайық.
Би: «Шөжелерім»даярлық сынып оқушылары,би аяқталғанда 1сынып шығып артына тұрады.
Балаалр есік тақылдатып жатыр,қонақтар келді ғой деймін.Қонақтар кіреді.
1-оқушы:Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып,
Келеді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Келеді Аяз атамыз,
Қасында Ақшақары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы алайық баршамыз.
2-Жүргізуші:-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
1-жүргізуші:
Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
2-Жүргізуші:Ал енді, құрметті халайық! Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы әрі сәні Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алайық! Қанекей бәріміз бірге Аяз ата Ақшақар деп шақырайық..
Аяз ата,Ақша қар²
Сол кезде ертегі кейіпкерлері кіреді.
Ән:»Аяз ата»
І Жүргізуші:
Қош келдіңіз Аяз ата!
Амансыз ба, Ақшақар!
Аяз ата
Амансыңдар ма, ұлдарым
Амансыңдар ма, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем билерің!
Асулармен алыстым! 1
Асау желмен жарыстым
Шыршамызға асығып,
Өздеріңмен табыстым.
Ақшақар: Армысыздар, оқушылар, ата-аналар, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын. Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын!
І- Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар алыс жолдан шаршап келдіңіз, енді отырып демалыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз.
ІІ- Жүргізуші: Ал халайық, халайық,
Ескі жылдай ата бар
Оны ортаға алайық,
Қош айтысып қалайық.
(Музыка ойнап ескі жыл келеді)
Ескі жыл:
Ескі жылың есіркеп
Жаңа жылың жарылқап,
Еліңде болсын тыныштық
Бейбіт күнің жарқырап
Қоштасамын бүгін мен
Сіздерді қимас көңілмен
Келер жылқы жылында
Дән көп болсын қоймада
Тыныштық пен бейбіт күн
Болсын деп тілеп әманда,
Қоштасып қол бұлғаймын.
Қош сау болыңдар!
Жыл келді шапқылап,
Қанеки, қарсы алайық жақсылап!
(Жаңа жыл келеді )
Барлығы: Қош келдің Жаңа жыл.²
Жаңа жыл: Рахмет, балалар! Мені бөтенсімей шын ықыласпен қарсы алғандарыңызға рахмет!
Жақсылыққа бағытталған
Қоймын мен жаңа жыл
Жаңа жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл
Жылқы жылының мерекесін
Берекеге жалғаймын
Елде, жерде, табиғатта
Бейбіт жолды қолдаймын.
І Жүргізуші: Ал енді Ескі жылды шығарып салайық
Барлығы: Қош бол, Ескі жыл , Қош бол! ²
І Жүргізуші: Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарылмасын
Аяз ата бүгінгі келген күндей
Жүздеріңнен қуаныш арылмасын! деп әнге кезек береміз.
«Той бастар». Орындайтындар:қыздар тобы
2-оқушы:Тамаша,тамаша,
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
3—оқушы.Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне,сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
5-оқушы:Кел,балалар келіңдер!
Тамашаны көріңдер,
Қала да нұр,дала да нұр,
Құтты болсын Жаңа Жыл!
Музыка ырғағымен ойланып залға Хан кіреді. Шыршаның алдындағы көрпешеге жайғасып алып)
Хан:-Уәзір, Уәзір, Бүлдірген! Қайдасың ?!
Жеті қат жер астына түсіп кетті ме ?!
Уәзір: Мен мұндамын , тақсыр, келдім!
Хан: (балаларды енді көргендей соларға қарап) Мынау кімдер? Бұлар неге менің патша сарайымда отыр? Мен неге білмеймін? Тез айтыңдар кімсіңдер?
Уәзір: Сендер кімсіңдер? Кім шақырды сендерді?
1-Жүргізуші:Біз 1мен даярлық сыныбының оқушыларымыз. Жаңа жылды патша сарайында қарсы алуға келдік.
Хан: Қандай жаңа жыл! Мен неге білмеймін? Ол не? Не істейді онда? (1 бала шығады)
1-оқушы: : Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша
Аппақ атамыз.
Билейміз де ойнаймыз,
Балғын ұл-қыздармыз
Жаңа жылдай жайнаймыз
Жарқын жұлдыздар
Хан: О,о,Кәне менде сендермен
Тұрайыншы шеңберге
Уәзір: Көңілді әнді бастайық
Биді билеп тастайық
Би: «Қыздар-ай»ұлдар тобы
2-Жүргізуші: Балалар әлдебір дыбыс естіледі сырттан, жүгіріп келе жаткан аяқ дыбыстары естіле ме қалай өзі?
Алдар көсе:
Мен Алдармын, Алдармын
Шайтанды да алдармын
Алдау деген түк емес,
Мыстанды да алдаймын
Еее… Ту сонау мектепте болайын деп жатқан Жаңа жыл мерекесіне қалай жетсем болады екен әә? Мыстанның алдап сыпыртқысын алып қашу керек. Оны қалай алдасам екен а…..?
(Осы кезде Мыстан сыпырғышымен ұшып келеді)
О, Өзі де келді бәрекелді!
Мыстан : Сенсің бе, Алдар?
