Қостанай облысы, Қостанай қаласы, №17 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Файзуллина Жадыра Талғатбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Б дыбысы мен әрпін меңгерту. Оның сөз басында және ортасында ғана келетінін, ал сөздің соңында келмейтінін мысалдар арқылы ұғындыру.
2. Б дыбысына қатысты сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату. Б дыбысын көркем жазуға дағдыландыру.
3. Оқушыларды табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, үлестірмелі таратпалар.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, олардың сабаққа даярлығын тексеру. Оқушылардың міндеттерін және ережелерді еске түсіру.
Нұрға бөлену. Баяу әуен ойнап тұрады. Оқушылар көздерін жұмып отырады да әуеннің ырғағымен өзін елестету.
. Мұғалім: « Бірде біз сыныппен орманға саяхатқа шықтық. Келе жатқанда алымыздан қоянға жолықтық, ол бізден қорқып қашып кетті. Оны қуалай жөнелдік. Жеткізбеді, бірақ біз жүгіріп сергіп қалдық. Одан әрі жүре бердік. Алдымыздан қасқыр шықты. Біз көп болғандықтан ол да қорқып қашып кетті.Біз одан да көз жазып қалдық. Содан ары жүргенде аюға жолықтық. Енді біз одан қорқып қаштық. Әрең дегенде құтылдық.Сөйтіп келе жатып түлкіні көрдік, ол бізді байқамады. Орманда бір нәрсе іздеп жүрді. Саяхатымыз өте қызықты болды. Біз мектепке оралдық.» (Оқушылар көздерін ашады).
-Балалар, біз қайда бардық? (Орманға)
-Біз жолықтырған аңдарды атаңдар. (Қоян, қасқыр, аю, түлкі)
-Олар қай ертегінің кейіпкерлері деп ойлайсыңдар? (Бауырсақ)
-Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз осы «Бауырсақ» ертегісінің желісімен саяхаттау болып
табылады.
-«Бауырсақ» сөзі қандай дыбыстан басталады? (Б)
-Ендеше біздің бүгін өтетініміз Б әрпі мен дыбысы болмақ.
Алдымен өткенді қайталап алайық.
ІІ. Өткенді қайталау.2-ші слайд.
Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.
Бауырсақ терезе алдында отырып зерігіп кетеді де, секіріп түсіп жолмен орман ішіне қарай домалай жөнеледі.
-Балалар біз оған қамқоршы болуымыз керек . Қане орманға бірге барайық.Орманға жету үшін тапсырмалар орындауымыз керек.
— Өткен сабақтарда қандай әріптермен таныстық? (Оқушылар барлық әріптерді атап, қандай дыбыс екенін айтады)
— Оқулықтан «М» әрпі мен дыбысына байланысты мәтіндерді тізбектей оқиды.
— Балалар, сендер өткен әріптерді атап әрі мәтіндерді оқи отырып орманға да жетіппіз. Анау жолда бауырсақ домалап барады. Оны аңдар ұстап алмай тұрып жетіп алайық.
ІІІ. Жаңа сабақ. 3-ші слайд.
-Ол үшін «Бауырсақ» сөзіндегі алғашқы дыбысты атаңдар. (Б)
— Б дыбысы (баспа , жазба түрлерімен таныстыру).
— Б – Б – Б (бірге айтқызу)
— Б – қандай дыбыс?
— Б – әндетілмейді, созлмайды, кедергіге ұшырайды(б әрпі көк түсті).
— «Бауырсақ» дыбыстық талдау жасату.
4-ші слайд. (Қояннан құтқару)
-Бауырсақты қоян өткізбей тұр екен. Оны құтқарайық.
Қоянның тапсырмасы :-Маған ән салып, билеп беріңдерші.
Сергіту сәті: Сұр қоян. Бұл б дыбысы естілген жалғыз сөзді табу. ( сыбдырды)
Жаттығу кезінде қандай қимыл жасадыңдар? (Би биледік)
5-ші слайд. (Қасқырдан құтқару)Қасқырдың тапсырмасы.
«Кім тапқыр» ойыны.Сызбамен байланыстыру. (Жұппен орындау)
Жануар бәйшешек
Адамның аты бағдаршам
Өсімдік бота
Зат банан
Жеміс – жидек бор
Оқу құралы Болат
-Екінші бағандағы сөздер мен бірінші бағандағы сөздердің айырмашылығы неде? ( Б әрпінен басталып жазылған) Тексеру.
6-шы слайд. (Аюдан құтқару)
Балалар , біз орманға барғанда аюдан әрең қашып құтылып едік, тағы жолықтық. Бірақ мейірімді, қайырымды жандар өзінен кішіні құтқару үшін ешкімнен қорықпайды. Тек оның тапсырмасын орындайық. Бауырсақты аюдан құтқарайық.
-. Қане, бауырсаққа тезірек көмектесейік. Ол үшін кітабымызды ашамыз.
IV. Оқулықпен жұмыс. (61-62 б)
- Хормен оқыту. Берілген сызба арқылы сөздерді оқытып, жаттықтыру.
Ба ла ба та бор Бо та
Ба ба бо та бал Бо лат
Бала балақан балапан ботақан
-Болат, ба-ла-пан-дар-ға қара.
2.Суретпен жұмыс. «Бау-бақшада» «Жеміс пен көкөніс жинау?» ойыны. (Бау -бақша өнімдерін жинау арқылы әңгіме құрау, сөйлемдегі сөз санын табу.)
— Міне, аюдың тапсырмасын орындап, бауырсақты құтқарып алдық әрі ойнап сергіп алдық.
VІ. Дәптермен жұмыс. (Түлкіден құтқару)
— б дыбысының кіші әрпі мен б әрпі бар сөздерді жазуға жаттықтыру. Суреттер тұсындағы алғашқы буындарын жалғастырып, сөздер құрастырып жазу.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау. «Кім шапшаң?» ойыны. 3 – топ жарысады.
- топ: б дыбысынан басталатын сөздерді жазады.
- топ: б дыбысы ортасында келетін сөздерді жазады.
- топ: б дыбысы сөздің басында және ортасында келетін сөздерді жазады.
-Қандай әріппен таныстық?
-Б қандай дыбыс? Ол сөздің қай жерінде кездеседі?
-Сабақ ұнады ма?
ҮІІІ. Мадақтау.