( Алдар екі қолын қосып ішіне қарап тұрады)
Алдар: Мыстан кемпір мазалама мені
Мыстан: Не болды? Не істеп тұрсың?
Алдар: О, Мына тесіктен сонау мектепте болып жатқан Жаңа жыл мерекесін көріп тұрмын
Мыстан: Ей, Алдеке мені Жаңа жылға ешкім шақырған жоқ, берші маған мен де көрейін!
Алдар: Жарайды көрсең көрші Мә қоймадың ғой…….
(Алдар қолындағы бұйымын Мыстанға беріп оның сыпырғышына мініп қашып кетеді)
Мыстан: Ей, Алдар көсеее. Мені алдап кеттің ау! Мен саған көрсетемін (Ашуланып кетіп қалады)
(Алдар көсе сыпырғышымен ұшып келеді)
Алдар: Мен Алдармын алдармын
Шайтанды да алдадым
Алдау деген түк емес
Мыстанды да алдадым
І – жүргізуші:Алдеке қош келдіңіз! Кімді алдадым дейсіз?
Алдар көсе:Оу, мыстанның өзін алдап, сыпырғышын алып ұшып келдім. А. Айтпақшы мыстан әжей өте ашулы «Жаңа жыл шыршасына ешкім шақырмады» дей ме білмеймін әйтеуір қаһары қатты…
І – жүргізуші:Сіз мыстанды алдап ашуландырыпсыз. Оның кесірі бізге тимейме?
Алдар:Ол жағын білмеймін Мен өзім Жаңа жыл мерекесін тамашалауға келдім. Бастайық!
ІІ – жүргізуші:
Бастасақ бастайық!
Мыстан кемпір:— Тоқтат, тоқтатыңдар, думанды,
Қара мына қызықты
Мені кімдер ұмытты?
Ха-ха-ха! Бәрін шақырған. Көңіл көтермекші бұлар. Біз ше? Мені ұмыттыңдар ма . Тоқтатыңдар шуды. Мені алдап соққан Алдар қайда? Қайда тығылды екен…..
Алдар көсе:Мыстан апа ашуланбаңыз Жаңа жылды бізбен бірге қарсы алыңыз!
Мыстан апа: Өтінемін балалар, мен сендермен қалып Жаңа жылды тойлағым келеді, өтінемін, мен сендермен қалайыншы. Мен сендерге күшті ойын ойнатам. Сендерге күшті би билеп берем, мен қалайыншы сендермен.
1-Жүргізуші: Ал, қанеки достар келісеміз бе?
Балалар: Ия, келісеміз!
Ән: «Шаңғышылар»орындайтын 0сынып
1-Жүргізуші: Қане достар! Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға саламыз деп келіскенбіз! Олай болса, Жаңа жылдық жыр шашу!
1-оқушы:Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой
Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл
Қарсы аламыз біз сені
2-оқушы:Қош келдіңіз , бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге
3-оқушы:Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,
Құт –береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.
4-оқушы:
Ей, Жаңа Жыл! Жаңа бақыт, ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың.
Қуанышпен келді той боп Жаңа Жыл
Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым !
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
5-оқушы.:Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Қой жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын
Би: «Айгөлек»қыздар тобы
1-Жүргізуші: Қане достар! Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға саламыз деп келіскенбіз! Олай болса, Жаңа жылдық жыр шашу!
1-оқушы:Келді, міне , сағындырып далама (Біржан)
Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып
2-оқушы:Кәне, кәне келіңіздер
Бір би салып беріңіздер!
Маскарадым басталды,
Би билеңдер, ән салып
Мейрамдаңдар , сайрандаңдар
Жаңа жылды қарсы алып
3-оқушы:Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып, береке бер халқымызға
Мерейін , мәртебесін биікке асыр
Ән:Аяз ата»орындайтын 1сынып
Би: «BARA-BARA”ҰЛДАР ТОБЫ
1-оқушы: Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
2-оқушы: Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.
3-оқушы: Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз.
4-оқушы:Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын !
5-оқушы:Басталарда жаңа әлем;
Құйылады жаңа нұр:
Жүрекке арман бөлеген;
Қош келіпсің Жаңа жыл!
6-оқушы:Қыс қызығын көреміз;
Сары аязда шыңдалып:
Шымыр болар денеміз,
Жылда осылай келеді,
Көп қуаныш береді;
Шашу етіп біздерге ,
Ақ күмісін төгедІ.
Ән: «Ата-ананы тыңдаймыз»1сынып
Би:» «Көңілді күн»қыздар тобы
2-жүргізуші: Жайраңдап жаңа жыл келді,
Бар аймақ жаздай түрленді.
Қуаныш май гүліндей төрге сыймай,
Көңілдер жас үмітпен гүлденеді.
Алдарыңызда -сынып оқушылары би.
1-жүргізуші: Жыл бойы бақыт бақша жаз гүлденсін,
Жемісі қуаныштың үзілмесін.
Сүйсініп ерлігіне азаматтың,
Сүйікті ұлым десін, қауым десін.
Бірге: Асыға күткен Жаңа жыл,
Кел, Жаңа жыл,Жаңа жыл!
Жаңа заман, жаңа ойлар
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Жүргізушілер: Осымен Жаңа жыл мерекесі аяқталды. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз.
Ән: Жаңа жыл